Мәтінді есептер: қозғалысқа берілген есептерді шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ № 1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аяшева Г.О., Бектасова Н.А.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептер: қозғалысқа берілген есептерді шешу

Сабақтың түрі

Оқылған материалды жалпылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.4 рационал сандармен мәтінді есептер шығару.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Қозғалысқа қатысты мәтінді есептерді шығарады;

 Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса оқу мақсатына жетеді

- есептің шартын математикалық тілге аудару

- есеп шешімінің жоспарын құрастыру

- жоспарды жүзеге асыру (есептеулер орындау)

- есептің сұрағына жауап беру

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тапсырмаларды орындау барысында келесі терминдерді қолдана алатын болады:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жылдамдық, жол, уақыт, ағысқа қарсы жылдамдық, ағыс жылдамдығы. Меншікті жылдамдық, математикалық модель

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Есептің шартын математикалық тілге аудару үшін...

Есептің математикалық моделі....

Белгісіз х айнымалысы ретінде ....

Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы іске асады.

Мультикультурализм

  • Өзін-өзі және басқаларды құрметтеу;
  • Қоршаған адамдардың мәселелерін көре және түсіне білу; сынды қабылдай білу; топта жұмыс істей білу қабілеттері.

Пәнаралық байланыстар

Рационал сандарға амалдар қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды. Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге және керісінше айналдыру физикада, химияда және басқа да пәндерде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі.

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу

-Оқушылардың назарына бір сөзбен біріктірілген 4 сурет ұсынылады. Суреттерге сәйкес оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

-Сабақтың тақырыбы анықталған соң оқу мақсаты тұжырымдалады.

Презентация

Сабақтың ортасы

2 мин

5 мин

3 мин

7 мин

10 мин

2 мин

5 мин

2 мин

Мұғалім сабақтың барысы «Formula 1» атты ойын түрінде өтетіндігін хабарлайды.

1. Білімді жаңғырту.

1. Қозғалысқа берілген есептерді шешуде қандай шамалар қолданылады?

2. Бұл шамалар қандай формулалардың көмегімен байланысады?

Оқушылар өз нұсқалар келтіріп, негіздейді.

Тапсырманы орындау барысында ашықтық, шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтары дариды

2. Ауызша жұмыс.

Тапсырма: Берілген өлшем бірлікпен өрнектеңіз.

Жауапты жай және ондық бөлшек түрінде беріңіз.

Мысалы: 30 мин = сағ = 0,5 сағ

1) 15 мин = сағ = сағ

2) 45 мин = сағ = сағ

3) 18 мин = сағ = сағ

4) 1 сағ 24 мин = сағ = сағ

5) 2 сағ 54 мин = сағ = сағ

6) 200 м = км = км

7) 14 дм = м = м

8) 100 м 10 дм = км = км

9) 5 см = м = м

10) 2 км 450 м = км = км

Бағалау: Тексеру жұмысы презентациядағы дайын жауаптар арқылы іске асады.

3. Топтық жұмыс.

Топтар ауызша жұмыстың қорытындылары бойынша ұйымдастырылады.

1-топ – (жоғары көрсеткіштер)

2-топ – (орташа көрсеткіштер)

3-топ – (төмен көрсеткіштер)

Әрбір топқа машиналар класы сәйкес келеді

1- Ferrari

2- Honda

3- Mercedes.

Топтық бөлінуге сәйкес қиындық деңгейлері мен көлемдері бойынша әртүрлі тапсырмалар құрылады. Әрбір топта алғашқы үш орын анықталады (жинаған ұпайларына сәйкес), ойын қатысушылары жеке жұмыс істейді.

Тапсырмалардың орындалуы еңбек пен шығармашылық, ынтымақтастық, ашықтық сияқты құндылықтардың даруына ықпал етеді.

І. Жарысқа дайындық

Автомобильдегі ақауды жөндеу.

Тапсырма: Қатені табыңыз.

1)0,134∙1000=13,4 -

2) 16,12:4 = 4,3 -

3) -1,06 + 0,4= 0,64 -

4)5,72-0,02 = 5,7 +

5)16,5:0,1 = 1,65 -

6)3,2∙100 = 0,032 -

7)27,18:(-3) = - 9,6 -

8)2,7 + 0,3 = 3 +

9)-3,61+0,1 = - 3,6 -

10)5: 100 = 0,5 -

Бағалау: Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар парақтарымен өзара алмасып, тақтада көрсетілген жауаптар бойынша тексеру жүргізіледі. Әрбір дұрыс анықталған қате үшін бір ұпай беріледі.

ІІ. Жұмсалатын жанармай есебі

Тапсырма: математикалық жарыстың бір айналымына орта есеппен жұмсалатын жанармай көлемін табыңыз.

1-топ.

Автомобиль жанармайды келесідей жұмсайды:

жарыстың үш бөлігін 6,4 литрден

екі бөлігін 7,2 литрден

бес бөлігін 5,6 литрден

Жауабы: (19,2+14,4+28 ):10= 6,16

2-топ.

Автомобиль жанармайды келесідей жұмсайды:

жарыстың 3 бөлігін 5,6 литрден,

4 бөлігін 6,3 литрден.

Жауабы: (16,8+25,2):7= 42:7=6

3-топ.

Автомобиль жанармайды келесідей жұмсайды:

Жарыстың екі бөлігін 6,1 литрден,

Үш бөлігін 5,1 литрден.

Жауабы: (12,2+15,3):5=27,5:5=5,5

Бағалау: Бір топтың мүшелері басқа топтың мүшелерімен жауап парақтарымен алмасады. Тақтада көрсетілген дайын жауаптар бойынша тексереді. Ұпайлар келесідей беріледі:

дескрипторлар

Жолдың барлық бөліктерінің саны анықталған

1

Барлық бөліктерге жұмсалған жанармай көлемі дұрыс есептелген

1

Бір бөлікке жұмсалған жанармайдың орташа көлемі дұрыс есептелген

1

ІІІ. Айналым Қосымша

Бұл бөлімнің тапсырмалары түгел топпен орындалады.

Шығармашылық тапсырма: Схема бойынша мәтінді есеп құрастырып оны шешіңіз

Бағалау: құрастырылған мәтіннің дұрыстығын мұғалім тексереді, ұпай бір топтың оқушыларына бірдей беріледі. Есептің шешімі дайын жауаптар бойынша тексеріледі.

дескрипторлар

Құрастырылған мәтіннің мазмұны шынайы өмірге сәйкеседі

1

Құрастырылған мәтін схемаға сәйкес

1

Жақындау (алыстау) жылдамдығы дұрыс есептелген

1

Ізделінді арақашықтық дұрыс есептелген

1

Жауаптары:

1 топ

1) 3,8 + 5,4 = 9,2 (км/сағ) жақындау жылдамдығы

2) 41,4 – 9,2 ∙ 2,5 =41,4 – 23 = 18,4 (км) арақашықтық

Жауабы: 18,4 км

2 топ

1) 48,7 – 16,9 = 31,8 (км/сағ)

қуып жету жылдамдығы

2) 31,8 ∙ 3,6 + 159 = 114,48 + 159 = (273,48) км арақашықтық

Жауабы: 273,48 км

3 топ

1) 15 мин = 0,25 сағ

2) 54,3 + 96,1 =150,4 (км/сағ)

алыстау жылдамдығы

3) 150,4 ∙0,25 + 16,4 =37,6 + 16,4= 54 (км) арақашықтық

Жауабы: 54 км

Қосымша тапсырма: Құрастырған мәтінді есеппен өзара алмасып, мәтін бойынша оның схемасын салыңыз.

дескрипторлар

Мәтін бойынша схема дұрыс құрастырылған

1

ІV. Pit Stop.

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU - сергіту сәті.

V. Соңғы айналым.

Тапсырма: Есеп мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

Бағалау:

дескрипторлар

Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берілді

1

Сұрақтардың жартысына дұрыс жауап берілді

1

Жауаптары:

  • 90 км
  • 45 км/сағ
  • 16 км
  • 32 км/сағ
  • 106 км
  • 42,4 км/сағ

Финиш.

Жиналған ұпайларға сәйкес, алғашқы үш жүлделі орын алған оқушылар анықталады.

Презентация

Дидактикалық материалдар

Сабақтың соңы

2 мин

Үй жұмысын беру

Қиықшада берілген мәтінді есеп.

Велотуристер үш күнде 460 км жол жүрді. Бірінші күні жүрген жолдың екінші күні жүрген жолға қатынасы 7:5 қатынасындай. Велотурдың екінші күні жүрген жолдың үшінші күні жүрген жолға қатынасы 3:2 қатынасындай. Туристер 20 км/сағ жылдамдықпен қозғалған болса, олар үшінші күні қанша уақыт жолда болған?

Сабақ бойынша рефлексия жүргізу.

Оқушыларға машина тәріздес карточкалар таратылады.

Оларда келесі сөйлемдерді аяқтау қажет болады:

- маған ең ұнағаны ……

- мен үшін күрделі болғаны …..

-келесіде мен міндетті түрде орындай аламын…….

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әрбір оқушыға қолжетімді тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі.

өзін-өзі бағалау

мұғалімнің бағалауы

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу