Мәтіндік есептерді шешу. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Үй жұмысы

№1. Шаруашылық бірлестігі жерінің 20% -ін мал жайылымына қалдырып, қалған жерге бидай мен бақша өнімдерін екті. Бидай еккен жер ауданының бақша өнімдерін еккен жер ауданына қатынасы 5:3 қатынасындай. Бақша өнімдерін еккен жер ауданы бидай еккен жер ауданынан 14 га кем. Шаруашылық бірлестігі жерінің ауданы неше гектар?

Жауабы: 70га.

№2. Саяхатшылар межелеген жерге үш күнде жетеді. Олардың үш күнде жүрген жолдарының қатынасы 6:5,6:4,4 қатынасындай. Саяхатшылар бірінші күні үшінші күнге қарағанда 64 км артық жүрді. Саяхатшылар үш күнде неше километр қашықтықты жүрді?

Жауабы: 640км.

№3. Шағын қожалық егістік жерді үш күнде жыртты. Бірінші күні мен екінші күнгі жыртқан егістік жердің қатынасы 3:5 қатынасындай. Шағын қожалық бірінші күні екінші күнге қарағанда 20 га кем жыртты, ал үшінші күнгі жыртқан жер екінші күнгі жыртқан жердің 80%-ін құрайды. Үш күнде неше га жер жыртты?

Жауабы: 120 га.

№4. Үш учаскеден 20,16 т бидай алынды. Бірінші учаскеден алынған бидай массасының екінші учаскеден алынған бидай массасына қатынасы 5:9 қатынасындай. Үшінші учаскеден алынған бидай бірінші учаскеден алынған бидайдан 40% артық. Учаскелердің әрқайсысынан қанша бидай алынған?

Жауабы: 4,8т; 8,64т; 6,72т.

№5. мыс пен мырыш қорытпасының 45%-і мыс. Қорытпада 60%-тік мыс болу үшін қорытпаға қанша мыс қосу керек?

Жауабы:

№6. 10%-тік сірке қышқылына таза су қосылды. Пайда болған ерітіндідегі сірке қышқылының проценттік мөлшерін табыңыз.

Жауабы: 2%

№7. Екі машина бірдей жылдамдықпен жүрді. Бірінші машинаның 195 км қашықтық жүргендегі уақыты екінші машинаның 325 км-ді жүргеніндегі уақытынан 2 сағ артық. Екінші машина 325 км қашықтықты неше сағат жүрді?

Жауабы: 5 сағ

№8. Ағасы мен інісі мектепке бару үшін үйден бір уақытта шықты. Ағасы 80м/мин жылдамдықпен жүрсе, інісі одан 30м/мин кем жылдамдықпен жүріп, мектепке ағасынан 6 мин кеш келді. Ағасы мектепке неше минутта жетті?

Жауабы: 10 мин.

№9. Ағыс жылдамдығы 1,8 км/сағ өзенде қайық 2,5 сағ ағысқа қарсы жүзсе, 3,5 сағ ағыспен жүзді. Қайық барлығы 49,8 км қашықтыққа жүзді. Қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 8км/сағ

10. Моторлы қайық өзенде ағыспен жүзіп, А пунктінен В пунктіне 2,5 сағатта барады, ал қайтарда 3 сағат жолда болады. Моторлы қайықтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығы 20,4км/сағ. Ағыс жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 1,7км/сағ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу