Мәтіндік есептерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: 6.2В Алгебралық өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Мәтіндік есептерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.4 мәтіндік есептерді шешуде айнымалысы бар өрнектер мен формулаларды құрады;

6.2.1.10 теңдіктен бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектей алады;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Мәтіндік есептердің шарттары бойынша математикалық модельдей алады;

Алгебралық өрнектерді құрады және оны шешеді;

Теңдіктің құрамындағы бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектейді.

 Бағалау критерийлері

• мәтінге қарай алгебралық өрнектерді және формулаларды құра алады;

• графиктерді пайдаланып шамаларды табады және зерттейді;

• алгебралық өрнекті математикалық тілде оқи алады;

 Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәнге қатысты лексика:

Өрнек, айнымалы;

Теңдеу шығару/ шешу;

Теңдеу түрінде өрнектеу;

Шешімі, қатынас, тең;

Жұп/тақ, қосарлы, тізбекті.

Диалогқа қажет сөз тіркестері:

Түйінді ақпаратты бөліп алу/нақтылау/анықтау.

Алдымен x, сосын y айналысын … және соңында….

Не маңызды ақпарат болып табылады?

Қандай айнымалы /әрекеттер бар?

Біздер бұны теңдеу түрінде қалай бере аламыз?

Біздер мұны ұсыныс түрінде қалай жаза аламыз?

Бұның мағынасы бар ма?

Жақшаға алу.

Есеп шартына қатысты қандай формулаларды білесіз?

Пәнге қатысты терминология:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

өрнек

выражения

expression

формула

формула

formula

қосынды

сумма

sum

азайту

вычитание

subtract

қосу

сложение

plus

бөлу

деление

divide

көбейту

умножение

multiple

қозғалыс

движение

motion

шешу

решение

solve

мысал

пример

example

тексеру

проверять

test, check

қорыту

вывод

conclusion

 Құндылықтарды дарыту

 

Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Әлеуметтік бейімдеу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ, орыс, ағылшын тілдері арқылы термин сөздерді, мәтінді есептердің математикалық сауатты оқылуы мен жазылуын байланыстырады, физикадан қозғалысқа байланысты, химиядан қоспаға, геометриядан ауданға байланысты есептер шығарып дағдыланады.

 АКТ қолдану дағдылары

Үй тапсырмасының нәтижесін сканерлеу арқылы интерактивті тақтада демонстрациялай алады.

Бастапқы білім

Мәтінді есептерді шешу

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін қою. Өтілген термин сөздерді еске түсіру.

Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген зерттеу нәтижелеріне талдау жасау. Сұрақтар қою. Графиктерін сканерлеп интерактивті тақтада көрсету.

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

10 минут

Сыныппен жұмыс. Тақтада бір оқушыдан кезектесе орындайды. Мұғалім оқушы жұмысына кері байланыс беріп, вербальді түрде бағалайды.

Төмендегі теңдіктерден бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектеңіздер.

№1. ;

№ 2. қатынасынан y-ті x арқылы;

№3. теңдігінен x-ті y арқылы.

Жұптық жұмыс.

Шығарылған есептің шешу барысын, әдістерін талдай отырып , мәтіндік есептерді шығару сатылары бойынша төмендегідей критерийлермен жұптар өзара бағалайды:

1. Мәтін мазмұнын талдау

2. Схемалық жазылуы немесе математикалық моделін құру

3. Шешу әдісін таңдау

4. Шешуі

5. Есеп шартына сәйкес жауапты таңдау

№ 1. Ара қашықтығы 900 км болатын Aқтөбе қаласы мен Орынбор қаласынан бір-біріне қарама –қарсы бағытта автомобиль мен мотоциклші шықты. Олар орта жолда кездесті. Егер автомобиль мотоциклден 1 сағат кейін шығып және де жылдамдығы одан 5 км/сағ артық болатын болса әрқайсысының жылдамдығы қандай ?

2. А пунктінен В пунктіне автобус шықты. Жарты сағат өткен соң В пунктінен А пунктіне жылдамдығы автобус жылдамдығынан 18 км/сағ артық жеңіл машина шықты. 1 сағат 20 минут жүргеннен кейін жеңіл машина автобусты кездестіреді және одан 3 км жол артық жүргені байқалады. А пунктінен В пунктіне дейінгі қашықтықты анықтаңдар.

№3. Екі пункттан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі поезд шықты. 2 сағат өткеннен соң оларға тек 30 км жол жүру ғана қалды. Пункттердің ара қашықтығы 340 км. Егер бір поездың жылдамдығы екіншісінен 5 км/сағ артық екендігі белгілі болса, поездардың жылдамдығын анықтаңдар.

№4. Екі поезд бір станциядан шықты. Бірінші поездың жылдамдығы 72км/сағ, ол екінші поездың жылдамдығының 80% -ы. Екінші поезд бірінші поезд жүргеннен кейін 2,5сағат өткеннен соң шықты. Неше сағаттан соң ол бірінші поезды қуып жетеді?

№5. Реактивті самолет 30 минутта моторлы самолеттің 1 сағатта жүрген жолынан 200 км артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы моторлы самолетттің жылдамдығынан 3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңдар.

№6. Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. 15л теңіз суына, ондағы тұздың концентрациясы 1,5% құрайтындай болу үшін, қанша тұщы су құю керек?

№7. Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 17:3 қатынасындай. Ондағы судың массасы қанттың массасынан 280г артық. Қантты су ерітіндісінің массасы неше грамм?

№8. Қауын, қарбыз және асқабақтың массасы 19кг. Қарбыз қауыннан 4кг ауыр. Қауын мен асқабақтың массаларының қатынасы 2:1 қатынасындай. Қауынның, қарбыздың, асқабақтың массасын табыңдар.

№9. Қалайы мен қорғасын қорытпасының салмағы . Қалайының салмағы қорғасын салмағының -іне тең болса, қорытпадағы қалайы мен қорғасынның әрқайсысының салмағын табыңыз.

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

2 минут

1 минут

Рефлексия:

Төменде көрсетілген өзіңнің көңіл-күйіңе сәйкес бағанды белгілеңіздер:

Үй жұмысы:

Оқушыларға үй тапсырмасы үйлестіріліп беріледі. Орындалуына нұсқаулар айтылады.

Қосымша 3

Қосымша 4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардыңжинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.

2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу