Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік.

Оқу мақсаттары: 6.2.1.8 тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын білу.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

  • жақшаларды ашу ережесін қолданады;
  • тепе-теңдік анықтамасын тұжырымдайды;
  • өрнектердің теңбе-теңдігін анықтайды.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  • Екі өрнектің айнымалылардың кез келген мәндерінде сәйкес мәндері тең болса, онда олар теңбе-тең өрнектер деп аталады.
  • Оң және сол жақ бөліктері тепе-тең өрнектер болатын айнымалысы (айнымалылары) бар теңдік тепе-теңдік деп аталады.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 Жұпқа бөлу үшін «Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.

Оқушыларға алгебралық өрнектер таратылады. Оқушылар өзіндегі алгебралық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы:

22+4 сәйкес 134; 27+14 сәйкес 5+26;

-(7+3) сәйкес –13+ 3; 5+(5-10) сәйкес 70 т.б.

 Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

Тапсырма 1.

Бұл тапсырманы орындау барыында оқушылардан неге осындай сәйкестік орнағанын түсіндіріп берулерін сұрау керек.

Берілген ұйғарымды теңдік түріндегі өрнекпен сәйкестендіріңіз.

1

Кез келген сан мен нөлдің көбейтіндісі нөлге тең.

А

= (

2

Екі қарама-қарсы санның қосындысы нөлге тең.

Ә

ab = (-a)(b)

3

Екі санның көбейтіндісі сол сандарға қарама қарсы сандардың көбейтіндісіне тең.

Б

a0 = 0

4

Кез келген санның квадраты сол санға қарама-қарсы санның квадратына тең.

В

-a+a = 0

Жауабы: 1-Б; 2-В; 3-Ә; 4-А.

Бірнеше оқушылар өз жауаптарын түсіндіріп өтеді.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

 Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

 Жаңа сабақты түсіну.

 Жұптық жұмыс.

Оқушыларға жұпта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Бұл ашық сипаттағы тапсырма және оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтауға мүмкіндік береді.

Тапсырма 2.

1. Мына өрнектер теңбе-теңдік бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

а) 2+8bа және 8аb+2; ә) (а+b)0 және а+b;

б) 2х+7 және 2(х+7); в) (а+b)2 және 2а+2b?

Жауабы: a)болады; ә) болмайды; б) болмайды; в) болады.

2. Егер мүмкін болса, мына теңдік тура болатындай х айнымалының қандай да бір мәнін көрсетіңіздер:

а) 5х+4 = 5(x+2); ә) 5х - 12 = 3(x - 4).

Шешімі:

а) 5х+4 = 5(x+2) ә) 5х - 12 = 3(x - 4).

5х+4 = 5x+10 5х - 12 = 3x - 12

0х = 6 2х = 0

х = х = 0

а) Жауабы: шешімі жоқ. ә) Жауабы: х = 0

Бірнеше жұп өз ойларымен бөліседі. Сосын сыныппен бірге сандарға қолданылатын амалдардың негізгі қасиеттерін көрсететін теңдіктер теңбе-теңдіктер жазылады.

a+b=b+a, (a+b)+c=a+(b+c), ab=ba, (ab)c=a(bc),

a(b+c)=ab+ac, a+0=a, a+(-a)=0, a–b=a+(-b), a1=a,

a(-b)=-ab, (-a)(-b)=ab.

Оқушылардың тепе-теңдіктің анықтамасы мен тепе-тең түрлендірулер түсінігіне назар аударылады.

 Жаңа сабақты меңгеру.

Сыныппен жұмыс.

Бұл тапсырма ашық сипаттағы тапсырма, барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі.

Тапсырма 3.

1. Қандай да бір теңбе-теңдік құрастырыңыз:

1) Бір айнымалысы бар;

2) Екі айнымалысы бар;

3) Үш айнымалысы бар.

Құрастырылған теңбе-теңдікке сәйкес келетін тапсырма құрастырыңыз.

Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын үнемі бақылап бағалайды. Оқушылардың қажеттілігіне қарай үнемі түзетіліп отыруы мүмкін.

2. Тура теңдік болатындай етіп, жақшалар қойыңдар:

Жауабы:

Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді.

 Жаңа сабақты бекіту.

Бұл тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындату ұсынылады. Бұл ашық сипаттағы тапсырма және оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл тапсырмалардың барлығын барлық оқушы орындау міндетті емес. Тапсырманы саралап беруге болады.

Тапсырма 4.

  • Теңдік теңбе-теңдік бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

а) 6(x - y) = 6x – 6y; ә) 25(а - а) = 25;

б) 3а – 4 = а+ ( 2а – 4); в) 0,3а 5а = 1,5а;

г) х + (- х) +у = у; ғ) 1 + 2а = 2а + ;

д) ( - 1)а + = b - а; е) 5у – 15 = 5(у – 2).

Жауабы: a)болады; ә) болмайды; б) болады; г) болады; ғ) болады; д) болады;

е) болмайды.

2. Теңдік тура болатындай көп нүктенің орнына өрнек жазыңыз.

а) 5x – 6х + ..... = 7x; ә) 7n – 10n + ….+ n = 9n;

б) 2а – 5а – 6а + …. = 7а; в) – a + …. = 10а – 8a;

г) 3(х - …. x) = ….. - 12; ғ) – 5( …. – n) = 12 + …. ;

д) а …. = а; е) 2x + …. = 0.

Жауабы: a) 8x; ә) 11n; б) 16a; в) 3a.

Оқушылар өз жұмысын дайын жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
  • Ю.Н.Макарычев, К.И.Нешков, Н.Г.Миндюк, С.Б.Суворова Алгебра -7,- Алматы: «Рауан»
  • Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
  • https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу