Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаттары:
6.5.2.4
рационал сандарды қолданып мәтінді есептерді шығару;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы:
- есептің шартын математикалық тілге аудара алады;
- есеп шешімінің жоспарын құрастыра алады;
- жоспарды жүзеге асырады (есептеулер орындайды)
- есептің сұрағына жауап бере алады:
- мәтінді есептерді шығара алады.
Жұптық жұмыс
Негізгі деңгей
№1. Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 2 есе артық, ал екі қорапта барлығы 48 дәптер бар. Бірінші қорапта қанша дәптер болған?
№2. Аулада 16 үйрек және балапандар жүр. Егер үйрек саны балапандар санынан 3 есе кем болса, онда аулада қанша балапан бар?
Орта деңгей
№1. Үш санның қосындысының мәні 94-ке тең. Бірінші сан екінші саннан 18-ге кем, ал үшінші сан екінші саннан 4-ке артық. Осы сандарды табыңдар.
Ілгерілеу деңгейі
Схема бойынша есептің шартын құрастыр және автомобильдің қозғалыс жылдамдығын табыңдар:
Жеке жұмыс
1-тапсырма
Арақашықтығы 21 км болатын екі елді мекеннен бір мезетте бір-біріне қарама-қарсы екі велосипедші шықты. Бірінің жылдамдығы екіншісінен есе кем. Егер екі велосипедші 45 минуттан кейін кездескен болса, велосипедшілердің жылдамдықтарын табыңыз (жауабын км/сағ түрінде жазыңыз).
Дескриптор: Білім алушы
- жылдамдықтың бірін екіншісі арқылы өрнектейді;
- уақытты сағатпен өрнектейді;
- теңдеу құрастырады;
- жылдамдықтарды есептейді.
2-тапсырма
Автомобиль екі қаланың арасын 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Қайтар жолында жылдамдығын 10 км/сағ-қа кемітіп, барған уақытқа қарағанда 45 минутқа ұзақ жүрген болса, екі қаланың ара қашықтығын табыңыздар.
Дескриптор: Білім алушы
- есептің математикалық моделін құрады;
- қайтар жолдағы жылдамдықты табады;
- жүрілген жолды есептеу формуласын қолданады;
- теңдеу құрады;
- белгісіз уақытты есептейді;
- ара қашықтығын есептейді.
Үй тапсырмасы:
Рефлексия
№1. Катердің меншікті жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан 11 есе көп. Катер өзен ағысына қарсы 3,5 сағатта 84 км жүрді. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар?
Төменде көрсетілген өзіңнің көңіл-күйіңе сәйкес бағанды таңдаңыздар:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?