Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткрлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Мәтінді есептерді шығару | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.2.4 рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - есептің шартын математикалық тілге аудару; - есеп шешімінің жоспарын құрастыру; - жоспарды жүзеге асыру (есептеулер орындау); - есептің сұрағына жауап беру; - мәтінді есептерді шығарады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар - есептің шартын математикалық тілге аудара алады; - есеп шешімінің жоспарын құрастыра алады; - жоспарды жүзеге асырады (есептеулер орындайды) - есептің сұрағына жауап бере алады: - мәтінді есептерді шығара алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Бөлім бойынша лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қолданбалы математика есептері, кейбір бөлімдерді физика, химия және география пәндерімен байланыстырады | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру | ||||||
Бастапқы білім | Рационал сандарды көбейту және бөлу. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Ұйымдастыру кезеңі. 0 - 3 | Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын тексеру Бір – бірінің дәптерлерін тексеру | ||||||
Сабақтың басы 4 – 10 мин | Өтілген тақырып бойынша тест тапсырмалары: 1.Егер тізбек ондық бөлшектермен қандай да бір заңдылықпен жазылса, онда келесі мүшесін табыңдар: -8,4; -8,2;-8,0;-7,8;-7,6… 1) -7,2 2) -7,4 3) -7,8 2.Алгебралық қосындының қайсысынын мәні нольге тең болады: 1) -2-3+8+5 2) 6-2,2-3-0,3 3) 0,1+0,5-0,2-0,4 3. х+(-2,3) = 0 теңдеуінің түбірі неге тең 1) -2,3 2) 0 3)2,3 4. Егер С(2,5) және О(-4) нүктелерінің координаталары берілсе, онда СО кесіндісінің ұзындығы неге тең: 1)-1,5 2) 6,5 3) 1,5 5. (-0,84) + …0 көп нүктенің орнына таңбаны қойыңдар: 1) > 2) < 3) = 6. Қай өрнектің мәні ең кіші мәнге тең 1) –(-2,7)+8 2) –(15+(-3)) 3) –(2+8,7) 8. өрнегінің мәні неге тең 1) 1 2) -1 3) 2 9.Дұрыс емес тұжырымдаманы анықтаңыз: 1) Үш теріс санның көбейтіндісі терсі сан 2) теріс сан мен оң санның көбейтіндісі оң сан 3) Екі теріс сан мен оң санның көбейтіндісі әрқашанда оң сан 10. > таңбасын қойыңдар: 2) 3) 11. … теңдігіндегі көбейткіш неге тең 1) -0,001 2) -100 3) -1000 12. өрнектің мәні неге тең 1) -5 2) 5 3) 1 13. -18,6 : …>0 теңсіздігіндегі белгісіз санды табыңдар 1) 0 2) 3,1 3) -9,3 | Қосымша 1. | |||||
Сабақтың ортасы 11 – 20 мин | Оқушыларды жұпқа біріктіріңіз. Әр жұпқа белгісіз сандық мәліметтері бар есептер ұсыныңыз. Мысалы: Егер катердің меншікті жылдамдығы а км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы b км/сағ болса, катер ағыс бойымен t сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді? Әріпті өрнекті құрастырып, оның мәнін табыңыз, егер ; ; . Жұптар арасында өзара тексеру жүргізіледі. Одан соң дұрыс жауап ұсынылады. Жіберілген қателер болса, талдап, ортаға салыңыздар. | Оқу жоспары Математика 6 сынып https://studopedia.ru/18_61774_ponyatie-tekstovoy-zadachi-i-ee-struktura.html | |||||
21 – 22 мин | Сергіту сәті. Көзге жаттығу жұмысы. | ||||||
23 – 37 мин | Жалпы сыныппен жұмыс Оқушылар тақтада сайтта шығып тұрған тапсырмаларды кезекпен кезек алып орындайды. Қалған оқушылар тексеріп, дұрыс – қатесін айтады. http://mathematichka.ru/ege/problems/problem_B1P1.html | http://mathematichka.ru/ege/problems/problem_B1P1.html | |||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үй жұмысын беру №1. Өзен бойымен бір – біріне қарама – қарсы әрқайсысының меншікті жылдамдығы 12,5 км/сағ болатын екі қайық шықты. Өзен ағысының жылдамдығы 2,5 км/сағ. Егер екеуінің арақашықтығы 80 км болса, онда олар неше сағаттан кейін кездеседі? Сабақ бойынша рефлексия жүргізу. Оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтау қажет болады: - маған ең ұнағаны …… - мен үшін күрделі болғаны ….. -келесіде мен міндетті түрде орындай аламын……. | Қосымша 2 | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Әрбір оқушыға қолжетімді тапсырмаларды ұсыну арқылы қолдау жүргізіледі. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айтылады. Әр бөлімде дискриптор арқылы бағаланады. | Тапсырмалар арасында «дене шынықтыру жаттығу» жасату. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?