Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру.
Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.
Оқу мақсаттары:
6.1.2.18 шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу;
6.1.2.19 рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету;
6.1.2.20 шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы:
қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектер түрінде жаза алады және периодын көрсете алады.
қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жаза алады және периодын көрсете алады.
шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын көрсете алады.
Тапсырма :
бөлшектерін ондық бөлшекке айналдырыңыз. Олардың қайсысы шектеулі, қайсысы шектеусіз болатынына қорытынды жасаңыз.
Жаңа сабақ
І жағдай.
қысқартылмайтын жай бөлшектің бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5-тен басқа жай көбейткіштер болмайды.
Ондық таңбаларының саны шектеулі ондық бөлшектер шектеулі ондық бөлшектер деп аталады.
ІІ жағдай.
Периодты ондық бөлшектегі үтірден кейінгі шектеусіз қайталанатын бір цифр немесе цифрлар тобы период деп аталады.
Периодты ондық бөлшектер таза периодты ондық бөлшектер және аралас периодты ондық бөлшектер болып бөлінеді.
Егер периодты ондық бөлшектің периоды үтірден кейін басталса, оны таза периодты ондық бөлшек деп атайды.
Егер периодты ондық бөлшектің периоды үтірі мен бірінші периодының аралығында бір немесе бірнеше қайталанатын цифрлар тобы болса, оны аралас периодты ондық бөлшек деп атайды.
Cергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат қағайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып, ұшып қонайық.
Аққу болып ұшамыз,
Көлге келіп қонамыз.
Көлдің бетін құшамыз,
Қайта самғап ұшамыз.
Қане, балалар, тұрайық,
Мойнымызды әрлі-берлі бұрайық.
Қомдап алып, қанатыңды ұша ғой,
Қайта оралып, анашыңды құша ғой.
Үйге тапсырма:
Рефлексия
№605, №606
1. Сабақтың мақсаты қандай болды?
2. Мен мақсатқа жеттім бе?
3. Мен не білдім?
4. Мен нені үйрендім?
5. Мен нені түсінбедім?
6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?