Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.17 рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы -Таңбалары әр түрлі рационал сандарды көбейтуге есептер шығара алады; -рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік, үлестірімділік қасиеттерін біледі;
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Бөлім бойынша лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қолданбалы математика есептері | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру | ||||||
Бастапқы білім | Рационал сандарды көбейту | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Ұйымдастыру кезеңі. 1 - 2 мин | Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шырылдады қоңырау. Біз сабақты бастаймыз, Партамызға отырып . Өзара көз тастаймыз, Табыс тілеп көзбенен Жаңа білім алуға, Алға қадам бастаймыз! Әрі қарай сабағымызды бастаймыз. | Презентация | |||||
Сабақтың басы 3 – 9 мин | Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша тапсырмалар: «Қатесін тап» 1) – 8,4 + (– 8,4) = 0; (– 16,8) 2) (– 6,7) . (– 10) = – 67; (67) 3) (– 2,2) + 3,5 = 1,3; 4) – 13 – 8 = – 5; (– 21) 5) 15 – 18 = – 13; (– 3) 6) 7,4 – (– 3,2) = – 10,6; (10,6) 7) – 9 . 6 = – 54; 8) – 3,6 . 1 = –1; (– 3,6) 10) – 3,7 . 0 = – 3,7. (0) Білім жаңғырту. Сөйлемді аяқтаңыз: 1. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - ******сан. Ж: теріс сан. 2. Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді - *****сан болады. Ж: оң сан. 3. Теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтінді - *****сан болады.Ж: теріс сан. 4. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - ******сан. Ж: оң сан. Оқушылардың өздері жауабын ұсынады. | Презентация | |||||
Қызықты математика.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында тарихи деректерге үңілейік. 1.VIІ ғасырда өмір сүрген үнді математигі Брахмагупта оң сандарды «мүлік», теріс сандарды «қарыз» түсінігімен байланыстырған. Оң және теріс сандарды қосу ережелерін былай айтқан: «екі мүліктің қосындысы мүлік», «екі қарыздың қосындысы қарыз».2. ЕЖЕЛГІ ЕРЕЖЕЛЕРМенің досымның досы – менің досым (+Х)∙(+Х) =)+Х) Менің дұшпанымның досы - менің дұшпаным (-Х)∙(+Х)=(-Х)Менің досымның дұшпаны - менің дұшпаным (+Х)∙(-Х)=(-Х)Менің дұшпанымның дұшпаны - менің досым (-Х)∙(-Х)=(+Х) 3. Швейцариялық математик Леонард Эйлер теріс сандарды көбейтуді қалай түсіндірген? Ж: хvӀӀ ғасырда швейцариялық атақты математик және әрі механик ғалым Леонард Эйлердің түсіндіруі бойынша теріс санды теріс санға көбейтуді (-7) ∙5 = -35. Онда -7-ге -5-ті көбейтсек - 35, яғни көбейткіштердің біреуі қарама - қарсы санға өзгерсе көбейтінді де қарама - қарсы санға өзгереді деген. (-7)∙(-5) =35 | |||||||
Сабақтың ортасы 10 – 22 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру. 1.Қосудың және көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік заңдарын математикалық тілде жазыңдар. a + b = b + a; a ∙ b = b ∙ a Мысалы: 0,7 + 1,2 = 1,2 + 0,7 = 1,9 -0,3∙ 0,4 = 0,4 ∙ (-0,3) = - 0,12 a + (b + c) = (a + b) + c; -0,7 + 1,2 + (-0,3) = (-0,7+(-0,3))+1,2 = 0,2 a ∙ (b ∙ c) = (a ∙ b) ∙ c 0,2 ∙ 3,2 ∙ (-0,5) = (-0,5 ∙ 0,2) ∙ 3,2 = -0,32 Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік қасиеті: қосындыны санға көбейту үшін қосылғыштардың әрқайсысын санға көбейтіп шыққан нәтижелерін қосу керек. (a+b)c = ac + bc; (a-b)c = ac - bc; 2. Заңдарды қолдана отырып, есептеңдер: Тапсырма 1 Көбейтудің әдісін пайдалана отырып, амалдарды орындаңдар: а) -500,9 (-2) (-0,03), жауабы:-2,7 б) -12,50,25 (-0,6) 0,8 (-4); жауабы:-6 в) - жауабы: г) 0,3 (-4,28)+0,3 (-5,72); жауабы:-3 д) (- жауабы: -7 Тапсырма 2 Көбейтудің терімділік заңын қолдана отырып, жақшаны ашыңдар: 1) -4(a-2b+3с-0,5): 2) -у(х+у-3); 3) -2а(-а+в-4); 4) x(-x+2y+1); 5)-5x(x-0.2y+0.6n-1.8); 6) с(-3а+2с-d+1). Тапсырма 3 Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар. а) -2a +2b; б) xc-xd; в) -14x-21y+28; г) 4 д) -15xy+3yz-9; е) -3с + с2. Бұл жерде оқушылар өздігінен ақпарат алуды үйрену, талдау, өзінің жасаған жұмысына баға беру өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету,сынға дұрыс қарауды дарытады. Мұғалім сұрағы:
| www.for6cl.uznateshe.ru/sochetatelnoe–svojstvo–umnozheniya/
httwww.for6cl.uznateshe.ru/peremestitelnoe–svojstvo–umnozhenie/ https://school-assistant.ru/?predmet=matematika&theme=svoistva_deistvij_s_razionalnimi_chislami Қосымша 1 Математика 6 кл. Ч 2. Дорофеев, Петерсон. 2010 115 бет. | |||||
23 – 24 мин | Сергіту сәті: Логикалық есеп. Талдан ұшты топ көгершін,Емес бірақ көп көгершін.Алдында оның бастауышы,Артында төртеу қостаушы.Және тағы қарасақ,Қайта оны санасақ.Соңында оның біреуі қалып келеді,Алдында төртеу топ келеді.Үшеуі қатар жарысқан,Тізіліп үшеу қалыспан.Ойың жүйрік болса егер,Көгершін нешеу есепкер? Жауабы : бесеу | Презентация | |||||
25 – 36 мин | Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы бекіту. Жұптық жұмыс Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу құндылықтары дарытылады. А деңгейі. Тиімді тәсілмен есептеңдер. а) -2 Жауабы:0 б) -0,25 Жауабы: -1 В деңгейі Теңдеуді шешіңдер. а) 2 Жауабы: б) 3 Жауабы: 2 С деңгейі. Пәтер екі бөлмеден тұрады. Ең үлкен бөлменің ұзындығы , ал ені 4 м. Кіші бөлменің ұзындығы 4 м,ал ені 3. Кіші бөлменің ауданы үлкен бөлменің ауданыннан қаншаға кіші? Жауабы: 8 м Презентациядағы дайын жауаптар бойынша бірін-бірі тексеріп, дескриптор бойынша бағалайды. | Қосымша 1 | |||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үй тапсырмасы: 1. Есепте: а) -2,5 (-0,04); б) 495:(-2,5); 2. Теңдеуді шешіңдер: а) -7(х+8)=0; б) 2(y-5)=0; 3. Жақшаны ашыңдар: -3х(2х-0,2y+n-2,8). Сабақты қорытындылау:
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: 1.Нені үйрендім? 2.Нені білгім келеді? 3.Нені түсінбедім? | Қосымша 2 | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды. | Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?