Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану. | Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шынболатова Ғ.Ж., Каражигитова К.Е. | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.7 - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: •координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілеуді үйренеді. | |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: •берілген лексика мен терминалогияны сабақта қолданады; •координаталық түзуді салуды сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: •оң сан; •теріс сан; •бүтін сан; •қарама-қарсы сандар; •координаталық түзу; •санақ басы; •бірлік кесінді; •оң бағыт; •нүкте координатасы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі пәнінен өткен антоним, мағынасы бір-біріне қарама-қарсы (ұзын – қысқа; толық – арық; (қалың – жұқа); күшті – әлсіз) сөздерін қолдану арқылы оң және теріс сандар, қарама-қарсы сандар ұғымын түсінеді. | |||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 мин | Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу. Топқа бөлу: «Сиқырлы сандар» . Сандарға сәйкес әр оқушы өз тобына жайғасады. Актуалдау. Оқушыларға жалпы сұрақ қою: - Оң және теріс сандарға қандай анықтама беруге болады? - Оң және теріс сандарды координаталық түзуде қалай белгілейміз? - 0 саны оң сан ба, әлде теріс сандарға тиісті ме? Тапсырма 1. Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар. •ұзын – қысқа; •толық – арық; (қалың – жұқа) •күшті – әлсіз Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз? Қандай сөздер антоним деп аталады? Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер. Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертегілерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады. Ал математикада қарама – қарсы сөздер (терминдер) кездеседі ме? Балалар мысал келтіреді: қосу және азайту, бөлу және көбейту, оң және теріс сандар. | Қосымша 1. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-15 мин 15-32 мин 30-32 мин 32-37 мин | Жаңа сабақты түсіну Сыныппен жұмыс: Тапсырма 2. Арақашықтықты табыңыз:
Қай нүктелер санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан? Тапсырманы ауызша талқылау. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау: - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеріп, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білу; - таңбалар ережесін дұрыс қолдана білу. Топтық жұмыс: Тапсырма 3. №316 есеп
Кестені толтыру арқылы келесі сұрақтарға жауап береді: - Оң санға қарама – қарсы сан? - Теріс санға қарама – қарсы сан? - Нөлге қарама – қарсы сан? Топтар өз жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді. Дескриптор: Білім алушы - қарама – қарсы сандарды табады; - кестені толтырады; - сұрақтарға жауап жазады. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс: Тапсырма 4. Оқушылар жанында отырған оқушымен бірігіп, келесі есептерді орындайды: №322, №323, №327 №322 есеп
Жауабы: n = - 3 n = - 1,9 n = 5 Дескриптор: Білім алушы - теңдіктегі n мәнін табады; - n санын координаталық түзу бойында кескіндейді. №325 Координаталық түзуде А(-5); В(-3); С(2); D(4) нүктелері берілген. Координаталары осы нүктелердің координаталарына қарама – қарсы сан болатын Е, F, K және L нүктелерін белгілеңдер. Жауабы: E(5); F(3); K(-2); L(-4) Дескриптор: Білім алушы - Е,F,K және L нүктелерінің координаталарын табады; - Е,F,K және L нүктелерін координаталық түзу бойында белгілейді. №327
Дескриптор: Білім алушы
Жұптар бір – бірімен жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді. Жаңа сабақты меңгеру. Сыныппен жұмыс: Таңбалар ережесін анықтаймыз: Таңбалар ережесін талқылау: +(+) = + - (+ ) = - + (-) = - (-)- = + Жеке жұмыс: Тапсырма 5. Оқушылар тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау мақсатында өз бетінше, жеке тест тапсырмасын орындайды. Тест жұмысы: (4 нұсқада) Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. | Қосымша 2. Математика-6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 3. Қосымша 4. Қосымша 5. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40мин | Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында оқушылар берілген тапсырмаларды сыныппен, топпен, жұппен және өзі жеке орындайды. Әрбір оқушының қабілетіне қарай оқу үдерісіне қатысуға қабілетті болуы қамтамасыз етіледі. Барлық оқушыларға өзінің оқудағы жеке жетістіктерін көруге мүмкіндік беріледі. | Топтық жұмыс Ротация әдісі бойынша бағаланады. Мұғалім диалогқа оқушылардың қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Локдаун немесе эвакуация кезінде оқушыларды тыныштыққа шақыру, қауіпсіздік ережелерін нұсқауға сәйкес орындау; Көзілдірік киетін оқушыларды тақтаға қарай жақын отырғызылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?