Рационал сандарды азайту. Математика, 6 сынып, презентация.
Рационал сандарды азайту
Сабақ мақсаттары: Оқушылар рационал сандарды азайтып үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табады
Бағалау критерийі:Оқушы
Рационал сандарды азайтуға есептер шығарады;
Шарты бойынша мәтін есептерді шығарады;
Координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын табады
Сұрақ:
Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын қалай табамыз?
Рационал сандарды қалай азайтамыз?
Тапсырма 1.
Ойыншылар командасы қарсылас команда қақпасына 5 доп салды, ал өздерінің қақпасына 2 доп жіберіп алды. Әрбір салған доп үшін +1 ұпай, ал жіберіп алған доп үшін (-1) ұпайға ие болды. Ойын нәтижесі қандай? Бұл команда ұтты ма әлде ұтылды ма?Тапсырма 2. Торғай өзінен 7,4 м арақашықтықтағы инелікті қуады. Инелік жылдамдығы 3,7 м/с, ал торғайдың жылдамдығы 5,8 м/с. 1с уақыт өткен соң олардың арақашықтығы неше м болады?
Тапсырма 3. Ауа температурасы таңертең 4С, ал кешке -3С болды. Тәуліктегі температура өзгерісі қандай?
Тапсырма 4. Кестені толтырыңыз:
Тапсырма 5
Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. А нүктесіне -2,5 саны, В нүктесіне оған қарама – қарсы сан сәйкес келеді. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
Тапсырма 6.
Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. CD кесіндісінің ұзындығы 16 см. Кесіндінің ортасы координатасы -5 болатын нүктемен белгіленген. C және D нүктелерінің координаталарын табыңыз
Тапсырма 7. Өрнекті ықшамдаңыз
a+(-b)-(-2a)
–a-(+a)+2b-(-b)
–a-(-b)-4a
–a-(+3a)+(-b)-b
Тапсырма 8. Таңба ережелерін қолданып,жақшаны ашып,есептеңіз
(-14,35)-(-53,5)-(+21,3)-(-163/20)
(-60)-(-15,9)-(+8,2)-(-23,3)
Жеке жұмыс
1 тапсырма. Есептеңіз:
1. 24,6+(-35,9)-(-6,5)+(-5,2)
2. (-32)-(-13,8)-(+26,3)-(-27,5)
2 тапсырма. Марат пен итінің арақашықтығы 108 м. Мараттың жылдамдығы 70м/мин. Иті 27 с соң Маратты қуып жетті. Иттің жылдамдығын тап.
Рефлексия
Сөйлемді аяқта:
- бүгін мен білдім .....
- маған қызықты болды, ....
- осы мәселе бойынша менің ойым ....
- осы мәселені қаталасақ ....
- тапсырмаларды орындау барысында маған көмектесті ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?