Cанның модулі. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Жанабаев Н., Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Cанның модулі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.3.1 координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу.

Сабақ

мақсаты

Оқушылар:

  • берілген координаталық түзуде екі нүктенің арақашықтығын табуды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Модульдің геометриялық мағынасын қолданады
  • Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын есептейді

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • сан модулінің мәнін қалай есептеу керектігін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;

оң бағыт; теріс бағыт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • рационал сан ... түрінде жазылуы/ұсынылуы мүмкін;
  • координаталық түзуде.... санын белгілеу үшін, бірлік кесінді...

-координаталық түзудің санақ басының оң (сол) жағына...

Құндылықты

дарыту

Ынтымақтастық: Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу.

Академиялық адалдық: Жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау.

Пәнаралық

байланыстар

Санның модулінің геометриялық мағынасын түсіну физика пәнінен өтетін траектория, жол, орын ауыстыру сияқты физикалық терминдердің мағынасын түсінуге ықпал етеді.

Бастапқы білім

Координаталық түзу, рационал сандар түсінігі, қарама қарсы сандар, санның модулі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Топқа бөлу: қағаз қиындыларында жазылған сандар құпиясын дұрыс табу арқылы оқушылар топтарға бөлініп отырады.
  • Топтағы оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы ұсынылған дайын жауаптарды қолданып бір-бірінің үй жұмысын тексеріп, комментарий жазу арқылы бағалайды.

Сабақтың ортасы

3-6 мин

6-26 мин

26-32 мин

32-37 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Сыныппен жұмыс:

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

Сабақ басында оқушылардың сан модулі туралы білімдерін еске түсіру үшін бір-біріне сұрақ қояды.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.

Топпен жұмыс:

Тапсырма 1.

Тапсырмаларды топта орындау процесін пікір алмасуға, бағалауға негіздей ұйымдастыру.

Оқушылардан берілген шарттарға байланысты нүктелерді сандар түзуінде орналастыруға байланысты графикалық жұмыс жүргізуді сұрау.

1. Сандар түзуінде белгіле:

а) координаталық түзу бойынан А(-4) нүктесін белгілеңіз.

А нүктесінің санақ басынан ( О нүктесінен) бірлік кесінді есебімен қашықтығын табыңыз.

б) координаталық түзу бойынан В(5) нүктесін белгілеңіз.

В нүктесінің санақ басынан ( О нүктесінен) бірлік кесінді есебімен қашықтығын табыңыз.

с) координаталық түзу бойынан Е(-3) және F(3) нүктесін белгілеңіз.

Е(-3) және F(3) нүктелерінің санақ басынан ( О нүктесінен) бірлік кесінді есебімен қашықтығын табыңыз.

Жауаптарды 2 - 5 слайдтар бойынша тексеру.

2. |a - b| және |b - a| өрнектерінің мәнін есептеңіз. Мұндағы

1) a=9, b=5 2) a=9, b= -5

3) a= - 9, b=5 4) a= - 9, b= - 5

Жауаптарды 8 слайд бойынша тексеру.

Дер кезінде оқушыларға кері байланыс беріледі.

Тапсырма 2.

а) 1-жағдай.

Координаталық түзуде берілген А(2) және В(6) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.

|АВ| = |6 - 2|= 4 немесе |АВ| = |2 - 6|= 4

б) 2-жағдай.

Координаталық түзуде берілген А(2) және В(-5) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.

|АВ| = |-5 - 2|= 7 немесе |АВ| = |2 – (- 5)|= 7

с) 3-жағдай.

Координаталық түзуде берілген А(- 1) және В(-5) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.

|АВ| = |-5 – (- 1)|= 4 немесе |АВ| = |- 1 – (- 5)|= 4

Жауаптарды 9, 10, 11 слайдтар бойынша тексеру.

Оқушылардан координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын үш жағдайда есептеп, берілген координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табуда осы жағдайлардың байланысын бақылап, қорытынды шығару ұсынылады

Егер оқушыларда қорытынды шығаруда қиындықтар туындаса,

Берілген координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табуда нені байқадыңыз? деген сияқты сұрақтар қойылады.

Оқушылар өз қорытындыларын шығарады.

Таныстырылым арқылы өз қорытындыларының дұрыстығына көз жеткізеді.

Оқушылардың диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Қорытынды:

Координаталық түзуде берілген А(а) және В(b)

нүктелерінің арақашықтығы координаталарының

айырымының модуліне тең.

|𝒂 −𝒃| немесе |𝒃−а|

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 3.

Сандар түзуінде нүктелердің өзара орналасуын модульдің көмегімен жаз.

1. Координаталық түзу бойындағы А нүктесінен санақ басынан 4,9 бірлік оңға қарай; ал В нүктесі 6 бірлік солға қарай орналасқан.

а) Әр нүктенің координатасы неге тең?

б) Әр координатаның модулі неге тең?

2. А(7); В(-4,3); С(0); D(-2,9); Е(1) нүктелерінің әрқайсысының координатасының модулін жазыңыздар.

3.Берілген нүктелердің арақашықтығын табыңыз.

  • M(- 5,1) және N(- 7,2)
  • C(0) және N(- 12)
  • P(3) және K(-2)

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады..

Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс:

Тапсырма 4.

  • Берілген нүктелердің арақашықтығын табыңыз.
  • А(3) және В(- 11)
  • P() және K(-)
  • |х|=1 2) |х - 3|=4 3) |х - 3|=10 4) |х|=0 түріндегі теңдеулер шешімдерін тауып, берілген координаталық түзумен сәйкестендіріңіз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

1

|х|=1

А

x=-1

x=7

X

2

|х -3|=4

В

x=-7

x=13

Y

3

|х -3|=10

С

x=0

Z

4

|х|=0

D

x=-1

x=1

T

Мұғалім әр оқушыға дер кезінде кері байланыс береді.

Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

Мысалы:

  • егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  • егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  • егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  • егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

- абсолютті шаманың алгебралық және геометриялық мағынасын біледі

- координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын таба алады

Оң сандардың модулін таба алады

Теріс сандардың модулін таба алады

Модулі бар өрнектің мәнін табады

Екі нүктенің арақашықтығын табады.

Теңдеулер шешімдерінің геометриялық кескіндерінің сәйкестіктерін орнатып, өз жауабыңызды түсіндіріп бере алады.

Бағалау

Оқушылар жеке орындап болған соң дайын жауаптар мен дескрипторлар бойынша бағалайды.

Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап, оларға кері байланыс береді.

«Математика» оқулығы

6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов

«Атамұра» 2011

Қосымша 1.

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  • Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1.Нені үйрендім?

2.Нені білгім келеді?

3.Нені түсінбедім?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуы» жасатылады..



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу