Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебрлық өрнектер | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Мәтінді есептерді шығару | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру; 6.2.1.10 теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: - - айнымалы; - алгебралық өрнек; - тепе-теңдік; - айнымалының мәні; - айнымалының мүмкін мәндері; - коэффициент; - әріпті бөлігі; - ұқсас мүшелер; - әріпті өрнектің мәні; - өрнектерді тепе-тең түрлендірулері; - өрнектерді ықшамдау. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
алгебралық өрнектің мәнін табу үшін … керек. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, өз ойымен бөлісу, пікірін көпшілік алдындаматематикалық тілде жеткізе алу, диалог барысында өзімен бірге басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Формулаларды алуы, формулалармен жұмыс істеуі, физика, химия және биология есептерін шығарғанда бір айнымалысы бар өрнек құра білуі. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны пайдалану қабілеттерін дамыту. | |||||
Бастапқы білім | Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы
0 – 4 мин
| Оқушылар келгенге дейін алдын ала дайындалған үлестірмелерді сынып бөлмесінің әр жеріне бекітіңіз. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасы бойынша:
Бүгін де мәтінді есептерді шығаруға жұмыстанау; сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірігіп еске түсіру. |
| ||||
Сабақтың ортасы
4 – 6 мин
6 – 16 мин
16 – 18 мин
18 – 38 мин | Балалар, сабақты бастамас бұрын шағын төрт топқа бөлінейік. Сынып бөлмесіне, айналаға көз салып қараңыздар, жер - жерге үлестірмелер бекітілген, сол үлестірмелерді бір – бірден алып, ондағы есептің мазмұны бойынша топтарға бірігіңіздер. Үлестірмелер бойынша:
Осындай төрт топқа бірігеді, енді осы топтар қолдарындағы есептерді бірігіп орындайды. Жылдамдық тобы №1. Жүк көлігі бірінші күні барлық жолдың үштен бір бөлігін жүрді, екінші күні бірінші күнгі жолдың 90 % жүрді, ал үшінші күні қалған 440 км жолды жүрді. Жүк көлігі екінші күні қанша километр жол жүрді? №2. Саяхатшылар тобы 1 сағ автобуспен, содан кейін автобус жылдамдығынан 18 км/сағ – қа кем жылдамдықпен 6 сағ жаяу жүрді. Саяхатшылар тобы барлығы 67 км жол жүрген болса, автобус жылдамдығы мен жаяу жүргендегі жылдамдықты табыңыз. №3. Ара қашықтығы 256 км екі станцадан бір мезгілде, бір бағытта жүк пойызы мен жолаушылар пойызы жолға шықты. Жолаушылар пойызының жылдамдығы жүк пойызының жылдамдығының 50% - ға артық және 8 сағаттан кейін жолаушылар пойызы жүк пойызын қуып жетсе, онда олардың жылдамдықтары қандай болғаны? Жауабы: 360 км; 25 км/сағ, 7 км/сағ; 64 км/сағ, 96 км/сағ; Өзен ағысы тобы №1. Кемежайдан өзен ағысымен 4 км/сағ жылдамдықпен сал жіберілді. 3 сағаттан кейін салдың соңынан қайық шығады. Егер қайықтың меншікті жылдамдығы 9 км/сағ болса, ол салды кемежайдан қанша километр қашықтықта қуып жетеді? №2. Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз? №3. Моторлы қайық ағыспен жүзіп, А пунктінен В пунктіне 1,3 сағ – та барды. Моторлы қайық ағысқа қарсы жүзіп, осы қашықтықты 1,9 сағ – та жүрді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ. Моторлы қайықтың өз жылдамдығын табыңыз. Жауабы: км; 3 км/сағ; 12,8 км/сағ. Қоспалар тобы №1. Сироп құрамында 18% қант бар. 40 кг сиропқа қанша килограмм су қосқанда, қанттың мөлшері 15% болады? №2. Ылғалдылығы 85% құрайтын 8 кг балғын түймедақ гүлі жиналды. Гүлдер кептірілгеннен кейін олардың ылғалдылығы 20% болды. Кептіргеннен кейін түймедақ гүлінің массасы қандай? №3. 10 кг салмағы бар мыс пен қалайы қорытпасы 70% калайыдан тұрады. Осы қорытпаға 8 кг мыс қосылды. Қоспадағы қалайының концентрациясы мыстың концентрациясынан үш есе артық болуы үшін қанша килограмм қалайы қосу керек? Жауабы: 8 кг; 1,5 кг; 26 кг. Аралас тобы №1. Кафеде бірінші күні барлық шырынның бөлігі сатылды, екінші күні қалғанының бөлігі сатылды. Егер екінші күні сатылған шырын 60 л болса, барлығы неше литр? №2. Математикадан бақылау жұмысында 8 оқушы «5» алды, 18 оқушы «4» алды, 12 оқушы «3» алды және бірнеше оқушы «2» алды. Егер бақылау жұмысы бойынша орташа балл 3,8 болса, онда «2» алған оқушы саны қанша? №3. Қабырғалары 20 см, 30 см болатын тік төртбұрыштың ұзындығын 10% - ке арттырып, ал енін 10% -ға кемітсе, онда тік төртбұрыштың ауданы қанша пайызға өзгереді? Жауабы: 140; 2; 1% кемиді. Топтар жұмыстарына слайдта көрсетілген дайын жауап арқылы өзін – өзі бағалау жүргізеді, кемшілік болған жағдайда мұғаліммен пікірлеседі. Бөлім бойынша жиынтық (ББЖ) бағалау тапсырмалары: №1. Өрнекті ықшамдаңыз: a) . №2. Алгебралық өрнекпен берілген тепе – теңдікті дәлелдеңіз: . №3. Катер 5 сағ ағыспен және 6 сағ ағысқа қарсы жүзді. Егер катердің меншікті жылдамдығы км/сағ, ал өзен ағысының жылдамдығы х км/сағ болса: a) катердің ағыспен жүрген жолын; b) катердің ағысқа қарсы жүрген жолын; c) барлық жолды; d) ағыспен жүрген жолдың ағысқа қарсы жүрген жолға қарағанда қаншаға көп екенін математикалық модель түрінде көрсетіңіз. | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 1 Слайд 5 Қосымша 2 Слайд 6 Қосымша 3 Слайд 7 Қосымша 4 Слайд 8 Қосымша 5 – 7 Слайд 9 - 11 | ||||
Сабақтың соңы
38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау:
Үй тапсырмасы: Сағат 11 – де А қаласынан жүк машинасы 60 км/сағ жылдамдықпен В қаласына шықты. Жүк машинасы 1,5 сағ жүрген соң, оған қарсы В қаласынан 100 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина шықты.Олар сағат 14 – те кездесті. Машиналардың кездескен жері қай қалаға жақын? Рефлексия | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Слайд 12 - 13 Қосымша 8 | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||
Сабақ үрдісінде оқушының ойлау қабілетін шыңдау, ББЖБ бірігіп дайындалу мақсатында топпен сараланған тапсырмалар ұсыну. | Топтық жұмыста, өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы жүзеге асырылады. | Дұрыс отыруын қадағалау, топтық жұмыс кезінде емін еркін қозғалыста болу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?