Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Калдыбаева А.Н., Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.10

бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау.

Сабақ

мақсаты

Оқушылар:

  • координаттық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу мен азайтуды үйренеді.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарға қосу және азайту амалдарын орындауда түсінік береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;

оң бағыт; теріс бағыт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • жазуын «а мен b-ның айырмасының модулі» деп оқимыз;
  •   жазуын «а саны мен b санының модульдерінің қосындысы» деп оқимыз;
  • таңбасы бірдей сандарды қосу үшін … керек;
  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін ... керек.

Құндылықты

дарыту

Оқушылар жұптық жұмыстан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді (басқалардың пікірлеріне құрметпен қарау, өз ойларын және пікірлерін талқылау үшін ортаға салу, сұрақ қоя білу және сұраққа жауап беру). «Кездесу» жұптық оқыту әдісі арқылы азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Пәнаралық

байланыстар

Координаталық түзуде берілген нүктелердің координаталарын салыстыру кезінде негізі қаланған білімдерді оқушылар 7-сыныпта физика пәнінен өтетін «график осьтерінің координаталарын және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді білу» оқу мақсатын өткенде қолдана алады.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғымды білу. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

2-7 мин

Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды жұптастырып отырғызу.

Сыныппен жұмыс:

Алдыңғы өткен сабақ мақсатын еске түсіріп, сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын ашамыз (Слайд 1):

1. Координаталық түзу дегеніміз не?

2. Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді?

3. Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді?

4. Координаталық түзуде сандарды қалай кескіндейміз?

5. Координаталық түзуде бүтін сандарды қалай салыстырамыз?

6. Термометрді координаталық түзу ретінде пайдалана аламыз ба? Неліктен? Термометрдің оң бағыты қалай қарайды?

(Слайд 2)

Келесі тапсырманы ауызша шешуге ұсыну:

Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?

Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар? (Оқушылар өз ойларын айтады).

Оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: координаталық түзудің көмегімен бүтін сандарды қосу және азайту. (Слайд 3)

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлерін айтып өту (Слайд 4):

1. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

2. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.

Сабақтың ортасы

7-12 мин

12-17 мин

17-32 мин

32-37 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 1 қайта оралайық (Слайд 5). Оқушыларды ойландыру мақсатында жұппен талқылауға тапсырма беру

(5 мин):

Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?

1. Қалай есептеп таптыңыздар?

2. Есепті координаталық түзуде шешіп көрсетер болсақ қалай болар еді?

3. Ал егер есептің шартында бастапқыдағы температура -3°-қа өзгерсе ше? Бұл жағдайда есепті қарай шығарамыз?

4. Бұл жағдайда есепті координаталық түзу көмегімен қалай шығарамыз?

5. Координаталық түзуде берілген санға оң және теріс сандарды қосу алгоритмін құрыңыздар.

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша фронтальді жұмыс жүргізу. Оқушылардың жауаптарын талқылау және қорытындылау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.

Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына 3 санын қосу үшін А нүктесін оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(11). Яғни 8+3=11. (Слайд 6)

Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5. (Слайд 7)

Осы жерде оқушыларда түсінбеушілік тудырмау үшін азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын түсіндіру, мысал келтіру (Слайд 8):

а +(- в) = а - в

Мысалы: 8-3=8+(-3)

9-6=9+(-6)

-5-7=-5+(-7)

-11-4=-11+(-4)

Берілген тапсырма бойынша оқушылар қандай ереже құрғандарын айтып өтеді және оқушылардың берген дұрыс жауаптарының негізінде координаталық түзудің көмегімен сандарды қосу алгоритмін құрамыз.

Координаталық түзуде а санына оң в санын қосу ережесі:

1. А(а) нүктесін белгілейміз;

2. Осы нүктені оңға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;

3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.

Координаталық түзуде а санына теріс в санын қосу ережесі:

1. А(а) нүктесін белгілейміз;

2. Осы нүктені солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;

3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және айырма осы нүктенің координатына тең.

Осы жұмыстың қорытындысы ретінде мұғалім азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын ескере отырып айтылып өткен екі ережені біріктіріп координаталық түзінің көмегімен сандарды қосу үшін келесі алгоритмді ұсыну (Слайд 9):

Координаталық түзуде бүтін а санына бүтін в санын қосу ережесі:

1. А(а) нүктесін белгілейміз;

2. Осы нүктені

- в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге;

- в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;

3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс нәтижесінде сандарды координаталық түзуде қосуға және азайтуға байланысты бірнеше қорытынды жасайтындарын ескертіп айту. Оқушылардың қателесуінің алдын алу үшін есеп мәтініне назар аударту. (қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға бағыт береді. Дескриптор: Білім алушы

- Координаталық түзуде санды белгілей алады;

- Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады .

№1. Қосу амалы арқылы жаз:

1.А(5) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.

2.В(-6) нүктесі оңға қарай 2 бірлік кесіндіге жылжыды.

3.С(-9) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.

4. D(7) нүктесі оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжыды.

№2. а) Келесі сандарды координаталық түзуде қосыңыз;

ә) Бірінші қосылғыш пен қосындыны салыстырыңыз.

1) 6 және 3;

2) 2 және 5;

3) -2 және 5;

4) -4 және -3;

5) 6 және 0;

6) -5 және 0;

7) -3 және 3;

8) 1 және -1.

Қандай қорытындыға келдіңіздер? Сөйлемді аяқтаңыз:

1) Кез келген санға оң санды қоссақ ...

2) Кез келген санға теріс санды қоссақ ...

3) Кез келген санға нөлді қоссақ ...

4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ ...

№1 және №2 есептер нәтижелерін оқушылар Слайд 10, 11 арқылы өз-өздерін тексереді. Қорытындылар талқыланады (Слайд 12).

Келесі есеп нәтижелерін оқушылар бірін-бірі тақтада жазып қойылған нәтижелер бойынша тексереді. Бұл тапсырмаларды орындау үшін тақтаға оқушы шығаруға болады.

Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс:

№3. Теңіз деңгейінен -24 метрдегі ойпаттан тереңдігі 74 метр шахта қазылған. Шахта түбіндегі зат теңіз деңгейінен неше метр тереңдікте жатады?

№4. Сүңгуір қайық -310 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін +36 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық қандай тереңдікте жүзді?

Қосымша тапсырмалар:

№5. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+3, а+(-4), а-2, а-7 сандарын кескіндеңіз.

№6. Тауар бағасы 1500 теңгеге арзандатылды. Тауардың алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?

Дескриптор: Білім алушы

- координаталық түзуді дұрыс сызады;;

- координаталық түзуде санды белгілей алады;

- координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.

Сабақ барысында қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға қосымша есептер ұсынуға болады (Қосымша 3)

Қосымша 1.

Қолданылған әдебиет:

1. «Математика» оқулығы 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов, А. «Атамұра» 2015

2. «Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Қосымша 5.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

Сабақты қорытындылау:

Өтілген мақсат бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

1.Сабақтың мақсаты қандай болды?

2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек?

3.Нені түсінбедіңдер?

Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алу:

- тақырып бойынша не білемін?

- тағы не білгім келеді?

- не істей аламын?

Үйге тапсырма: №5, 6; тақырыпқа байланысты өмірде кездесетін жағдаяттарды пайдаланып 2 есеп құрастырып келу

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Оқушылар өз-өздерін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптар бірін-бірі және бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көзді демалдыру жаттығуы» жасатылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу