Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А бөлім: Рационал сандар және оларға амалдар қолдану. Сабақ -2

 Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

 Мұғалімнің аты-жөні: Абдрахманова Н.А.

Сынып:

 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Сабақтың түрі

 Жаңа материалды бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.17

рационал сандарды көбейтудің қасиеттерін қолдану;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • рационал сандарды қосудың қасиеттерін қолданады;
  • рационал сандарды көбейтудің қасиеттерін қолданады;
  • ауызша көбейте білу машықтарын дамытады.

Тілдік мақсат

Оқушы:

  • берілген сабақтың математикалық терминологиясын қолданады;
  • рационал сандарды көбейтуді ауызша айқындайды;
  • рационал сандарды көбейту ережелерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;
  • теріс сан;
  • бүтін сан;
  • рационал сан;
  • санның модулі;
  • таңбалары бірдей сандар;
  • таңбалары әртүрлі сандар;
  • ауыстырымдылық қасиеті;
  • терімділік қасиеті.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін;
  • таңбалары бірдей сандарды қосу үшін;
  • таңбалары әртүрлі сандарды көбейту үшін;
  • таңбалары бірдей сандарды көбейту үшін;
  • қосудың ауыстырымдылық қасиеті;
  • қосудың терімділік қасиеті;
  • көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті;
  • көбейтудің терімділік қасиеті.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • рационал сандарды кобейтуді тиімді тәсілмен орындайды;
  • рационал сандарды бөлуді тиімді тәсілмен орындайды;
  • рационал сандарды қосуды тиімді тәсілмен орындайды.

Құндылықтарды дарыту

Өзарасыйластыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету.топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.

Бастапқы білім

Оң сандар және теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Рационал сандарға амалдар қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(3-минут)

Үйымдастыру кезеңі. Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылайды.

Өзара сыйластық, ашықтық құндылығын дамыту.

www.for6cl.uznateshe.ru/sochetatelnoe–svojstvo–umnozheniya/

(слайд 1-2)

Сабақтың басы

5 минут

7 минут

Сабақ ортасы 10-минут

10-минут

2-минут

1-минут

Ауызша есептеу.

Презентация. Слайдтар № 4.

Оқушылар көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып, шығарған есептерді түсіндіреді.

Бұл кезеңде оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, бірін бірі сыйлау дағдылары дамытылады.

Үй тапсырмасын тексеру

Презентация бойынша тексеру (Слайд № 5)

Оушылардың өз жауаптарын негіздеп, түсіндіргені маңызды, неліктен олай ойлайды.

Графиктік диктант

Слайд № 6 – 7.

Презентация арқылы оқушылар өздерін тексереді және бағалайды.

Әрбір дұрыс жауапқа бір балдан беріледі.

Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.

Жұптық жұмыс.

Жұпқа бөлу тақырыпқа байланысты сөздердің ағылшынша жұбын табу арқылы жүзеге асады.

Тапсырма 1.

Өрнектердің мәнін табу арқылы,сейкес әріптер бойынша қандай геометриялық фигураның аты шығатынына көз жеткіз. Ол қандай фигура және оның қасиеттерін білеміз бе?

Р -4,5+(-a+5,6), егерa=-2,9; П (-1,1+m)-(3,1-m), егерm=-0,9;

O -(2b-3)+b,егерb=1,4;Л -(n-4,6)+(2,9-n), егерn=4,5;

Г c-(1,8-c),егерc=0,7;E 0,5-(2x+1,2)-x, егерn=-0,3;

M d-(0,7-3d),егерd=-0.8; A (y -5,4)-(-2,6+y), егерn=3.

-2,4

-2,8

4

-2,8

-1,5

-1,5

0,2

-1,5

1,6

-0,4

4

-2,8

-2,3

-2,3

Жауабы: параллелограмм

Тапсырма 2.

Өрнекті ықшамдап, оның коэффициенттерінің астын сызыңдар.

а) 5(-1,2х); жауабы: -6 х;

б) - жауабы:

в) -2n жауабы:-0.8 n2

г) жауабы: 3y3

д) жауабы: 16 c2

е)(-0,1d) жауабы:-0.001d3

Тапсырма 3.

Жүрдек поезд екі қаланың арасын – 10 сағатта, ал жолаушылар поезды – 12 сағат 30 минутта жүріп өтеді. Жолаушылар поезды жылдамдығы жүрдек поезд жылдамдығына қарағанда 28 км/сағ кем жылдамдықпен жүреді. Екі қаланың арақашықтығы қандай?

Жауабы: Екі қаланың арасы- 1400км

«Белсенді сынып» стратегиясын қолдану, яғни сыныпта түсінбеген оқушы еркін жүріп, келесі жақсы оқитын оқушыдан көмек ала алады.

Өзара тексеру, бағалау дайын суретпен жүргізіледі.

Әрбір дұрыс табылған жауапқа, бір баллға бағаланады.

Бұл этапта оқушылардың өмір бойы оқу құндылықтарын дамытады.

Мұғалім сұрағы:

  • Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?
  • Қандай қиындық туындады?
  • Қиын есептің шешімі қалай табылды?

Жеке жұмыс.

1. Көбейтуді орындаңдар:

а) -6,8•(-25); жауабы: 170;

б) ; жауабы: -

в) -. жауабы: -

2.Бөлуді орындаңдар:

а) 7,2:6; жауабы: 1,2;

б) -6:(-1,6); жауабы: 3,75;

в) . жауабы: -

3.Өрнектің мәнін табыңдар:

(5,4-8,2):(-0,14). жауабы: 20;

4. Жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіріңдер.

а) -3(a+b)+2(a-b); жауабы: -a-5b

б) 2(m-4n)-4(m-2n). жауабы: -2m

5.Теңдеуді шешіңдер:

-2(x-9)+5(x-4)=25 жауабы: х=9

Бұл жерде оқушылар өздігінен ақпарат алуды үйрену, талдау, өзінің жасаған жұмысына баға беру өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету,сынға дұрыс қарауды дарытады.

Кері байланыс.

Мұғалім сұрағы:

  • Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?
  • Қандай қиындық туындады?
  • Қиын есептің шешімі қалай табылды?

Дайын есептердің жауабымен өзін өзі тексеру. Оқушылар өзінің және сыныптастарының, жұмыстарын белгілі бағалау критерийлер бойынша бағалай алады.

«көз жаттығуын»жасау

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Әртүрлі таңбалы және бірдей таңбалы рационал сандарды көбейте алады

Әртүрлі таңбалы рационал сандарды көбейтеді

бірдей таңбалы рационал сандарды көбейтіп, бөле алады

Жақшаны аша алады

Көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық заңдарын пайдалып, көбейтуді орындайды

Үй жұмысы:

  • Теңдеуді шешіңдер:

а)

б)0,4b+0.8=0.9b-2.7;

в) 2,6z-0,2(3z-9)=-0.5(2z+6);

2. Тәлімгер барлық тапсырманы 8 сағатта, ал оның шәкірті 10 сағатта орындайды. Егер шәкірті бір сағатта тәлімгерге қарағанда 15 тетікті кем жасаса, олардың әрқайсысының еңбек өнімділігі қандай?

Презентация

Виленкин В.И. и др_Математика 6кл

Слайд № 5.

ДорофеевГ.В.,Петерсон Л.Г._математика_6 класс_ 2 часть

слайд№ 8

Қосымша-1

слайд№ 9

слайд№ 10

Қосымша-2

слайд№ 11

Қосымша-3

Сабақтың соңы

2-минут

Сабақты қорытындылау:

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік заңдарын.
  • Рационал сандарды көбейткенде бірінші неге көңіл аударған жөн?
  • Неліктен?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1.Нені үйрендім?

2.Нені білгім келеді?

3.Нені түсінбедім?

слайд№ 12

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Жеке , жұппен жұмыс кезіндегі жауап әр оқушының өзін өзі және бірін бірі бағалау жүзеге асады.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Қосымша-4.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу