Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алгебралық өрнектерді түрлендіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алгебралық өрнектерді түрлендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.9 алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіреді

 Сабақ мақсаттары

Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіреді

 Бағалау критерийлері

  • Алгебралық өрнектің қабылдайтын мәндерін табады
  • Жақшаларды ашады
  • Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады
  • Ұқсас мүшелерді біріктіреді
  • Алгебралық өрнектерді көбейтеді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар сабақтағы терминдерді қолданып, функционалды сауатты сөйлейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • алгебралық бөлшек
  • алгебралық бөлшектің мәндері
  • ұқсас мүшелер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • ортақ көбейткіші.....
  • ұқсас мүшелері.....
  • алгебралық бөлшектің мәндері...

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Адамгершілікке, бір-бірінң пікірін тыңдауға, бағалауға үйрету

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика және геометрияның есептері талқыланады

 АКТ қолдану

 дағдылары

Презентация, электронды тақта

Бастапқы білім

Оқушылар алгебралық өрнектерді қосу, азайту және көбейтуды, ұқсас мүшелерді біріктіруді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- үй тапсырмасын тексеру

Сабақтың ортасы

18 минут

2 минут

20 минут

20 минут

10 минут

Жеке жұмыс

А деңгейі

Жақшаларды ашыңдар:

Әріптің қандай мәндерінде алгебралық өрнектің мағынасы болмайды:

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

Сергіту сәті

Оқушылармен жаттығулар жасалады

Жұптық жұмыс

В деңгейі

Тура теңдік болатындай етіп, жақшалар қойыңдар:

Жақшаларды ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіріңдер:

Өрнекті ықшамдаңдар:

С деңгейі

Өрнектің мәнін табыңдар:

  • мұндағы
  • мұндағы

Топтық жұмыс

Оқушылар үш топқа бөлінеді

Бірінші топқа: Әсем үш сан ойлады. Оның біріншісі а саны. Ал екіншісі бірінші санның 40%-ын құрайды. Үшіншісі екінші санның 175%-індей. Әсем ойлаған сандардың арифметикалық ортасы қандай сан?

Екінші топқа: Саяхатшылар бірінші күні баруға тиісті s км қашықтықтың -ін, екінші күні бірінші күнгі жолдың -сін жүрді. Қалғанын үшінші күні жүрді. Саяхатшылар үшінші күні неше км қашықтықты жүруі тиіс.

Үшінші топқа: Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбесінен шығатын қырларының ұзындықтарының қосындысы 40 см. Оның биіктігі n см, ені одан екі есе, ал ұзындығы 5 есе ұзын. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар.

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылармен «аяқталмаған сөйлем» рефлексиясы жүргізіледі:

- мен білмейтін едім....

- мен бүгін білдім.......

- маған бүгін ұнады......

- маған бүгін қйындық туғызды.....

- менің білгім келеді....

Үй жұмысы (дидактикалық материалдар)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі, жұптық, жеке және топтық жұмыстар жасалады

Оқытудың әр этапында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі, сабақ соңында жазбаша қалыптастырушы бағалау жүреді.

Сергіту сәтінде оқушылармен дене жаттығулары жасалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы дерлік ОМ қол жеткізе алды. Сабақта саралау элементтері жүрді (деңгейлік тапсырмалар). Уақыт кезеңдерінде кішкене ауытқулар болды.

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ өте жоғары деңгейде өтті, оқушылар өте белсенді қатысты.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың белсенділіктерін арттыруға септігін тигізді.

2: Топтық және жұптық жұмыстар арқылы оқушылар белсене жұмыс жасап ғана қоймай бір-бірінің пікірлерін тыңдап, құрметтеуге үйренді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Тапсырмалар түрлі ойындар арқылы берілсе оқушылардың белсенділіктері одан да арта түседі.

2: Практикалық тапсырмалар көбірек берілсе оқушылардың қызығушылықтары артады.

Сабақ барысында оқушылардың белсенділіктер жақсы болды, топтық жұмыстың практикалық тапсырмаларын орындаған кезде оқушылардың белсенділіктері арта түсті. Келесі сабақтарымда практикалық тапсырмаларды көбірек беруге тырысамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу