Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Математика, 6 сынып, презентация.


Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Оқу мақсаттары:

рационал сандарды қосудың қасиеттерін қолданамыз;

рационал сандарды көбейтудің қасиеттерін қолданамыз.

Сұрақтар

Теріс сандарды қосу ережесін айтып бер.

Таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесін айтып бер.

Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту ережесін айтып бер.

Таңбалары бірдей сандарды көбейту ережесін айтып бер.

Ауызша орында.

№1. Бөлек оң және бөлек теріс сандарды қосып, өрнектің мәнін тап.

Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді тиімді ықшамдауға болады.

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

Қосудың терімділік қасиеті.

Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

Көбейтудің терімділік қасиеті.

Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші санның және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады.

Сөзді есепті шығар.

3. Бөлек оң және бөлек теріс сандарды қосып, өрнектің мәнін тап.

«А»

№4. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып есепте:

«А»

№4. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып есепте:

«B»

№5. Тиімді тәсілмен есепте:

«B»

№5. Тиімді тәсілмен есепте:

«С»

№6. Тиімді тәсілмен есепте:

«С»

№6. Тиімді тәсілмен есепте:

Сұрақтар

Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасын айтып бер.

Қосудың терімділік қасиеті қалай әріптермен қалай жазылады?

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасын айтып бер.

Көбейтудің терімділік қасиеті қалай әріптермен қалай жазылады?

Рефлексия

Мен бәрін орындай алдым.

Кейбір тапсырмалар қиындықтар туғызды.

Тапсырмалар мен үшін қиындықтар туғызды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу