Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеу.

Мәндес теңдеулер.

Бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеулерді шешу

Оқу мақсаттары:

6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу;

6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;

Мәндес теңдеудің анықтамасын біледі;

Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;

- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.

Психологиялық ахуал

Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену,үғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірлік,тірек,адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

«Өрмекші шырмауынан шығып көр». 

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау.

1. Қандай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады?

2. Қандай теңдік теңбе-теңдік деп аталады?

3. Теңбе-тең түрендіру дегеніміз не?

4. Екі тура санды теңдік қалай қосылады?

5. Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі?

6. Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

7. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

8. Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атаймыз?

9. Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіледі?

«Кім жылдам?»

Жаңа сабақ

Теңдеудің түбірі – айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәнін атайды

Теңдеуді шешу дегеніміз – оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екендігін дәлелдеу

Анықтама:

ах=b (мұндағы х – айнымалы, а және b сандар) түрінде берілген теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

а саны айнымалының коэффиценті, b санын бос мүше деп атайды.

Анықтама:

Түбірлері бірдей немесе түбірі болмайтын теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады

Мысалы: 3(x+2)=0; және 3x+6=0 теңдеулерінің түбірі -2 тең.

Қасиеттер:

1-қасиет: Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

2-қасиет: Теңдеудің екі жағында да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде мәндес теңдеуге түрленеді

Мысалы: 0.8x+14=2-1.6x

0.8x+1.6x=2-14 (1-қасиет бойынша)

2.4x= -12

x = -12/2.4 (2-қасиет бойынша)

x = - 5

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу алгоритмі:

ах=b теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар:

Мысалы: 0.2x=6, x=30

2. Егер a=0; b≠0 болса, теңдеу 0х=b түріне келіп, х-тің ешкандай мәнінде теңдік тура болмайды. Мұндай жағдайда теңдеудің түбірі болмайды.

Мысал. 7х+3=7х+5, 7х-7х=5-3, 0∙ х=2. Теңдеудің түбірі болмайды.

3. Егер a=0; b=0 болса, теңдеу 0х=0 түріне келіп, х-тің кез-келген мәнінде теңдік тура болады. Мұндай жағдайда теңдеудің түбірі кез-келген сан болады, яғни түбірі шексіз көп.

Мысал. 2х+х-5=3х-5, 3х-3х=5-5, 0х=0.

Кез келген сан теңдеудің түбірі болады.

Сергіту сәті:

«Сәлемдесу» ойыны

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

«Күн шуағы» ойыны

Оқушылар алдын ала берілген кеспе қағаздар бойынша жаңа тақырыпқа байланысты есептер шығарады. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырады. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу.

Үйге тапсырма: №861 есеп.

Рефлексия:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу