Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.10

түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;

6.2.2.11

алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге келтіру;

6.2.2.12

теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.13

теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шығарады;
  • теңсіздікті бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріне келтіреді;
  • теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндейді;
  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазады.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шығара алады;
  • теңсіздікті бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік түріне келтіре алады;
  • теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндей алады;
  • теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жаза алады.

 Тілдік

 мақсаттар

Оқушылар:

  • бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- теңсіздік;

- қатаң теңсіздік;

- қатаң емес теңсіздік;

- теңсіздіктерді шешу;

- сызықтық теңсіздік.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • x>5 теңсіздігінің шешімі ... аралығы болып табылады;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де теріс санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгереді;
  • теңсіздіктің екі жақ бөлігін де оң санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгеріссіз қалады.

 Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

 Пәнаралық

 байланыстар

Бастапқы

білім

  • Шамаларды салыстыра алу; теңдеулерді шешу дағдылары; сандық түзумен жұмыс жасау дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды жинақтау, оқу құралдарын түгендеу.

Амандасу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Психологиялық ахуал

Керемет Тамаша

Орташа

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

  • Презентация

Сабақтың ортасы

4 - 8 мин

« Не білемін»

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік дегеніміз?
  • Теңсіздікті шешу дегеніміз не?
  • Мәндес теңсіздік дегеніміз не?
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу жолы?
  • а=0 және в˂0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай болады?
  • а=0 және в˃0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай?

«Кім жылдам»

№1. Теңсіздікті шешіңіздер :

а) 2х ≤ 10             д) у-4 ≥ 14

б) х+3 ≥ 7             е) −3у > −9

в) −4х < 8             ж) 13 < 8-х

г) -х < 5

Жауаптар:

х < 3    х ≤5    х ≥ 4    х > −2    х ≥ 18    х < −5    х > −5

№2. Координаттық түзуде көрсетілгенді аралық түрінде жазыңыз:

Сыныпты топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Топқа арналған ереже:

  • белсенді болу;
  • шыдамдылық таныту;
  • достық қарым-қатынаста болу;
  • бір-бірінің ойын сыйлау;
  • басқа адамды тыңдай білу;
  • барлығын бірге жасау;
  • ынтымақтастықта жұмыс жасау.
  • Презентация
  • Қосымша 1

Сабақтың ортасы

9 - 20 мин

Топтық жұмыс.

Теңсіздіктерді флипчартқа шығару және өзара тексеру ұсынылады:

№1.

  • 6у – ( у + 8 ) – 3( 2 – у )≤ 2;
  • 4( 2 – 3х ) – ( 5 – х ) > 11 – х.
  • 3 ( х – 4 ) – 7 ≤ 3 – 2( х + 6 ).
  • 2( 2х – 3 ) > 1 – 2( х + 5 ).
  • 6х ≥ 2( 1 – х ) – 3( х + 1 ).

№2. Екі қаланың арақашықтығы 300 км-ден кем болатын. Пойыз бір қаладан шығып, екінші қалаға қарай 3 сағат жүргенде екінші қалаға дейін 45км қашықтық қалды. Пойыздың жылдамдығын бағалаңыз.

№3. x-тің қандай мәндерінде өрнектің мәні теріс сан болады: 2x – 5; 1,4x – 7; 6 – x?

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Алматы: Атамұра, 2015.

Қосымша 2

  • – 28 мин

«Түртіп алу» стратегиясы

1. «Қатесін тап»

1)5у+9≤3-7у,   2)3х+1≤4х-5,   3)6-5у˃3у-2, 4)3-7у˃5у-3,

5у-7у≤3-9,       3х-4х≤-5+1,    5у-3у˃-2-6,      7у-5у˃-3-3,

-2у≤-6,              -х≤-4,              2у˃-8,          2у˃-6,

у3.                х≤4.                 у-4.               у˃-3.

2. Сәйкестендіру тесті:

р/с

Теңсіздік

Белгіленуі

1

5(х-2)≥2х-1

A. х≤2

2

7х-8≤5х+2

B. х˃7

3

4(х-3)≤х-6

C. х˂-2

4

3+2(х-1)˃8+х

D. х≤5

5

2х+5˂х+3

E. х≥7

6

3х+4≥2х+11

F. х≥3

Жауабы: 1-F,  2-D,  3-A,  4-B,  5-C,  6-E.

Қосымша 3

29 – 30 мин

Сергіту сәті.

«Мен таптым» әдісі

Оқушылар орындарында отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

31 – 37 мин

«Мен саған, сен маған» оқушылар өткен тақырыптары бойынша топтар бір-біріне өздері есептер құрастырып береді, ал қалған топтар соны шығарады, дұрыстығын сол топ мүшелері өздері тексеріп, бағалайды. Мысалы, бірінші топ екінші топқа, екінші топ үшінші топқа, ал үшінші топ бірінші топқа есептер береді немесе сұрақтар қояды. Әр топ өз еріктерінде.

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

№1040

Рефлексия. «Жетістік» баспалдағы.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

– Алматы: Атамұра, 2015.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау тапсырмалары топтық жұмыстарда беріледі. Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.

  • Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу