Мәтіндік есептерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: 6.2В Алгебралық өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Мәтіндік есептерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.4 мәтіндік есептерді шешуде айнымалысы бар өрнектер мен формулаларды құрады;

6.2.1.10 теңдіктен бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектей алады;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Мәтіндік есептердің шарттары бойынша математикалық модельдей алады;

Алгебралық өрнектерді құрады және оны шешеді;

Теңдіктің құрамындағы бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектейді.

 Бағалау критерийлері

• есеп шартына сәйкес қажетті формуланы анықтай алады;

• дайын сызбаға қарап сұрақтарға жауап таба алады;

• құрған алгебралық өрнегін математикалық тілде оқи алады;

• бір айнымалыны теңдіктен екіншісі арқылы өрнектей алады;

 Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәнге қатысты лексика:

Өрнек, айнымалы;

Теңдеу шығару/ шешу;

Теңдеу түрінде өрнектеу;

Шешімі, қатынас, тең;

Жұп/тақ, қосарлы, тізбекті.

Диалогқа қажет сөз тіркестері:

Түйінді ақпаратты бөліп алу/нақтылау/анықтау.

Алдымен x, сосын y айналысын … және соңында….

Не маңызды ақпарат болып табылады?

Қандай айнымалы /әрекеттер бар?

Біздер бұны теңдеу түрінде қалай бере аламыз?

Біздер мұны ұсыныс түрінде қалай жаза аламыз?

Бұның мағынасы бар ма?

Жақшаға алу.

Есеп шартына қатысты қандай формулаларды білесіз?

Пәнге қатысты терминология:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

өрнек

выражения

expression

формула

формула

formula

қосынды

сумма

sum

азайту

вычитание

subtract

қосу

сложение

plus

бөлу

деление

divide

көбейту

умножение

multiple

қозғалыс

движение

motion

шешу

решение

solve

мысал

пример

example

тексеру

проверять

test, check

қорыту

вывод

conclusion

 Құндылықтарды дарыту

 

Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Әлеуметтік бейімдеу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ, орыс, ағылшын тілдері арқылы термин сөздерді, мәтінді есептердің математикалық сауатты оқылуы мен жазылуын байланыстырады, физикадан қозғалысқа байланысты, химиядан қоспаға, геометриядан ауданға байланысты есептер шығарып дағдыланады.

 АКТ қолдану дағдылары

http://www.bilimland.kz сайтын өздігінен қажетті материалды игеруге пайдалана алады.

Бастапқы білім

Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

2 минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Мәселе сұраққа жауап нәтижесінде оқушылардың көмегімен бүгінгі сабақтың тақырыбы, оған сәйкес мақсаты және күтілетін нәтижесі анықталады.

Алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмасы тексеріледі, өтілген материал бойынша сұрақтар қойылады

Бүгінгі сабақта қолданылатын үш тілдегі сөздер аудармасы үлестіріліп беріледі және бірге, жеке оқылады

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

2 минут

6 минут

15 минут

5 минут

Топқа бөлу.

Оқушылар «Атом.Молекула» әдісімен үш топқа бөлінеді.

(Оқушылар сынып ішінде музыка ырғағымен атомдар мен молекулалар сияқты еркін қозғалыста болады. Мұғалімнің басқаруымен әртүрлі сандар айтылады. Сол санға сәйкес әр ойыншы бір-біріне жұп таба білу қажет. Мысалы: 3 деген сан айтылғанда 3 ойыншыдан жиналып тұрып қалу қажет). Топта жұмыс жасау ережесі еске түсіріледі.

Математикалық жүгірме диктант

Сынып бөлмесінде (тақтада, есікте, шкафта, жарда) төмендегі тапсырмалар ілініп тұрады. Топ мүшелерінің біреуі жазушы ролін атқарады, ал қалғандары кезектесіп ақпарат тасушы ролін атқарады. Тапсырма:

Сөйлемдерді әріпті өрнек түрінде жазыңыздар.

  • Егер Мақсат велосипедпен 30 км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, онда ол t сағатта _____ км қашықтықты жүреді.
  • Егер бір шоколадтың бағасы 100 теңге болса , онда х шоколадтың құны ___ теңге болады.
  • Автомат 4 секундта 2 стаканды сумен толтырса , х стаканды сумен толтыру үшін ___ секунд күту керек .
  • Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ, ал катер v км/сағ жылдамдықпен жүзген болса, катердің меншікті жылдамдығы ___ км/сағ.
  • Қайық өзенде ағысқа қарсы жүзіп келеді. Қайықтың меншікті жылдамдығы a км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы b км/сағ. Қайық өзен ағысына қарсы 1,6 сағат жүзгенде неше километр қашықтыққа барады?

Жүгірме диктант жауаптары тақтаға ілініп мұғалім басшылығымен тексеріледі. Жұмыс нәтижелері өзара «Басбармақ» әдісімен бағаланады.

Топтық жұмыс. Суретте кескінделген график бойынша сұрақтарға жауап береді. Топпен талдап, сонан соң есептің шешуін тақтада қорғайды. Оқушылар топ жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.

І топ

Суреттегі график бойынша автомобильдің дымқыл асфальттағы тежелу жолы мен қозғалыс жылдамдығы арасындағы тәуелділік кескінделген.

а) жылдамдығы 50 км/сағ болса автомобильдің тежелу жолы неге тең?

б) Тежелу жолы 40 м –ден артық болмауы үшін жауынды ауа-райында автомобильдің жылдамдығы қандай мәннен артпауы керек?

ІІ топ

Суретте туристтің станциядан көлге, одан соң кейін станция қайта оралған қозғалыс графигі кескінделген.

а) Турист станциядан сағат нешеде шықты? Көл жанында қанша уақыт болды? Станцияға сағат нешеде қайта оралды?

ә) Турист көлге дейін қандай жылдамдықпен жүрді?

б) Көлден станцияға дейін жолдың түрлі бөліктерінде турист жылдамдығы қандай болды?

ІІІ топ

Суретте екі жаяу адамның қозғалыс графигі кескінделген.

а) Бірінші жаяу адам; екінші жаяу адам жолда қанша уақыт болды?

ә) Бірінші жаяу адам; екінші жаяу адам қандай қашықтықта жол жүрді?

б) Бірінші жаяу адам; екінші жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрді?

в) 30 минут; 1,5 сағат соң жаяу адамдардың арақашықтығы қандай болды?

г) неше минуттан кейін олардың арақашықтығы 2 км болды?

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау.

1.

1) А пунктінен В пунктіне дейінгі қашықтық не километр?

2) Жүргізуші ол жолды қанша уақытта жүрді?

3) Жол бойында неше рет демалды?

4) А пунктінен қандай қашықтықтарда демалды ?

5) Әрбір үзіліс неше уақытқа созылды?

6) Автомобильдің әрбір учаскедегі жылдамдығы қандай болды?

7) Қай учаскеде оның жылдамдығы ең үлкен және ең кіші мәнге ие болды?

8) Бастапқы 2 сағат 15 мин автомобиль қанша жол жүрді?

9) А пунктінен В пунктіне дейін автомобиль қандай орташа жылдамдықпен қозғалды?

10) Жүргізушінің жүрген жолы уақытқа тәуелді ма?

Жұмыс жауаптары бағалау критерийі бойынша бағаланады.

Флипчарт

Стикерлер, смайликтер

Математика оқулығы 6 класс, АлдамұратоваТ.А. Байшоланов Т.С.

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 минут

2 минут

Ой-толғаныс кезеңі

  • Сабақтың басындағы көңіл-күйіңіз
  • Сабақта тақырып түсінікті болды ма?
  • Сабақта шығарылған есептер негізінде күнделікті өмірде мәселе есептерін шығара аласыз ба?
  • Қандай қиындықтарға кездестіңіз?
  • Сабақтың соңындағы көңіл-күйіңіз

Үй жұмысы:

Бүгінгі сабақта өтілген тақырыбымызды нақтылау мақсатында әр оқушыға зерттеу тапсырмасы беріледі.

Зерттеу қадамдары:

  • Үйіңізден мектепке дейінгі қашықтықты анықтаңыз.
  • Жұмсаған уақытыңызды есептеңіз.
  • Осы мәліметтерге сәйкес тәуелділік өрнегін құрастырып, қозғалыс графигін сызыңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардыңжинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.

2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу