Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып:

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу;

6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;
  • Мәндес теңдеудің анықтамасын біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.

 Бағалау

  критерийлері

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;
  • Мәндес теңдеудің анықтамасын біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • сызықты теңдеудің анықтамасын және түрін, санды теңдіктердің қасиеттерін, модуль анықтамасын біледі;
  • тепе-тең түрлендірулерді орындай отырып, теңдеулерді сызықты түрге келтіреді;
  • теңдеулердің қасиеттерін айта алады;
  • сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды;
  • теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • теңдеу;
  • теңдеудің түбірі;
  • теңдеудің сол жағы;
  • теңдеудің оң жағы;
  • тепе-тең түрлендіру;
  • сызықты теңдеу;
  • сызықты теңдеудің коэффициенттері;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • теңдеу деп – құрамында мәнін табу қажет болатын айнымалысы бар теңдікті айтамыз.
  • теңдеудің түбірі деп ...;
  • теңдеуді шешу дегеніміз - ...;
  • сызықты теңдеу деп ...;
  • егер теңдеудің екі жағына бірдей санды қоссақ, онда ...;
  • егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, онда ...;
  • «х ... болсын»;
  • ... екенін біле отырып, теңдеуді құрамыз және шығарамыз;
  • ... белгілі болса, онда ... теңдеуін құрамыз;
  • теңдеуді шешіп, есептің жауабы болып табылатын айнымалының мәнін табамыз.

 Құндылықтарды дарыту

- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;

- Өзгенің пікірін құрметтеу;

- Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;

 Пәнаралық

  байланыстар

Қазақ әдебиет

Бастапқы

білім

Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал:

«Сіздің көңіл күйіңіз қандай?»

Мақсаты: оқушылар көңіл күйін білу.

1а) Интерпритация

Қызыл-қуанышты көңіл күй,

Алқызыл-ұнамды көңіл күй,

Сары-жағымды көңіл күй,

Көк-суық көңіл күй,

Қоңыр-қиналған көңіл күй,

Күлгін-алаңдаушы көңіл күй,

Қара-күш қуаттың төмендеуі,

Ақ-анықталмаған көңіл күй.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

Презентация

Сабақтың ортасы

4 – 8 мин

  • Ауызша тапсырмалар
  • 1.Көп нүктенің орнына сандарды, ал жұлдызшаның орнына «+» ж»не «-» таңбаын қойыңдар.
  • а) (*5) + (*7) = 2; b) (*8) – (*8) = (*4) – 12;
  • c) (*9) + (*4) = -5; g) (-15) – (*…) = 0;
  • d) (*8) + (*…) = - 12; e) (*10) – (*…) = 12.
  • 2. Берілген теңдеуге мәндес теңдеу жазыңдар:
  • а) x – 7 = 5; b) 2x – 4 = 0;
  • c) x – 11 = x – 7; d) 2(x – 12) = 2x – 24.

Презентация

смайликтер

9 – 18 мин

Өз беттік жұмыс

https://www.yaklass.ru/p/algebra/7-klass/matematicheskii-iazyk-matematicheskaia-model-11008/lineinoe-uravnenie-s-odnoi-peremennoi-9113

Берілген ресурс бойынша есептерді орындау.

№1. Теңдеудің түбірін табыңдар: 7x=9.

№2. Теңдеудің түбірін табыңдар:  y=12.

№3. Теңдеудің түбірін табыңдар:  5(x+12)=0.

№4. Теңдеудің түбірін табыңдар: y= - 4.

№5. х – тің қандай мәнінде һрнегінің мәні нольге тең болады?

№6. Теңдеудің түбірін табыңдар: y+5,5=24,4

№7. -5 саны мына теңдеудің түбірі бола ма: y-5=0.

№8. 2 саны мына теңдеудің түбірі бола ма: 14−7y=0.

№9. Теңдеудің түбірін табыңдар: 3⋅y−3=−14+.

№10. Теңдеудің түбірін табыңдар: 13-0,1f=11.

№11. Теңдеудің түбірін табыңдар:  2,2−6+(0,23m)=11+2,2−0,27m.

№12. Теңдеудің түбірін табыңдар:  .

Ресурс бойынша

19 – 30 мин

Топтық жұмыс

Сынып оқушыларын түс (қызыл, жасыл, көк) бойынша 3 топқа бөлу. Топтарға ортақ тапсырма беріп, қай топтың тез есептеу қабілеттерінің жоғары екеніне жарыстыру.

Берілген теңдеулерді шеше отырып, белгісіз х, у – тің мәндерін тауып, координаталар жазықтығында салу. Салынған нүктелерді қосып, не шығатынын анықтау.

1. 3(х – 5) + 10 = 2(3 + х) – 14 (х; 1)

2.1,2(2х – 4) + 0,6 = 3х – 3,6(х; 1)

3. 16у – 4 = 12у + 8(–1; у)

4. 5(7 – 2х) + 13 = 9х + 48(х; 3)

5.4(3 – 7у) + 10 = –10у – 86(–1; у)

6. 6у – 72 = 4у – 56(0; у)

7. 5х + (13,4 – 2х) = 16,4х(х; 5)

8. 12 – (4х + 5) = 7 + х(х; 3)

9. 5(2х – 3) + 11 = 6х(х; 3)

10. –2(7 – у) + 13 = у(1; у)

11. 5 – 3(2х – 1) = 4х – 22(х; 1)

12. 1,2х – 7 = 6х – 16,6(х; 0)

13.2(1,2у + 5) – 1 = 2у + 6,6(2; у)

14. 1,7х + 0,9 = 2х(х; –7)

15. 9 – 2(х + 4) = 2х + 13(х; –7)

16. –4(2 + 3х) + 11 = –15х – 3(х; –6)

17. 5у + 12 = –3у + 12(–2; у)

18. 0,2(3у + 2) = 2,6у – 1,6(–3; у)

Презентация

Қосымша 2

31 – 32 мин

Сергіту сәті.

«Еден-төбе-мұрын» әдісі

Мұғалім сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

Презентация

33 – 37 мин

1 топ

№1. Теңдеуді шешіп, коэффициенті мен бос мүшесінің қасиеттерін айтыңдар. 2x – 5 = 2(x+0, 5)Жауабы: a = 0 b ≠ 0, теңдеудің шешімі жоқ.№2. Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.2(3x - 5)- 3(x - 5) = x6x + 10 - 3x – 15 = x6x - 3x – x = - 10+152x = 25x = 25: 2x = 12, 5.

2 топ

№1. Теңдеуді шешіп, коэффициенті мен бос мүшесінің қасиеттерін айтыңдар. 3, 5(2x – 1) = 3x – 3, 5Жауабы: a≠0 b=0, теңдеудің түбірі 0 - ге тең.№2. Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.8y -(5y - 4) = 228y+5y+4 = 228y+5y = 22+413y = 26y = 26: 13y = 2.

3 топ

№1. Теңдеуді шешіп, коэффициенті мен бос мүшесінің қасиеттерін айтыңдар. 4, 2(x – 1) = 0,2(x+4)Жауабы: a ≠ 0 b ≠ 0, теңдеудің түбірі b/a - ға тең.

№2. Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар. – 1, 5(- 4x - 6) = 19+x- 6x+9 = 19+x- 6x – x = 19 - 9- 5x = 10x = 10:(- 5)x = - 2.

Қосымша 3

Сабақтың

соңы

38 – 40 мин

Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма: Теңдеуді шешудің үш жағдайына есептер құрастыру.

Рефлесия:

«МЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚТА»

Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.

Сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

1. қызық

1. жұмыс істедім

1. материалды түсіндім.

2. қызықсыз

2.демалдым

2. білетінімнен де көп білдім.

3.енжарлық басым

3.басқаларға көмектестім.

3.түсінбедім

Қосымша 4

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау тапсырмалары жалпы сыныппен жұмыста және топтық жұмыстарда беріледі. Жалпы сыныппен, топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.

Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау.

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу