Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер.

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.3 алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;

6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру;

6.2.1.10 теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

 теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектей алады;

 мәтінді есептің шартына сәйкес өрнек құрады

 мәтінді есептерді шығарады

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • мәтінді есептің шартына сәйкес өрнек құрады;
  • өрнектердің мүмкін мәндерін табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • алгебралық өрнектерің тепе-тең түрлендірулерінің орындауын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • айнымалы;
  • коэффициент;
  • ұқсас мүшелер;
  • әріпті өрнектің мәні;
  • өрнектерді ықшамдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • әріпті бөлігі бірдей қосылғыштарды … деп атайды;
  • ұқсас мүшелерді қосу үшін …;
  • егер жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса, онда ...;
  • егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса, онда ….
  • тепе-теңдік – бұл … теңдікті айтады.

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

1-5 мин

5-8 мин

Ұйымдастыру.

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау үшін,

«БІТ» бойынша Блок-сызбаны толтыру.

«Алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу», «теңдіктерден бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу» тақырыптарына сәйкес БІТ (бірліктерді ірілендіру технологиясы) бойынша өтілген ұғымдарды саралай отырып, оқушылардың ақпараттарды шоғырландыруға үйрету. Оқушылар осы тапсырма бойынша диалог жүргізеді.

Сабақтың мақсатын қою (сабақтың мақсатың айқын қою керек).

Оқушылар бағалау критерийлерді құрастырады.

Оқушыларға өзінің құрастырған критерийлерді берілген критериймен салыстырады..

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақтың ортасы

8-15 мин

15-24 мин

24-34 мин

34-37 мин

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 1.

Мысал 1.

Завод күнделікті 5т сүт өндіреді. Табыңыз:

а) р күннің ішінде завод қанша тонна сүт өндіреді?

б) р қандай сан болуы мүмкін? (рационал; бүтін; натурал).

Жауабы: 5р, мұндағы р-натурал сан.

Мысалы 2.

Тіктөртбұрыштың ені 5см, ал ұзындығы р см. Табыңыз:

а) Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз;

б) р қандай сан?

Жауабы: 5р, мұндағы р-кез келген оң сан.

Мысал 3.

Қайық өзен ағысына қарсы жүзіп келеді. Қайықтың меншікті жылдамдығы а км/сағ, ал ағыс жылдамдығы в км/сағ. 2сағ қайық қанша жол жүреді?

Мысал 4.

Қайық өзен ағысымен жүзіп келеді. Қайықтың меншікті жылдамдығы а км/сағ, ал ағыс жылдамдығы в км/сағ. 2сағ қайық қанша жол жүреді?

  • Ойлану: Бұл туралы мен не білемін?

1 минут жеке ойланады, сосын жұбымен есеп шартын талқылайды.

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

Топтық жұмыс.

Тапсырма 2.

  • Берік пен Серік бір бағытта жүріп келеді. Берік Серіктен 30 м-ге алда келе жатыр. Беріктің жылдамдығы км/сағ, ал Серіктің жылдамдығы км/сағ. Екеуі қанша уақыттан кейін кездеседі?
  • Ара қашықтығы 110 км болатын айлақтан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі моторлы қайық шықты. Бірінші қайықтың жылдамдығы а км/сағ, ал екінші қайықтың жылдамдығы в км/сағ. Екеуі қанша сағаттан кейін кездеседі?
  • Бірінші жұмысшы 1 сағ станокта жұмыс жасап 16 деталь, ал екінші жұмысшы 20 деталь жасап шығарды. Үшінші жұмысшы 4 сағ-та бірінші жұмысшының а сағ жасаған деталь санымен екінші жұмысшының в сағ жасаған деталь санының қосындысындай деталь жасады. Үшінші жұмысшы 1 сағ қанша деталь жасады?
  • Ұзындығы а см, ені в см, биіктігі с см тікбұрышты параллелепипедтің каркасын жасау үшін қанша сантиметр сым қажет?
  • Екі велосипедист бір уақытта бір пункттен қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Бірінші велосипедисттің жылдамдығы 10 км/сағ, ал екінші велосипедисттің жылдамдығы одан а км/сағ артық. 1,8 сағ кейін олардың ара қашықтығы қанша км болады?
  • Ара қашықтығы 3200 км болатын А қаласынан В қаласына ұшақ в сағ жетті. Ұшақтың жылдамдығы а км/сағ екенін ескеріп желдің жылдамдығын анықта.

Тапсырма 3. Есеп құрастыр:

1.3с=2d

2.c=5d+2

3.2(x-1)=3(y+1)

4.7(x+1)=y

5.m=(3n-4)/7

6.a-3=b+1

Ойлан және сұрақтарға жауап беріңіз.

Қай жауап, әдіс ең жақсы және неге?

Топпен «ең дұрыс жауапты» таңдау.

Топ мүшелері қандай қателіктер жіберді және неге?

Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс береді.

Алгебра -7

Ю.Н.Макарычев,

К.И.Нешков,

Н.Г.Миндюк,

С.Б.Суворова

- Алматы: «Рауан»

Қосымша 1.

Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Алгебра -7

Ю.Н.Макарычев,

К.И.Нешков,

Н.Г.Миндюк,

С.Б.Суворова

- Алматы: «Рауан»

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. Барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі.

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады,



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу