Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер. | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | |||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мәтінді есептерді шығару | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру. | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: • есептер шығару барысында айнымалысы бар өрнектерді құрастыра алады. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет. | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-3 мин 3-5 мин 5-8 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жұпқа бөлу. «Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады. Оқушыларға сандарға амалдар қолданған үлестірме таратылады. Оқушылар өзіндегі сандық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы: 22+4 сәйкес 134; 27+14 сәйкес 5+26; -(7+3) сәйкес –13+ 3; 5+(5-10) сәйкес 70 т.б. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Жақын арада даму аймағын» анықтау. Оқушылардың меңгерген білімдерін саралап, ширату жаттығуын жүргізу үшін «Серпілген сұрақ» әдісі қолданылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін қорытындылайды.Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-15 мин 15-25 мин 25-36 мин | Жаңа сабақты түсіну. Жұптық жұмыс. Тапсырма 1. Есепті шығару үшін өрнек құрастырыңыз: Тіктөртбұрыштың периметрі 25 см, оның бір қабырғасы x см. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз. Тапсырма 1. 1)Арақашықтығы s км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бір мезгілде екі автомобиль шықты. Бірінші автомобильдің жылдамдығы км/сағ, екіншісінің жылдамдығы км/сағ. Неше сағаттан кейін олар кездеседі? 2)Катер өзен ағысымен k км/сағ жылдамдықпен 7 сағат, ал өзен ағысына қарсы h км/сағ жылдамдықпен 6 сағат жүрді. Айнымалысы бар өрнекпен қалай жазуға болады: - өзен ағысымен жүрген жолды; - өзен ағысына қарама-қарсы жүрген жолды; - катердің барлық жүрген жолын; - катердің меншікті жылдамдығын? Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс. Тапсырма 3. Есептің мәтіні мен шартына сәйкес өрнегімен сәйкестендіріңіз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Жұптар бір-біріне өз жауаптарын негіздеп түсіндіреді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс береді. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Тапсырма 4. Өрнек құрастырыңыз және ықшамдаңыз: Үш томдық кітаптың екінші томының беті біріншіден 20%-ға артық. Үшінші томда бірінші томның бөлігіндей бет бар екені белгілі болса, барлығы үш томда қанша бет бар? Дескриптор: Білім алушы
Тапсырма 5. Велосипедші бірінші күні барлық жолдың бөлігін, екінші күні қалған бөлігінің 40%-ын, ал үшінші күні қалған x км-ін жүріп өтті. Велосипедші үш күнде барлығы қанша жол жүрді? Өрнек құрастырып, ықшамдаңыздар. Дескриптор: Білім алушы -бірінші күнгіден қалған бөлігін табады; -санның процентін есептейді; -үшінші күні жүрген жолдың шамасын анықтайды; -бірінші және екінші жүрілген жолды үшінші күнгі жол арқылы өрнектейді; -өрнек құрастырады; - өрнекті ықшамдайды. Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. | Алгебра -7 Ю.Н.Макарычев, К.И.Нешков, Н.Г.Миндюк, С.Б.Суворова - Алматы: «Рауан» Қосымша 1. Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 3. Қосымша 4. Алгебра -7 Ю.Н.Макарычев, К.И.Нешков, Н.Г.Миндюк, С.Б.Суворова - Алматы: «Рауан» | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Сабақты қорытындылау.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. | |||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||
Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. Барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі. | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады, |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?