Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.22

рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдаланады;

– рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін пайдаланады;

– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдаланады;

–амалдарды орындау ретімен орындайды;

–өрнектің сандық мәнін табады.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар

– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдалана алады;

– рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін пайдалана алады;

– рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдалана алады;

–амалдарды орындау ретімен орындай алады;

–өрнектің сандық мәнін таба алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарды көбейтуді/бөлуді ауызша айқындайды;
  • жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды түсіндіреді;
  • шексіз периодты ондық бөлшектің периодын табуды түсіндіреді;
  • мәтіндік есептерді шешу қадамдарын айқындайды;
  • сандық өрнектің мәнін табуда амалдарды орындау ретін түсіндіреді;
  • рационал сандарға амалдар орындау қасиеттеріне сүйенеді.

Бөлім бойынша лексика және терминология

  • шектеулі ондық бөлшек;
  • шектеусіз периодты ондық бөлшек;
  • шектеусіз периодсыз ондық бөлшек;
  • бөлшектің периоды.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • рационал сан жай бөлшек/ондық бөлшек түрінде жазыла алады;
  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін ... қажет;
  • егер сан периодты/шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылатын болса, онда ол рационал сан болып табылады;
  • 2,55 санын «екі бүтін жүзден елу бес» деп оқимыз;
  • 0,(6) санын «нөл бүтін периодта алты» деп оқимыз;
  • 3,1(4) санын «үш бүтін оннан бір периодта төрт» деп оқимыз;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы математика есептері

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Рационал сандарды көбейту және бөлу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі.

0 - 5 мин

Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Бір – бірінің дәптерлерін тексеру.

Оқушылар біз қандай сандарды білеміз, еске түсірейік:

1.Натурал сандар анықтамасы, Мысалы; 1; 2; 3; ... N

2. Бүтін сандар қандай сандар, белгіленуі Z

3. Рационал сандар қандай сандар, белгіленуі. Q

Презентация

Сабақтың ортасы

6 – 10 мин

Ауызша есептеу. Тест.

1. Қай сан бүтін сан?

 А) 4,3 Б) 0,33 В) -12 Г) 13,7

2. Қай сан натурал сан?

 А) -17 Б) 2,56 В) 0 Г) 325

3. Амалдарды орында: -15 +20

 А) -5 Б) 5 В) 35 Г) -35

4. Амалдарды орында: -1,5 : 3

 А) -5 Б) 0,5 В) -0,5 Г) 5

5. Амалдарды орында: -20 - ( -60)

 А) 40 Б) 80 В) -80 Г) -40

6. Қай сан оң санға да, теріс санға жатпайды?

 А) -12 Б) –( - 45) В) 0 Г) 78,2

Қатесін тап:

-1,75 + 1,75 = 0 ( - 12,5) * ( - 10 ) = - 1,25 ( -2,2 ) + 3,5 = - 1,3 -12,12 + ( - 0,78) = - 12,9 -9 * 6 = 54 ( -1/4):(-8/24)=3/4 -12,75 > 0 - 8,75 < 8,75

14 < -14 0 < -111

Презентация

11 – 20 мин

Жалпы сыныппен жұмыс

Тест жұмысы

1. Дұрыс тұжырымдаманы таңдаңыз:

а) Екі теріс санның көбейтіндісі - оң сан;

б) кез келген санды нольге бөлгенде ноль шығады;

в) кез келген рационал сан бүтін болады;

г) аb – ның көбейтіндісі нольге тең болады, егер а және b бір мезгілде нольге тең болса;

д) екі теріс санның айырмасы – теріс сан болады.

 2. Көбейтіндінің мәнін тап: 1,8 ( -1 ).

а) 2,4; б) 1,35; в) - 2,4; г) - 1,35; д) - 1,2.

3. Өрнектің мәнін тап: 2 • (- 3) + (- 3) • (- 4) - (- 7) • 5.

а) -53; б) - 29; в) 41; г) 53; д) 17.

 4. Бөлуді орында: .

а) - ; б) 5; в) 2; г) - 2; д) - .

 5. Өрнектің мәнін тап: .

а) - 7; б) 15; в) 1; г) - 15; д) 7.

 6. Өрнекті ықшамдаңдар: 4(а - b) – 6а + 4b. а) 10а; б) - 2a + 8b; в) l0a + 8b; г) -2а; д) басқа жауап.

7. Теңдеудің неше түбірі бар? (х + 3)(х + 4) = 0?

а) 2; б) 3; в) 1; г) 0; д)басқа жауап.

8. Қай бөлшекті шектеулі ондық бөлшек түріне келтіруге болмайды.

а) ; б) ; в) ; г) ; д) .

9. Өрнектің мәнін тап: .

а) - 4; б) 2,7; в) - 2,7; г) 4,95; д) - 0,27.

Қосымша 1

http://mariyakabica91.ucoz.ru/load/8-1-0-13

21 - 28 мин

Жұптық жұмыс

Жұпта орындап тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі тексереді. Есептерді дұрыс орындаса бір математик ғалымының аты шығады.

1 жұп

  • (-4)
  • 15:(-15)-(-24):8= (А)
  • (-14+6)(-2)+1= (Р)
  • (-2-3)
  • 3
  • -8
  • (-2) (Д)

2 жұп

1)(-2)

2)14: (-14)-(-32):8= (Х)

3)(-18+9) : (-3)+3= (Р)

4)(-4-2)

5)2

6)-4

7.(-3)

Қосымша 2

https://infourok.ru/samostoyatelnaya-rabota-arifmeticheskie-operacii-nad-racionalnimi-chislami-2390621.html

29 – 30 мин

Сергіту сәті. Көзге жаттығу жұмысы.

Аяқтарыңызды алшақ қойып, бүкіл денеңізбен бір жағыңыздан екінші жағыңызға қарай бұрылыңыз. Көздеріңіз алыстау тұрған бір нәрсеге қадалуы қажет. Ауық-ауық кірпіктеріңізді қағып қойыңыз. Жаттығуды 50 рет қайталаңыз.Толығырақ: http://alashainasy.kz/psychology/kozge-arnalgan-jattyigular-62636

31 – 37 мин

Жеке жұмыс

(дифференциалданған тапсырмалар беріледі)

Есептеңдер:

1) 2,1 : (-0,7);

2) – 1,25 : 2,5;

3) 14,7 : 7;

4) – 2,5 (- 0,4);

5) : ;

6) :;

7) 3,9 ;

8) - 2,8 ;

9) ;

10) ;

11) 0,25 4 ;

12) (- 12,5) (- 8) 7;

Қосымша 3

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үй тапсырмасы:

1. Теңдеуді шешіңдер: xx = 3,6.

2. Қыз бала дәптердің 36 бетін жазды, бұл барлық дәптер бетінің - і. Дәптердің неше беті бар?

Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізеді

Сабақ өте жақсы ұнады,

бар мүмкіндігімді пайдаландым

Сабақ ұнады,

өз мүмкіндігімше қатыстым

Әлі жұмыс жасауым керек

Учебник «Математика - 6» Н.Я.Виленкин, Жохов В.И, Чесноков А.С. и др., Москва «Мнемозина», 2010г.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциалдық тапсырмаларды жұптық және жеке жұмыстарда қолданады.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айтылып, әр түрлі смайликтер беріледі. Сабақтың әр бөлімінде бағалау жұмыстары жүргізіледі.

Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу