Мәтіндік есептерді шешу. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Жұптық жұмыс есептері

№ 1. Ара қашықтығы 900 км болатын Aқтөбе қаласы мен Орынбор қаласынан бір-біріне қарама –қарсы бағытта автомобиль мен мотоциклші шықты. Олар орта жолда кездесті. Егер автомобиль мотоциклден 1 сағат кейін шығып және де жылдамдығы одан 5 км/сағ артық болатын болса әрқайсысының жылдамдығы қандай?

№2. А пунктінен В пунктіне автобус шықты. Жарты сағат өткен соң В пунктінен А пунктіне жылдамдығы автобус жылдамдығынан 18 км/сағ артық жеңіл машина шықты. 1 сағат 20 минут жүргеннен кейін жеңіл машина автобусты кездестіреді және одан 3 км жол артық жүргені байқалады. А пунктінен В пунктіне дейінгі қашықтықты анықтаңдар.

№3. Екі пункттан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі поезд шықты. 2 сағат өткеннен соң оларға тек 30 км жол жүру ғана қалды. Пункттердің ара қашықтығы 340 км. Егер бір поездың жылдамдығы екіншісінен 5 км/сағ артық екендігі белгілі болса, поездардың жылдамдығын анықтаңдар.

№4. Екі поезд бір станциядан шықты. Бірінші поездың жылдамдығы 72км/сағ, ол екінші поездың жылдамдығының 80% -ы. Екінші поезд бірінші поезд жүргеннен кейін 2,5сағат өткеннен соң шықты. Неше сағаттан соң ол бірінші поезды қуып жетеді?

№5. Реактивті самолет 30 минутта моторлы самолеттің 1 сағатта жүрген жолынан 200 км артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы моторлы самолетттің жылдамдығынан 3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңдар.

№6. Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. 15л теңіз суына, ондағы тұздың концентрациясы 1,5% құрайтындай болу үшін, қанша тұщы су құю керек?

№7. Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 17:3 қатынасындай. Ондағы судың массасы қанттың массасынан 280г артық. Қантты су ерітіндісінің массасы неше грамм?

№8. Қауын, қарбыз және асқабақтың массасы 19кг. Қарбыз қауыннан 4кг ауыр. Қауын мен асқабақтың массаларының қатынасы 2:1 қатынасындай. Қауынның, қарбыздың, асқабақтың массасын табыңдар.

№9. Қалайы мен қорғасын қорытпасының салмағы . Қалайының салмағы қорғасын салмағының -іне тең болса, қорытпадағы қалайы мен қорғасынның әрқайсысының салмағын табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу