Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Координаталық түзу көмегімен бүтін сандарды қосу және азайтуСабақ мақсаты
координаттық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу мен азайтуды үйренеді.
Бағалау критерийі: Оқушы
координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.
Координаталық түзу дегеніміз не?
Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді?
Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді?
Координаталық түзуде сандарды қалай кескіндейміз?
Координаталық түзуде бүтін сандарды қалай салыстырамыз?
Термометрді координаталық түзу ретінде пайдалана аламыз ба? Неліктен? Термометрдің оң бағыты қалай қарайды?
Оқу мақсаты:
6.1.2.10 Бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;Бағалау критерийі:
- Рационал сандарға амалдар орындайды.
2
Шешу жолы:
Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына 3 санын қосу үшін А нүктесін оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(11). Яғни 8+3=11.
Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
Шешу жолы:
Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5.
Тапсырма 2. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте -3°-қа өзгерді (3°-қа төмендеді). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
а - в =а +(- в)
Мысалы: 8-3=8+(-3);
9-6 =9+(-6);
-5-7 = -5+(-7);
-11-4 = -11+(-4)
Координаталық түзуде бүтін а санына бүтін в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені
- в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге;
- в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.
Қандай қорытындыға келдіңіздер?
1) Кез келген санға оң санды қоссақ , бастапқыдағы
сан артады
2) Кез келген санға теріс санды қоссақ , бастапқыдағы сан кемиді
3) Кез келген санға нөлді қосқаннан немесе азайтқаннан бастапқыдағы сан өзгермейді
4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ, қосынды 0-ге тең болады
Пайдаланылған әдебиеттер, видеоресурстар:
«Математика» оқулығы 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов, А. «Атамұра» 2015
«Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?