Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.»
Сабақтың мақсаты:
6.1.2.18 шектеулі ондық бөлшектер түрінде жазуға болатын жай бөлшектерді танып білу;
6.1.2.19 рационал санды шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде көрсету;
6.1.2.20 шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын табу;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы:
- қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшектер түрінде жаза алады және периодын көрсете алады.
- қысқартылмайтын жай бөлшектерді шектеусіз периодты ондық бөлшектер түрінде жаза алады және периодын көрсете алады.
- шектеусіз периодты ондық бөлшектің периодын көрсете алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасып. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бірін-бірінің дәптерін тексереді. Оқушылар жалпы сыныппен есепті талдап, жауабын айтып отырады.
Оқушыларға өткен тақырып бойынша тапсырма беру, өткен сабақты пысықтау.
Білімді актуаландыру.
«Кім жылдам»
Берілген сандарды периодты ондық бөлшекке айналдырып, таза периодты немесе аралас периодты екенін анықтаңыз, жауабыңыз түсіндіріңіз:
1 ; 0
- ; 1
Жаңа сабақты түсіндіру үшін :
Оқушыларға келесі нұсқаулықты қолданып шектеусіз периодты ондық бөлшектен жай бөлшекке айналдыруға тапсырма ұсыныңыз:
1. Үтірден кейінгі цифр саны біреу болатын ондық периодты бөлшек жазыңыз және ол санды а әріпімен белгілеп алыңыз. ( a = … )
2. Екі жағын да 10-ға көбейтіңіз.
3. 10 а – а өрнегін есептеңіз.
4. Пайда болған теңдеуден а санын табыңыз.
5. Қорытынды жасаңыз.
Мысалы:
х=7,(325) =7,325325...1000х = 7325,325325…999х=7318
х=7318/999
( 7318 – алымы, 999 – бөлімі )
Дәл осылай үтірден кейінгі цифрлар саны екеу, үшеу және тағы басқа жағдайларды қарастырыңыз.
Мысал:
1)x=0,1(23) 2) х = 0,2(7)10x=1,(23) 10x = 2,(7) 1000x=123,(23) 100x = 27,(7)1000x-10x=122 100x – 10x = 25990x=122 90x = 25x = x = x = x =.
Жаңа сабақты оқу мақсатын меңгеру үшін жұпта отырып, тапсырмаларды орындау. Жұпта өз орнында немесе түсінбеген есептерін тақтада орындату, орындаған оқушыларды мадақтау.
Жұптық жұмыс
№1. Мына таза периодты ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырыңдар:
а) 0,(4) = ; б) 3,(27) = 3; в) 4,(15) = 4; г) 0,(185) = .
№2. Мына аралас периодты ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырыңдар:
а) 0,5(3) = ; б) 3,1(6) = 3; в) 0,58(3) = ; г) 5,10(6).
№3. Жай бөлшекті шектеулі ондық бөлшек немесе шектеусіз периодты ондық бөлшек түрінде жазыңыз:
а)= 0,55; b) = 1,(81) ; в) = 1,2; г) = 0,8(3) .
№4*. Өрнектің мәнін табыңыз:
а) =
б) =
Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Төмендегі берілген ресурс бойынша жаттығу жұмысын жасату.
https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y
Жұптық жұмысты болғаннан соң оқушылар бүгінгі сабақтың оқу мақсатын меңгеру үшін жеке тапсырмалар беріліп, өз білімдерін шыңдайды және өзін-өзі дескриптор, дайын жауап арқылы бағалайды.
Жеке жұмыс
Тапсырма
Берілген шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырыңыз:
a) ; b) ; c)
d) ; e) 1,23(9)
Дескриптор: Білім алушы
-периодында бір саны бар периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмін қолданады;
-периодында екі саны бар периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмін қолданады;
-аралас периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру алгоритмін қолданады;
-бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазады.
Сабақ соңында үйге тапсырма беріліп, есептің шарты түсіндіріледі.
Үйге тапсырма: «Рационал санды шексіз периодты ондық бөлшек түрінде беру. Шексіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.» №633.
Содан соң оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері бойынша өз ойларын білдіреді.
Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.
- http://www.webmath.ru/poleznoe/formules_12_18.php
- https://itest.kz/kz/lekciya_shekteusiz_periodty_ondyq_bolshekti_zhaj_bolshekke_ajnaldyru_tasili_zhaj_bolshekting_ondyq_zhuyqtauy
- https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BE%D0%B4%D1%82%D1%8B_%D0%91%D3%A9%D0%BB%D1%88%D0%B5%D0%BA
- https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?