Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер. | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік. | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.8 тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын білу. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: • тепе-теңдік анықтамасын біледі;
| |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет. | |||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-3 мин 3-5 мин 5-8 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жұпқа бөлу. «Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады. Оқушыларға сандарға амалдар қолданған үлестірме таратылады. Оқушылар өзіндегі сандық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы: 22+4 сәйкес 134; 27+14 сәйкес 5+26; -(7+3) сәйкес –13+ 3; 5+(5-10) сәйкес 70 т.б. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Жақын арада даму аймағын» анықтау. Тапсырма 1. Берілген ұйғарымды теңдік түріндегі өрнекпен сәйкестендіріңіз.
Бірнеше оқушылар өз жауаптарын түсіндіріп өтеді. Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Қосымша 1. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-15 мин 15-25 мин 25-37 мин | Жаңа сабақты түсіну. Жұптық жұмыс. Тапсырма 2. 1. Мына өрнектер теңбе-теңдік бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз. а) 2+8bа және 8аb+2; ә) (а+b)0 және а+b; б) 2х+7 және 2(х+7); в) (а+b)2 және 2а+2b? 2.Егер мүмкін болса, мына теңдік тура болатындай х айнымалының қандай да бір мәнін көрсетіңіздер: а) 5х+4 = 5(x+2); ә) 5х - 12 = 3(x - 4). Бірнеше жұп өз ойларымен бөліседі. Сосын сыныппен бірге сандарға қолданылатын амалдардың негізгі қасиеттерін көрсететін теңдіктер теңбе-теңдіктер жазылады. a+b=b+a, (a+b)+c=a+(b+c), ab=ba, (ab)c=a(bc), a(b+c)=ab+ac, a+0=a, a+(-a)=0, a–b=a+(-b), a1=a, a(-b)=-ab, (-a)(-b)=ab. Жаңа сабақты меңгеру. Сыныппен жұмыс. Барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі. Тапсырма 3. 1. Қандай да бір теңбе-теңдік құрастырыңыз: 1) Бір айнымалысы бар; 2) Екі айнымалысы бар; 3) Үш айнымалысы бар. Құрастырылған теңбе-теңдікке сәйкес келетін тапсырма құрастырыңыз. 2. Тура теңдік болатындай етіп, жақшалар қойыңдар: Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын үнемі бақылап бағалайды. Оқушылардың қажеттілігіне қарай үнемі түзетіліп отыруы мүмкін. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Бұл тапсырмалардың барлығын барлық оқушы орындау міндетті емес. Тапсырманы саралап беруге болады. Тапсырма 4.
а) 6(x - y) = 6x – 6y; ә) 25(а - а) = 25; б) 3а – 4 = а+ ( 2а – 4); в) 0,3а 5а = 1,5а; г) х + (- х) +у = у; ғ) 1 + 2а = 2а + ; д) ( - 1)а + = b - а; е) 5у – 15 = 5(у – 2). 2. Теңдік тура болатындай көп нүктенің орнына өрнек жазыңыз. а) 5x – 6х + ..... = 7x; ә) 7n – 10n + ….+ n = 9n; б) 2а – 5а – 6а + …. = 7а; в) – a + …. = 10а – 8a; г) 3(х - …. x) = ….. - 12; ғ) – 5( …. – n) = 12 + …. ; д) а …. = а; е) 2x + …. = 0. Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. | Алгебра -7 Ю.Н.Макарычев, К.И.Нешков, Н.Г.Миндюк, С.Б.Суворова - Алматы: «Рауан» Қосымша 2. Қосымша 3. Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 4. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Барлық оқушыға диалог аясында сындарлы кері байланыс беріледі.Сонымен бірге әр оқушының даму траекториясын қалыптастыру үшін олардың қабілеті мен сұранысына сай тиімді кері байланыс беріледі. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау . Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?