Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебрлық өрнектер | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Алгебралық өрнектерді түрлендіру | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.9 алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау; | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: - - айнымалы; - алгебралық өрнек; - тепе-теңдік; - айнымалының мәні; - айнымалының мүмкін мәндері; - коэффициент; - әріпті бөлігі; - ұқсас мүшелер; - әріпті өрнектің мәні; - өрнектерді тепе-тең түрлендірулері; - өрнектерді ықшамдау. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - алгебралық өрнек деп …; - алгебралық өрнектің мәнін табу үшін … керек; | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық пен өзара құрмет құндылықтарын дарыту. Жеке тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті түсініктер қарастырылады, бір айнымалыны басқасы арқылы өрнектеп білуі, ықшамдап білуі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолдану дағдыларын жетілдіру | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
0 – 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасын тексеру, қажет болған жағдайда көмек ұйымдастыру. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау. |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
3 – 7 мин
7 – 10 мин
10 – 22 мин
22 – 24 мин
24 – 38 мин
| Ауызша есептеу тапсырмаларын ұсыну. Мұғалім қатар отырған оқушыларға есептеудегі қателерді бірігіп табуды және олардың толық түсініктемесін ойлауды ұсынады. Әр оқушы өз нұсқасының тапсырмасын орындайды. Оқушылар табылған қателер туралы бір – біріне айтып береді.
Жауабы: Оқушылардың пікірлері мұғалім пікірімен сәйкес келе ме, дұрыс жауапты слайд арқылы көрсетіп, талқылаңыз. Топтық жұмыс Оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз. Оқушылар уақыты келгенде құрамы ауысып тұратын топта да жұмысын жалғастыра алатынын ескертіңіз. Әр топ орындайтын жұмыстарының тізімін алады. Негізгі мақсат: «Топтың барлық мүшелері барлық тапсырмаларды шешіп білуі және олардың кез-келгенін көрсете білуі керек». Сондықтан, әр оқушы өзіне тапсырма таңдайды. Ол тапсырманы толық шешімін, түсіндірмесін жазып орындайды, Егер оқушы таңдаған тапсырмасының шығару жолында қиындыққа кездессе немесе сенімсіз болса, онда осы тапсырманы орындауға жиналған басқа топтардан құралған жаңа топ мүшелерімен бірігеді. Шығару жолын жазады. Содан соң бастапқы топ мүшелері қайтадан бірігіп, өзара оқуды жүзеге асырады. Тапсырмалар: №1. Өрнектің сандық мәнін табыңыз:
№2. Өрнекті ықшамдаңыз:
Жауабы: ; ; ; ; ; . №3.
№4. Ықшамдаңыз: Жауабы: ; ; ; . Көзге жаттығу жүргізу №5. Әріптің қандай мәнінде өрнектің мағынасы болмайды:
Жауабы: 3, 0; 3; 9. №6. Теңдеуді шешіңіз:
Жауабы: 0,3; -24; -1. №7.
Жауабы: 1250 см3; 2,5m + 1,2. Жұмыс аяқталған соң мұғалім әр топтан есептің шешімін түсіндіруге бір оқушыдан шығуды ұсынады. Сонымен бірге олардың түсінік беретін есептерін басқа топ мүшелері таңдайды | Қосымша 1 Слайд 5 - 6 Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г. Қосымша 2 Слайд 7 - 8 Математика 6 класс, Н.Я. Виленкин, В.И. Жохов 32-е издание, Москва 2014 г. ISBN 978-5-346-03018-8 Қосымша 3 Слайд 9 Қосымша 4 Слайд 10 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардан сөйлемдерді аяқтауды сұрайды: Бүгін мен білдім … Мен … сезіндім Мен үшін қызықты болғаны … Бұл туралы менің басқа пікірім бар … Менің тағы да тыңдағым келеді … Тапсырма бойынша жұмыс … маған көмектесті. Менде ынта пайда болды … Үйге тапсырма Ықшамдаңыз:
| Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 5 Слайд 11 - 12 | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында шығарылатын есептер деңгейге қарай сараланған. Ұсынылған есептерде оқушы қабілеттері де ескереді. | Топтық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. | Іс – әрекеттегі өзгерістер оқушыларға күштері мен көңіл-күйлерін тиімді қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Көзге жаттығу орындауды ұсыныңыз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?