Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.»
Сабақтың мақсаты:
6.1.2.18 шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу;
6.1.2.19 рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету;
6.1.2.20 шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы:
- қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектер түрінде жаза алады және периодын көрсете алады.
- қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жаза алады және периодын көрсете алады.
- шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын көрсете алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасып, оқушылар бүгінгі күндеріне бір-біріне сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.
Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар беру, өткен сабақты пысықтау.
Ой – түрткі:
С-1: Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылады?
С-2: Қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер таза периодты ондық бөлшек түрінде жазылады?
С-3: Перидты ондық бөлшектің периоды дегеніміз не?
Бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін оқулық бойынша дифференциалданған тапсырмаларды орындау.
Жалпы сыныппен жұмыс
А – деңгейі
№607. Рационал сандарды периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар. Таза периодты ондық бөлшектерді бір жолға, аралас периодты бөлшектерді екінші жолға теріп жазыңдар:
-
Жауабы: Таза периодты ондық бөлшектер:
аралас периодты бөлшектер:
№608. Амалдарды орындап, нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
№609. (1)
АВСД тік төртбұрышының ауданы 22 см2. Оның ұзындығы 9 см. Берілген тік төртбұрыштың енін тауып, оны периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар.
Жауабы: 2,(4) см.
В – деңгейі
№615. Рационал сандарды периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
С – деңгейі
№626. (1,3,5) Амалдарды орындап, нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
- ; ; 5)
Бағалау: Тақтада және өз орнында отырып орындаған оқушыларды мадақтау немесе әр түрлі смайликтермен мадақтап отыру.
Жұптық жұмыста «Карусель» әдісімен бір – біріне бағалау арқылы орындайды.
Жұптық жұмыс
№1. Жай бөлшектерді периодтық ондық бөлшектер түрінде жазыңдар:
№2. Қай жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады?
№3. Теңдіктің дұрыстығын дәлелдеңдер:
0,222... =
Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Төмендегі берілген ресурс бойынша жаттығу жұмысын жасату.
https://www.youtube.com/watch?v=XWKvb1zV_ws
Жұптық жұмысты болғаннан соң оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін жеке тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және өзін-өзі дескриптор, дайын жауап арқылы бағалайды.
Жеке жұмыс
1-тапсырма
Берілген бөлшектерден шектеулі ондық бөлшек түрінде жазуға болатын бөлшектерді теріп жазыңыз:
Жауабы: ;
Дескриптор: Білім алушы
- шектеулі ондық бөлшекке айналдыру шартын қолданады;
- шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылатын бөлшектерді жазады.
2-тапсырма
Амалдарды орындап, нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазып, таза период пен аралас периодты анықтаңыз:
a) ; b) ; c)
d)
Жауабы: а) – аралас; б) – таза;
с) – таза; d) – таза
Дескриптор: Білім алушы
-амалдарды орындайды;
-нәтижесін периодты ондық бөлшек түрінде жазады;
-период түрлерін анықтайды.
Сабақ соңында үйге тапсырма беріліп, есептің шарты түсіндіріледі.
Үйге тапсырма: «Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.» №615.
Содан соң оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша өз ойларын білдіреді.
Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.
-Нені білдім, нені үйрендім
- Нені толық түсінбедім
- Немен жұмысты жалғастыру қажет
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.
- Математика. 6кл.Учебник. Виленкин. Н. Я. 2009.
- https://www.youtube.com/watch?v=XWKvb1zV_ws
- https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BE%D0%B4%D1%82%D1%8B_%D0%91%D3%A9%D0%BB%D1%88%D0%B5%D0%BA
- https://scienceland.info/algebra8/repeating-decimals
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?