Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу.

 

 Оқыту мақсаты: 6.1.2.13

 таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау;

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

 

  •  Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуға есептер шығарады;
  •  Координаталық түзудегі нүктелерді белгілейді

 

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

 

 Таңбалары әр түрлі, екі санды қосу үшін:

 1)Үлкен модульден кіші модульді азайту керек;

 2)Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.

 Мысалы: 1) 9+(-5)=9-5=4 2) (-10)+7=-3

 Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0 – ге тең.

 а+(-а)=0. Мысалы: (-14,9)+(+14,9)=0

 

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.

 Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған сұрақтарға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

 Жедел сұрақ.

 Оқушылардың «Жақын арада даму аймағын» анықтауүшін, «жедел сұрақтар» беріледі. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беруді басты назарда ұстау керек.

 Оң сан деген не? Теріс сан деп

 Қандай санды айтамыз?

 Оң сандар мен теріс сандар координаталық түзуде қалай кескінделеді?

 Оң сандар мен теріс сандарды қалай салыстырамыз?

 Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.

 Барлық оң сандарды, барлық теріс сандарды жаз:

 - 6; 8,1; - 10,5; 37; - 88,89; - 0,097; 674; 45,8; -0,42

  Өсу ретімен орналастыр

 Оқушы тапсырманы жеке орындайды Тапсырманы орындап болған соң слайдтағы дайын жауабымен бір – бірін тексереді.

 Жаубы:

 8,1; 37; 674; 45,8; ( + )

 -6; -10,5; - 88,89; - 0,097; - 0,42. ( - )

  Өсу реті:

 -88,89; -10,5 – 0,42; - 0,097; 8,1; 37; 45,8; 674.

 Жаңа сабақты түсіну

 

 Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту

 Сыныппен жұмыс:

 Таңбалары әр түрлі теріс сандарды қосу

 Есеп. Таңертең ауаның температурасы -3С болды, ал түсте +4С-қа өзгерді (4С – қа жоғарылады). Түсте ауа температурасы неше градус болды?

 Ойлан…

 Шешуі: (-3)+(+4)=1Жауабы: +1

 Оқушыларға көрнекілік ретінде термометрді қолданған абзал. Оқушылардың ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсету кезінде «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, оқушыларды көтермелей отырып, барлық оқушылардың өздерінің білімін тереңдетуге мүмкіндік беру.

 Таңбалары әр түрлі, екі санды қосу үшін:

 1)Үлкен модульден кіші модульді азайту керек;

 2)Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.

 Мысалы: 1) 9+(-5)=9-5=4 2) (-10)+7=-3

 Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0 – ге тең.

 а+(-а)=0. Мысалы: (-14,9)+(+14,9)=0

 Оқушылардың өздері шығаруға мүмкіндік беру. Жауабын негіздеуді сұраған жөн.

 Жаңа сабақты меңгеру.

 Жұптық жұмыс:

 Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұптастыруға болады. Олар жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

 Тапсырма 1.

 Қосуды орындаңыз (ауызша):

  •  18+(-9)
  •  (-21)+14
  •  (-31)+53
  •  32+(-21)
  •  45+(-45)
  •  0+(-31)
  •  (-17)+20
  •  (-70)+10
  •  (-25)+30

 Шешуі: 1)18+(-9)=18-9=9

  2)(-21)+14=-21+14=-7

  3)(-31)+53=53-31=22

  4)32+(-21)=32-21=11

  5)45+(-45)=45-45=0

  6)0+(-31)=0-31=-31

  7)(-17)+20=20-17=3

  8)(-70)+10=-70+10=-60

  9)(-25)+30=30-25=5

 Жауабы: 1) 9 2) -7 3) 22 4) 11 5)0 6) -31 7) 3 8) -60 9) 5

 Тапсырма 2

 Есептеңіз:

  •  (-1,3)+2,5
  •  (-4,6)+1,9
  •  5,1+(-10)
  •  5,8+(-8)
  •  4,5+(-2,8)
  •  2,1+(-5)

 Шешуі: 1) (-1,3)+2,5=2,5-1,3=1,2

 2) (-4,6)+1,9=1,9-4,6=-2,7

 3) 5,1+(-10)=5,1-10=-4,9

 4) 5,8+(-8)=5,8-8=-2,2

 5) 4,5+(-2,8)=4,5-2,8=1,7

 6) 2,1+(-5)=2,1-5=-2,9

 Жауабы: 1) 1,2 2) -2,7 3) -4,9 4) -2,2 5) 1,7 6) -2,9.

 Тапсырма 3

 Есептеңіз:

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

 Шешуі: 1) 2)

 3)

 4)

 5)

 Жауабы: 1) 2) 3) 4) 5) -0,5

 

 Тапсырма 4.

 Координаталық түзуде А(5) және В(-4) нүктелерін белгілеңдер:

  •  С нүктесі А нүктесінен солға қарай (теріс бағытта) 8 бірлік кесіндіге тең қашықтықта жатыр. С нүктесінің координатасын табыңдар.
  •  D нүктесі В нүктесінен оңға қарай (оң бағытта) 6 бірлік кесіндіге тең қашықтықта жатыр. D нүктесінің координатасын табыңдар.

 Жауабы:

  •  С(-3)
  •  D(2)

 Координаталық түзуде сандарды орналастырғанда заңдылықтарды (қанша клетка) сақтау керек.

 Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

 Жаңа сабақты бекіту.

 Өзіндік жұмыс:

 Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

 1 тапсырма. Кестені толтырыңдар

 a

 0,35

 

 96

 -81,7

 -46,8

 b

 -0,35

 

 -18

 6

 51

 a+b

 

 

 

 

 

 

 Жауабы:

 

 a

 0,35

 

 96

 -81,7

 -46,8

 b

 -0,35

 

 -18

 6

 51

 a+b

 0

 0

 78

 -75,7

 4,2

 

 

 2 тапсырма. Қосуды орындаңдар

  •  -3+(-5)+(-7)+2
  •  17+(-2)+(-9)+5+(-7)+9
  •  -8,3+5,6
  •  -9,7+14,3
  •  -9+0,9
  •  14+(-15,91)

 

 Шешуі: 1) -3+(-5)+(-7)+2 = -3-5-7+2 = -13

 2) 17+(-2)+(-9)+5+(-7)+9 = 17-2-9+5-7+9 = 13

 3) -8,3+5,6=-2,7

 4) -9,7+14,3=4,6

 5) -9+0,9=-8,1

 6) 14+(-15,91)=-1,91

 Жауабы: 1) -13 2) 13 3) -2,7 4) 4,6 5) -8,1 6) -1,91

 

 Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

 Мысалы:

  •  егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  •  егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  •  егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  •  егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

 

 Бағалау критерийі

 Дескриптор

 -таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосады;

 Әр түрлі таңбалы рационал сандарды қосады

 Жақшаны ашады

 

 Координаталық түзуде нүктенің координатасын табады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 Математика:Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

 Алматы: «Атамұра» 2002

 https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/butin-sandar/lesson/butin-sandar



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу