Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2В Алгебрлық өрнектер

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.10

теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • мәтінді есептерде есеп шартын оқып түсіну;
  • есеп шарты бойынша айнымалысы бар өрнектерді құрастыру;
  • құрылған өрнектегі бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу;
  • құрылған өрнектің сандық мәнін табу.

 

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • мәтінді есептерде есеп шартын оқып түсінеді;
  • есеп шарты бойынша айнымалысы бар өрнектерді құрастыра алады;
  • құрылған өрнектегі бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектейді;
  • құрылған өрнектің сандық мәнін дұрыс табады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бұл бөлімдегі математикалық терминологияны қолданады;
  • алгебралық өрнектерің тепе-тең түрлендірулерінің орындауын түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- - айнымалы;

- алгебралық өрнек;

- тепе-теңдік;

- айнымалының мәні;

- айнымалының мүмкін мәндері;

- коэффициент;

- әріпті бөлігі;

- ұқсас мүшелер;

- әріпті өрнектің мәні;

- өрнектерді тепе-тең түрлендірулері;

- өрнектерді ықшамдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • алгебралық өрнек деп …;
  • алгебралық өрнектің мәнін табу үшін … керек;

 Құндылықтарды

  дарыту

Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, өз ойымен бөлісу, пікірін көпшілік алдындаматематикалық тілде жеткізе алу, диалог барысында өзімен бірге басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.

 Пәнаралық

  байланыстар

Формулаларды алуы, формулалармен жұмыс істеуі, физика, химия және биология есептерін шығарғанда бір айнымалысы бар өрнек құра білуі.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интербелсенді тақтаны пайдалану қабілеттерін дамыту.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

 Сабақ барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 Сабақтың басы

 

 0 – 4 мин

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Біріккен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын біріккен ортада талдау, түсіну.

№ 869.

Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?

Жауабы: 12 жыл.

 

 

 

 Сабақтың ортасы

 

 

 4 – 16 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 16 25 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 25 27 мин

 

 

 

 

 

 27 – 36 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 36 – 38 мин

Жаңа материалды түсіну

Өткен сабақтағы құрылған блок схеманы пайдаланып мәтінді есепке өрнек құру, сол өрнектегі бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектеп, мәнін табу.

Сыныппен ауызша талқылап, түсініп орындалатын мысалдар:

Қозғалыстың жылдамдығы формуласымен есептелетіні белгілі.

- Егер қозғалыстың жылдамдығы және уақыт белгілі болса, жүрген жолды қалай табуға болады?

- Егер қозғалыстың жылдамдығы және жүрген жол белгілі болса, қозғалыстың уақытын қалай табуға болады?

Теңдіктен бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу екеніне түсінік беру.

Барлық мысалдар түсіндіріліп тақтаға орындалады.

Мысал-1.

Ара қашықтығы 840 км болатын екі қаладан бір – біріне қарама – қарсы бағытта екі жүк көлігі шықты. Бірінші жүк көлігінің жылдамдығы 68 км/сағ. Егер 2 сағаттан соң олардың ара қашықтығы 560 км болса, онда екінші жүк көлігінің жылдамдығы қандай?

Шешуі:

1 жүк көлігі

2 жүк көлігі

жылдамдық

68 км/сағ

х км/сағ

уақыт

2 сағ

2 сағ

жолы

136 км

2х км

Жауабы: 72 км/сағ.

Мысал-2.

Екі спортшы стадионда бір мезгілде, бір бағытта бір жерден қозғалды. 1 сағаттан соң бір спортшының бірінші айналымды аяқтауына 8 км қалғанда, ол екінші спортшының бірінші айналымды 3 мин бұрын жүріп өткенін естіді. Бірінші спортшының жылдамдығын табыңыз, егер оның жылдамдығы екіншінің жылдамдығынан 9 км/сағ кем болса.

Шешуі: 1 спортшы 57 мин жүгірді, сағ

2 спортшы

1 спортшы

жылдамдық

+ 9) км/сағ

х км/сағ

уақыт

сағ

1 сағ

жолы

(х + 9)

1х

Жауабы: 11 км/сағ.

Мысал-3.

Бала бақшада үш топ бар. Кіші топта қалған екеуіне қарағанда 8 балаға кем, ал ортаңғы топта қалған екеуіне қарағанда 14 балаға кем. жоғарғы топта неше бала бар?

Шешуі: Кіші – х, ортаңғы – у, жоғарғы – z деп белгілейміз. Сонда:

Екі жағын мүшелеп қосамыз, ықшамдаймыз:

.

Жауабы: Жоғарғы топта 11 бала.

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, топқа жұмыс ұсыну.

Топтық жұмыс

Әр топқа флипчарт ұсыныңыз, тапсырмалар соған орындалады. Берілген уақытта әр топ өз флипчарттарын тақтаға бекітеді, өзара тексеру, бағалау жүргізеді.

Мысал – 1 (897).

Жолаушылар автобуспен елді мекеннен стансаға келіп, пойызға үлгерулері керек еді. Егер автобус 60 км/сағ жылдамдықпен жүрсе жолаушылар пойыздың жүру уақытынан 20 мин ерте келеді. Ал егер автобус 50 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, пойыздың жүру уақытынан 12 мин кеш келеді. Елді мекен стансадан неше километр қашықтықта?

Шешуі: , 20 мин = сағ, 12 мин = сағ,

автобус

автобус

жылдамдық

60 км/сағ

50 км/сағ

уақыт

t -

t +

жолы

сағ, .

Жауабы: 160 км.

Мысал – 2.

Аулада тауықтар мен торайлар жүр. Олардың бастары 20, ал аяқтары 52. Ауладағы тауықтар мен торайлар санын табыңыз.

Шешуі: х – тауық, у – торай деп белгілейміз,

, ,

,

,

Жауабы: 14 - тауық, 6 – торай.

Мысал – 3 (888).

А стансасынан шыққан пойыз В стансасына 7,8 сағатта жетеді. Егер пойыз жылдамдығын 10 км/сағ-қа кемітсе, ол осы аралықты 1 сағ 30 мин ұзақ жүреді. А стансасы мен В стансасының ара қашықтығын табыңдар.

Шешуі:

жылдамдық

х км/сағ

-10) км/сағ

уақыт

7,8 сағ

(7,8 + 1,5) сағ

жолы

7,8х

9,3 -10)

км/сағ, км.

Жауабы: 483,6 км.

Мысал – 4 (889).

Ағасы мен інісі мектепке бару үшін үйден бірдей уақытта шықты. Ағасы 80 м/мин жылдамдықпен жүрсе, інісі одан 30 м/мин кем жылдамдықпен жүріп, мектепке ағасынан 6 мин кеш келді. Ағасы мектепке неше минутта келді?

Шешуі:

ағасы

інісі

жылдамдық

80 м/мин

(80-30) м /мин

уақыт

t мин

(t+6) мин

уақыт

80 t

50(t+6)

Жауабы: 10 мин келді.

Қажет болған жағдайда дайын жауапты слайд арқылы көрсетіп, бағалауға да болады.

Жеке жұмыс

№1.

Қабырғасы 15 см шаршының қабырғасын 40%- ке қысқартса, шаршының ауданы неше процентке кемиді?

Жауабы: 64 %.

№2.

Ағаштың берілген массасының 20% - інен қағаз дайындалады. Оқушының бір дәптері орта есеппен 25 г, ал кітап одан 16 есе ауыр. Сыныптағы 32 оқушының әрқайсысына 1 дәптерден және 1 кітаптан дайындау үшін барлығы неше килограмм ағаш қажет?

Жауабы: 68 кг.

№3.

Асан мен Үсен балық аулады. Асанның аулаған балықтарының саны барлық балық санынан 9 – ға кем, ал Үсеннің аулаған балықтарының саны Асанның аулаған балықтарының санынан 7 – ге кем. асан мен Үсен екеуі барлығы неше балық аулады?

Жауабы: 25 балық.

Дескриптор: Білім алушы:

  • мәтінді есеп шартын оқып түсінеді;
  • шарт бойынша белгісізді белгілей алады;
  • формуладағы бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектейді;
  • шарт бойынша өрнек құрады;
  • есеп шартына жауап береді.

Дайын жауап арқылы өзін – өзі бағалауды ұсыну. Өзінің жіберген қатесін түсініп, әрі қарай жұмыстануына жол салу.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 1

Слайд 5 - 7

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.

Математика 6 класс, Н.Я. Виленкин, В.И. Жохов 32-е издание, Москва 2014 г. ISBN 978-5-346-03018-8

Қосымша 2

Слайд 8

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.

Қосымша 3

Слайд 9

 Сабақтың соңы

 

 38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • есеп шарты бойынша айнымалысы бар өрнектерді құрастыру;
  • құрылған өрнектегі бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу

Үйге тапсырма: № 886.

Күмістің екі қоспасынан үшінші қоспа дайындалды. Бірінші қоспаның массасы 50 г. оның 60 % - і таза күміс, ал екінші қоспаның 80 % - і таза күміс. Олардан дайындалған үшінші қоспаның 64 % - і таза күміс. Екінші қоспаның массасы неше грамм?

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 10 - 11

 Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында топтық, жеке тапсырмалар ұсынылады.

Топтық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болуына назар аудару.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу