Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Математика, 6 сынып, презентация.


Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Сабақтың тақырыбы:

Оқу мақсаттары:

6.1.2.17

рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану;

Бағалау критерийлері

Білім алушы

-Таңбалары әр түрлі рационал сандарды көбейтуге есептер шығара алады;

-рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік, үлестірімділік қасиеттерін біледі;

- қасиеттерін қолдана отырып, есептер шығара алады.

Шырылдады қоңырау.

Біз сабақты бастаймыз, Партамызға отырып . Өзара көз тастаймыз, Табыс тілеп көзбенен Жаңа білім алуға, Алға қадам бастаймыз!

Әрі қарай сабағымызды бастаймыз.

Психологиялық ахуал

(– 16,8)

67

1,3

– 21

– 13

10,6

– 54

0

Білім жаңғырту

Сөйлемді аяқтаңыз:

Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - ******сан.

теріс сан.

2. Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді - *****сан  болады.

оң сан.

3. Теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтінді - *****сан  болады.

теріс сан.

4. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - ******сан.

оң сан.

Қызықты математика.

1.VIІ ғасырда өмір сүрген үнді математигі Брахмагупта оң сандарды «мүлік», теріс сандарды «қарыз» түсінігімен байланыстырған. Оң және теріс сандарды қосу ережелерін былай айтқан: «екі мүліктің қосындысы мүлік», «екі қарыздың қосындысы қарыз».

2. ЕЖЕЛГІ ЕРЕЖЕЛЕР

Менің досымның досы – менің досым   (+Х)∙(+Х) =)+Х)

Менің дұшпанымның досы - менің дұшпаным   (-Х)∙(+Х)=(-Х)

Менің досымның дұшпаны - менің дұшпаным (+Х)∙(-Х)=(-Х)

Менің дұшпанымның дұшпаны - менің досым (-Х)∙(-Х)=(+Х)

3. Швейцариялық математик Леонард Эйлер теріс сандарды көбейтуді қалай түсіндірген?

хvӀӀ ғасырда швейцариялық атақты математик және әрі механик ғалым Леонард Эйлердің түсіндіруі бойынша теріс санды теріс санға көбейтуді (-7) ∙5 = -35.

Онда -7-ге -5-ті көбейтсек - 35, яғни көбейткіштердің біреуі қарама - қарсы санға өзгерсе көбейтінді де қарама - қарсы санға өзгереді деген. (-7)∙(-5) =35

Жаңа сабақ

1. Қосудың және көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік заңдарын математикалық тілде жазыңдар.

a + b = b + a; a ∙ b = b ∙ a

Мысалы:

0,7 + 1,2 = 1,2 + 0,7 = 1,9

-0,3∙ 0,4 = 0,4 ∙ (-0,3) = - 0,12

a + (b + c) = (a + b) + c;

-0,7 + 1,2 + (-0,3) = (-0,7+(-0,3))+1,2 = 0,2

a ∙ (b ∙ c) = (a ∙ b) ∙ c

0,2 ∙ 3,2 ∙ (-0,5) = (-0,5 ∙ 0,2) ∙ 3,2 = -0,32

Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік қасиеті:

Қосындыны санға көбейту үшін қосылғыштардың әрқайсысын санға көбейтіп шыққан нәтижелерін қосу керек.

Тапсырма 1

Көбейтудің әдісін пайдалана отырып, амалдарды орындаңдар:

Тапсырма 2

Көбейтудің терімділік заңын қолдана отырып, жақшаны ашыңдар:

1) -4(a-2b+3с-0,5):

2) -у(х+у-3);

3) -2а(+в-4);

4) x(-x+2y+1);

5)-5x(x-0.2y+0.6n-1.8);

6) с(-3а+2с-d+1).

Тапсырма 3

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар.

Сергіту сәті: Логикалық есеп.

Талдан ұшты топ көгершін,

Емес бірақ көп көгершін.

Алдында оның бастауышы,

Артында төртеу қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ.

Соңында оның біреуі қалып келеді,

Алдында төртеу топ келеді.

Үшеуі қатар жарысқан,

Тізіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Көгершін нешеу есепкер?

Жауабы : бесеу

Жұптық жұмыс

Жауабы:0

Жауабы: -1

Үй тапсырмасы:

Сабақты қорытындылау:

Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?

Неліктен?

Жұмыста нені ескермедіңіздер?

Неліктен?

Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Рефлексия:

1. Нені үйрендім?

2. Нені білгім келеді?

3. Нені түсінбедім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу