Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу.

 

 Оқыту мақсаты: 6.1.2.13

 таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийлері: Оқушы:

  •  таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін біледі;
  •  таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығара алады..

 

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

 

 Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама – қарсы санды қосу керек.

  ab = a + (– b)

 

 

 Азайту амалының ерекше жағдайлары:

 0 – a = – aa – 0 = aa – a = 0

 

 Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары әр түрлі болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады.

 

 Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары бірдей болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары әр түрлі сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады

 

 Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.

 Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған сұрақтарға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

  Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді.

 Жедел сұрақ. Оқушылар шеңбер құрайды. Мұғалім кез келген бір оқушыға доп лақтырады және сұрақ қояды. Оқушы сұраққа жауап беріп, допты кері қайтарады. Мұғалім осы әрекетті сұрақ санына сәйкес бірнеше рет қайталайды.

 Оқушылардың «Жақын арада даму аймағын» анықтауүшін, «жедел сұрақтар» беріледі. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беруді басты назарда ұстау керек.

 1. Натурал сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді? (N).

 2. Рационал сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді? (Q).

 3. Күн жүйесі жиынына кіретін элементтерді атаңыз (Жер, Марс, Меркурий, Нептун Сатурн, Юпитер, Шолпан, Уран,).

 4. Ауа температурасын өлшейтін құрал қалай аталады? (термометр)

 5. Натурал сандарды қосу амалының қандай қасиеттерін білеміз? (ауыстырымдылық және үлестірімділік)

 6. Кез келген санға қандай санды қосқанда нәтижесі өзгермейді? (нөлді).

 7. Нүктенің координаталық түзу бойында орналасуын қалай түсінесің? (өз сөзімен)

 8. Ауа температурасының 0 градустан жоғары көтерілгені немесе 0 градустан төмен түскенін қалай түсінесің? (өз сөзімен)

 Жаңа сабақты түсіну.

 Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту

 Сыныппен жұмыс: Оқушыларға сұрақ қойылады. Жауабы сыныпта талқыланады.

 Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қалай қосу керек?

 Оқушыларға топтық жұмыс ұсынылады

 Топтық жұмыс (төрт топ).

 Амалдарды орындаңыз және нәтижесін жазыңыз:

 Бұл тапсырмада оқушыларда көптеген сұрақтар туындап, қателіктер кетеді. Алайда оларға бүгінгі сабақта түсіндірілетінін ескерту керек. Есептеуде координаталық түзуді пайдаоануға болатынын ескерту керек.

 1 топ тапсырмасы:

 

 2 топ тапсырмасы:

 

 3 топ тапсырмасы:

 

 4 топ тапсырмасы:

 

 

 Жауабы: 1 топ тапсырмасы: 1)-3 2)5 3)0 4)-6,4

 2 топ тапсырмасы: 1)5 2)-3 3)0 4)6,4

 3 топ тапсырмасы: 1)-3 2)3 3)0 4)1,8

 4 топ тапсырмасы: 1)-3 2)4 3)0 4)-1,8

 Дескриптор:Білім алушы

 -бүтін сандарға сәйкес нүктелерді координаттық түзуде табады;

 -таңбалары әртүрлі сандарды қосады;

 - нәтижесін жазады.

 Әр топ жұмыстарын қалай орындағанын қорғайды.

 Жаңа сабақты меңгеру.

 Оқушыларға жұпта орындауға келесі тапырма беріледі:

 Оқушыларға видеосабақ ұсынылады. Жұпта видеосабақты көріп болғаннан кейін, талқылау ұсынылады. Оқушыларды өздері қорытынды шығаруға жетелеу.

 Bilimland-Арифметика-Бүтін сандар (3 мин)

 Видеосабақ: https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580

 Таңбалары әртүрлі модулдері тең емес екі санды қосу үшін:

 1. үлкен модульден кіші модульді азайту керек;

 2. шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.

 1-мысал

 Қысқаша:

 2 мысал:

 қысқаша:

 3 мысал:

 Бөлімдері бірдей әрі таңбалары оң екі бөлшекті қосқанда бөлімдерін өзгеріссіз қалдырып, алымдарын қосады.

 Мысал:

 Қарама-қарсы бөлшектердің қосындысы нөлге тең. Мысалы,

 Оқушылардың талқылауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

 Сергіту сәті.

 Ал, қазір біз өзіміздің омыртқаларымыздың тынығуына мүмкіндік берейік, және координаттық сәуледе сандардың орналасуын қайталап алайық. Бәріміз орнымыздан тұрамыз. Қолымызды қаусырып, «құлыптап» ұстап, жоғары созамыз. Егер мен оң санды атасам, оң жаққа. теріс санды атасам сол жаққа иілеміз. Мұқият болыңыздар.

 6; -11; -4,5; 6; -9,2; 0; -7; 8; -; 2,23; -2,8; -10; 200; 0.

 Мен 0 цифрын атағанда иілмейсіздер? Неге?

 Жаңа сабақты бекіту.

 Топтық жұмыс:

 Оқушыларға есептер мына ретте бөлінеді:

 

 №1

 №2

 №3

 №4

 1 топ

 1, 2, 3

 1, 2

 №1

  1

 2 топ

 4, 5, 6

 3, 4

 №2

 2

 3 топ

 7, 8, 9

 5, 6

 №3

 3

 4 топ

 10, 11, 12

 7, 8,

 №4

 4

 №1. Есептеңіздер:

 

 

 Жауабы: 1)-0,7 2)-4,7 3)-2,8 4)1,6 5)0,5 6)2,8 7)-3,1

  8)-2,3 9)-0,5 10)-2,4 11)-11,6 12)-0,1

 №2. Есептеңіздер:

 

 Жауабы: №2. 1)1/8 2)10/9 3)-0,5 4)-(1/7) 5)1/4 6)5/6 7)1/3 8)-(4/15)

 Дескрипторлар:

  •  таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосады;
  •  өрнектің мәнін табады.

 

 №3. Кестені толтырыңыздар:

 

 №1

 №2

 №3

 №4

 a

 

 

 

 

 b

 

 

 

 

 

 a+b

 

 

 

 

 

 Жауабы:

 

 №1

 №2

 №3

 №4

 a

 

 

 

 

 b

 

 

 

 

 

 a+b

 

 0

 0

 -75,7

 4,2

 

 №4. сандарының ішінен:

 

 Жауабы: 1)-8 2)3,56 3)-89,76 4)-2(1/4)

 Теңдеулерінің түбірлерін тауып, х-ті орнына қойып, тексеріңіздер.

 Дескрипторлар:

 -теңдеудің белгісіз компонентін өрнектейді;

 -модульдың қасиетін қолданады;

 -рационал сандарға амалдар орындайды;

 -теңдеудің түбірін табады.

 

 

 Топтық жұмысты оқушылар өзара тексереді, мұғалім бақылайды.

 1, 2 тапсырмалар бойынша оқушылардың кеткен қателіктерін дер кезінде түзеп, алдағы уақытта қателеспейтіндей ережнені еске салып кету керек. Себебі қарапайым таңбалары әртүрлі сандарға амалдар қолдануды меңгермесе, қателіктер қайталану мүмкін.

 

 Рефлексия

 1) Рационал сандарды қосуды дұрыс ұғына алдың ба?

 2) таңбалары әртүрлі сандарды қосудың қасиетін қолдана алдың ба?

 3) берілген тапсырмаларды қаншалықты дұрыс жаза білдің?

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 Математика:Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

 Алматы: «Атамұра» 2002

 Видеосабақ: https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу