Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер.

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.8

тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын білу.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

• тепе-теңдік анықтамасын біледі;

  • тепе-тең түрлендіруді түсінеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • жақшаларды ашу ережесін қолданады;
  • тепе-теңдік анықтамасын тұжырымдайды;
  • өрнектердің теңбе-теңдігін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • алгебралық өрнектерің тепе-тең түрлендірулерінің орындауын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • айнымалы;
  • коэффициент;
  • ұқсас мүшелер;
  • әріпті өрнектің мәні;
  • өрнектерді ықшамдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • әріпті бөлігі бірдей қосылғыштарды … деп атайды;
  • ұқсас мүшелерді қосу үшін …;
  • егер жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса, онда ...;
  • егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса, онда ….
  • тепе-теңдік – бұл … теңдікті айтады.

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4 мин

4-5 мин

5-7 мин

7-9 мин

Ұйымдастыру.

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Жұпқа бөлу.

«Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.

Оқушыларға алгебралық өрнектер таратылады. Оқушылар өзіндегі алгебралық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы:

2(x+4) сәйкес 2x+8; 2+(3+а) сәйкес 5+а;

-(а+3) сәйкес –а – 3; 5-(5-с) сәйкес с т.б.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Оқушылардың меңгерген білімдерін саралап, ширату жаттығуын жүргізу үшін «Серпілген сұрақ» әдісі қолданылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін қорытындылайды.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақтың ортасы

9-18 мин

18-23 мин

23-27 мин

27-32 мин

32-37 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 1.

  • және 3х+3у өрнектерінің х=5 және у=4 болғанда мәндерін табыңыз.
  • және 3х+3у өрнектерінің х = -5 және у=7 болғанда мәндерін табыңыз.
  • 2х+у және 2ху өрнектерінің мәндерін табыңыз, мұндағы х=1 және у=2.
  • 2х+у және 2ху өрнектердің мәндерін табыңыз, мұндағы х=3 және у=4
  • Мысалдардың шешімдерін талқылаңыз;
  • тепе-теңдік анықтамасын тұжырымдаңыз;
  • сандармен қолданылатын амалдардың қасиеттерін көрсететін тепе-теңдіктерге мысалдар келтіріңіз.

Оқушылардан берілген өрнектегі жақшаны ашу үшін көбейтудің қандай қасиеттерін пайдаланғандықтарын сұрастыру арқылы тепе-теңдік анықтамасын тұжырымдауға жетелеу.

Қорытынды: Екі өрнектің айнымалылардың кез келген мәндерінде сәйкес мәндері тең болса, онда олар теңбе-тең өрнектер деп аталады.

Тапсырма 2.

Тепе-тең түрлендірулерді түсіндіріңіз.

  • Ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз:
  • Жақшаларды ашамыз

Оқушылардан әр есептің шешуіне түсінік берулерін сұралады және тепе-тең түрлендірулер ұғымының қалыптасуына (ұқсас мүшелерді біріктіру, жақшаларды ашу) ықпал етіледі.

Оқушылардың тепе-теңдіктің анықтамасы мен тепе-тең түрлендірулер түсінігіне назар аударылады.

Сергіту сәті

Бәріміз тұрамыз, жаттығу жасаймыз (егер тұжырымдамамен келіссеңіздер –аяқтың ұшымен тұрып, қолымызды жоғары көтереміз, егер келіспесеңіздер – қолымызды алға созып, тізерлеп отырамыз.)

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 3.

  • Амалдардың қандай қасиеттері мына өрнектер теңбе-теңдік болады деп ұйғаруға мүмкіндік береді:

а) аb+16c және 16c+аb; ә) (а+2)+х және а+(2+х);

б) ху+3 және 3+ху; в) 5(b+c) және 5c+5b?

  • Амалдардың қандай қасиеттеріне сүйеніп, мына өрнектер теңбе-теңдік болады деп ұйғара аламыз.

а) аb және 25аb; ә) 6(х+у)+4 және 6х+6у+4;

б) 2с3 және 6с; в) 3аb+2c және 2c+3bа.

Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын үнемі бақылап бағалайды. Оқушылардың қажеттілігіне қарай үнемі түзетіліп отыруы мүмкін.

Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 4.

1. Мына өрнектер теңбе-теңдік бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

а) (2а)(7b) және 14аb; ә) -2а+2а және 0;

б) х-у және у-х; в) және ?

  • Амалдардың қандай қасиеті берілген теңдік теңбе-теңдік болады деп ұйғаруға мүмкіндік береді:

а) 12(аb-4)=12аb-48; ә) (x-x)a=0?

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011

Қосымша 1.

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Алгебра -7

Ю.Н.Макарычев,

К.И.Нешков,

Н.Г.Миндюк,

С.Б.Суворова

- Алматы: «Рауан»

Қосымша 4.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақ ортасында сергіту сәті жасалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу