Мәтіндік есептерді шешу. Математика, 6 сынып, презентация.
Мәтіндік есептерді шешу
6.5.2.4 мәтіндік есептерді шешуде айнымалысы бар өрнектер мен формулаларды құрады;
6.2.1.10 теңдіктен бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектей алады;
Оқу мақсаттары:
есеп шартына сәйкес қажетті формуланы анықтай алады;
дайын сызбаға қарап сұрақтарға жауап таба алады;
құрған алгебралық өрнегін математикалық тілде оқи алады;
бір айнымалыны теңдіктен екіншісі арқылы өрнектей алады;
Бағалау критерийлері
Пәнге қатысты терминология
Өзара сыйластық
Басқаның ойын бөлмей тыңдау
Өз ойын сауатты, анық жеткізу
Топ ішінде бәсең дауыспен сөйлесу
Өзара ынтымақта болу, көмектесу
Сызбаларды мұқият құрастыру
Қарсы топты әділ бағалау
Топтық жұмыс ережелері
Суреттегі график бойынша автомобильдің дымқыл асфальттағы тежелу жолы мен қозғалыс жылдамдығы арасындағы тәуелділік кескінделген.
а) жылдамдығы 50 км/сағ болса автомобильдің тежелу жолы неге тең?
б) Тежелу жолы 40 м –ден артық болмауы үшін жауынды ауа-райында автомобильдің жылдамдығы қандай мәннен артпауы керек?
І топ
Суретте туристтің станциядан көлге, одан соң кейін станция қайта оралған қозғалыс графигі кескінделген.
а) Турист станциядан сағат нешеде шықты? Көл жанында қанша уақыт болды? Станцияға сағат нешеде қайта оралды?
ә) Турист көлге дейін қандай жылдамдықпен жүрді?
б) Көлден станцияға дейін жолдың түрлі бөліктерінде турист жылдамдығы қандай болды?
ІІ топ
Суретте екі жаяу адамның қозғалыс графигі кескінделген.
а) Бірінші жаяу адам; екінші жаяу адам жолда қанша уақыт болды?
ә) Бірінші жаяу адам; екінші жаяу адам қандай қашықтықта жол жүрді?
б) Бірінші жаяу адам; екінші жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрді?
в) 30 минут; 1,5 сағат соң жаяу адамдардың арақашықтығы қандай болды?
г) неше минуттан кейін олардың арақашықтығы 2 км болды?
ІІІ топ
Сабақтың басындағы көңіл-күйіңіз
Сабақта тақырып түсінікті болды ма?
Сабақта шығарылған есептер негізінде күнделікті өмірде мәселе есептерін шығара аласыз ба?
Қандай қиындықтарға кездестіңіз?
Сабақтың соңындағы көңіл-күйіңіз
Ой-толғаныс кезеңі
Бүгінгі сабақта өтілген тақырыбымызды нақтылау мақсатында әр оқушыға зерттеу тапсырмасы беріледі.
Зерттеу қадамдары:
Үйіңізден мектепке дейінгі қашықтықты анықтаңыз.
Жұмсаған уақытыңызды есептеңіз.
Осы мәліметтерге сәйкес тәуелділік өрнегін құрастырып, қозғалыс гафигін сызыңыз.
Үй жұмысы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?