Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу.

 

 Оқыту мақсаттары:

  •  6.1.2.13 таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.

 Бағалау критериі: Оқушы:

  •  таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуға есептер шығарады.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

 

 Таңбалары әр түрлі, екі санды қосу үшін:

 1)Үлкен модульден кіші модульді азайту керек;

 2)Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.

 Мысалы: 1) 9+(-5)=9-5=4 2) (-10)+7=-3

 Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0 – ге тең.

 а+(-а)=0. Мысалы: (-14,9)+(+14,9)=0

 

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 

 Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.

 Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған сұрақтарға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

 Жедел сұрақ.

 Оқушылардың «Жақын арада даму аймағын» анықтауүшін, «Сөйлемді аяқтаңыз» тапсырмасы беріледі. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беруді басты назарда ұстау керек.

 Сөйлемді аяқтаңыз:

 1. қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан…

 2. кез келген санның нөлмен қосындысы...

 3. қарама-қарсы сандардың қосындысы...

 4. қарама – қарсы сандардың ... өзара тең

 Жауабы:

 1. қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

 2. кез келген санның нөлмен қосындысы өзіне тең.

 3. қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең.

 4. қарама – қарсы сандардың модульдері өзара тең.

 Оқушы тапсырманы жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң слайдтағы дайын жауабымен бір – бірін тексереді.

 Өтілген тақырыпты есептер шығару арқылы бекіту.

 Жұптық жұмыс: Берілген тапсырмаларды жұпта орындауды тапсыру керек.

 Әр оқушының даму траекториясын қалыптастыру үшін олардың қабілеті мен сұранысына сай кері байланыс беріледі.

 1 – тапсырма

 Фирманың ақша есебінің өзгерісі бірінші айда +5,8 млн тг, екінші айда -3,1 млн тг, ал үшінші айда +0,6 млн тг болды. Фирманың үш айдағы ақша есебінің өзгерісі неше тг? Фирма зиян шеккен бе, әлде пайда тапқан ба?

 Шешуі: +5,8-3,1+0,6= +3,3

 Жауабы: +3,3млн пайда

 

 2 – тапсырма

 Таңертең ауаның температурасы +8 С болды. Түсте +4 С – қа өзгерді. Кешкі ауаның температурасы тұске қарағанда -3 С-қа өзгерсе, түн ортасында тағы да -2 С – қа өзгерді. Түн ортасында ауаның температурасы неше градус болды?

 Шешуі: +8+4-3-2=+7

 Жауабы: +7 градус болды

 

 3 – тапсырма

 Жұлдызшаның орнына «+» немесе «-» таңбасын қойыңдар:

  •  1)*18,4+(*5,9)=-12,5
  •  2)*86,4+(*43,2)=43,2
  •  3)*=-12,25
  •  4)*+(*)=0
  •  5)*5,81+(*3,25)=2,56

 Жауабы: 1)+,- 2)+,- 3)+,+ 4)+,- 5)+,-

 

 4 – тапсырма

  •  Өрнекті ықшамдаңдар:
  •  1) 2,3а+(-3,56а)+7,8а
  •  2) -69,7с+34,83с+(-26,18с)
  •  3)5,36d+(-9,13d)+(-5,46d)
  •  4)-14b+ 8b+(-9)

 Шешуі: 1) 2,3а+(-3,56а)+7,8а=2,3a-3,56a+7,8a=6,45a

 2) -69,7с+34,83с+(-26,18с)=-69,7c+34,83-26,18c=-61,05c

 3)5,36d+(-9,13d)+(-5,46d)=5,36d-9,13d-5,46d=9,23d

 4)-14b+ 8b+(-9)= 14b+ 8b-9=-15b

 

 Жауабы: 1)6,45а 2)-61,05с 3)9,23д 4) -15b

 Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

 Жаңа сабақты бекіту.

 Өзіндік жұмыс:

 Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты көмек қажет болады.

 Мұғалім де оқушылардың күмәнін туғызу үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

 1 тапсырма.

 Ауа шары Жер бетінен 400 м биіктікке көтеріліп алған соң, өзінің ұшу биіктігін -70 метрге өзгертті. Сонан соң тағы да -130 метрге өзгертіп, қайтадан +100 метрге өзгертті. Ауа шары соңғы ретте Жер бетінен неше метр биіктікте болды?

 Шешуі: 400-70-130+100=300Жауабы: 300м

 

 2 – тапсырма

 Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып есептеңдер:

 1) -2,6+(-0,3)+(-1,4)+(-9,7)

 2) 1,5-5,4+(-1,6)+8,5

 3) 4,37+(-3,65)+(-7,35)+6,63

 4) 0,13+(-9,94)+(-2,13)+(-0,06)

 Шешуі: 1)-2,6+(-0,3)+(-1,4)+(-9,7)=-2,6-0,3-1,4-9,7=-4-10=-14

 2)1,5-5,4+(-1,6)+8,5=1,5-5,4-1,6+8,5=10-7=3

 3)4,37+(-3,65)+(-7,35)+6,63=11-11=0

 4)0,13+(-9,94)+(-2,13)+(-0,06)=-10-2=-12

 Жауабы: 1)-14 2) 3 3) 0 4) -12

 

 3 тапсырма.

 Футбол ойынының нәтижесі команданың қарсыластарының қақпасына ұрған доп саны мен (+) өз қақпаларына өткізіп алған доп санының (-) айырмасымен есептеледі. Кестені толтырып,ойын нәтижесін анықта:

 Команда аттары

 Матчтар

 Ойын нәтижесі

 Комета

 +4

 -2

 +1

 +2

 

 Нептун

 -2

 +2

 +3

 -1

 

 Космос

 0

 +1

 -2

 +2

 

 

 Жауабы:

 Команда аттары

 Матчтар

 Ойын нәтижесі

 Комета

 +4

 -2

 +1

 +2

 5

 Нептун

 -2

 +2

 +3

 -1

 2

 Космос

 0

 +1

 -2

 +2

 1

 

 Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

 Мысалы:

  •  егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  •  егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  •  егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  •  егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

 

 Бағалау критерийі

 Дескриптор

 

 Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуға есептер шығарады

 Әр түрлі таңбалы рационал сандарды қосады

 бірдей таңбалы рационал сандарды қосады

 Жақшаны ашады

 Қосудың терімділік және ауыстырымдылық заңын пайдалынп, қосуды орындайды

 

 Нәтижесін жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 «Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011

 google.kz

 https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/raczional-sandar/ulester-zhai-bolshekter/lesson/zhaj-bolshekter-men-aralas-sandardy-qosu-zhane-azajtu

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу