Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу. Математика, 6 сынып, презентация.


Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-координаталық түзуде оң сандарды кескіндей алады;

-координаталық түзуде теріс сандарды кескіндей алады.

6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

Оқу мақсаты

Қайталау сұрақтары

Координаталық түзу дегеніміз не?

Қайталау сұрақтары

Координаталық түзу дегеніміз не?

Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.

Қайталау сұрақтары

Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?

Қайталау сұрақтары

Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?

Координаталық түзу бойында 0 саны О(санақ басы) нүктесімен кескінделеді.

Практикалық жұмыс: Асан мен Үсен бір жерден бір-біріне қарама –қарсы бағытта шықты. Асан велосипедпен 5 км/сағ ал Үсен мотоциклмен 20 км/сағ жылдамдықпен жүрді.

Асан мен Үсеннің әрқайсысының 30 минуттан кейінгі орындарын көрсетіңіз?

Практикалық жұмыс: Асан мен Үсен бір жерден бір-біріне қарама –қарсы бағытта шықты. Асан велосипедпен 5 км/сағ ал Үсен мотоциклмен 20 км/сағ жылдамдықпен жүрді.

Асан мен Үсеннің әрқайсысының 30 минуттан кейінгі орындарын көрсетіңіз?

Нұсқау:

Координаталық сәуле сызып, бірлік кесінді (1 см 1 км-ге сәйкес) таңдап алыңыз;

Координаталық сәуленің санақ басы болатын О-нүктесі – қозғалысты бастайтын орны.

Асанның қозғалу бағытын «оң бағыт» деп есептеп, оның 30 минуттағы жеткен қашықтығына сәйкес нүктені табыңыз.Сол нүктенің координатасын оң санмен жазыңыз.

Үсеннің қозғалыс бағыты Асанның бағытына қарама-қарсы болғандықтан, координаталық сәулемен бір түзудің бойында жататын, басталу нүктесі ортақ сәулені сызыңыз.

Сызылған сәуленің бойынан Үсеннің 30 мин жүрген қашықтығына сәйкес нүктені тауып, координатасын теріс санмен жазыңыз.

Координаталық түзу бойында оң сандарды кескіндеу

Таңдап алынған бірлік кесінді О нүктесінің оң жағына, бір-бірімен жалғастырыла, қажетінше бірнеше рет салынады. Мысалы М нүктесі 3,5 санын кескіндейді. Егер осы нүктені координатасымен жазсақ, онда: М(3,5).

Координаталық түзу бойында теріс сандарды кескіндеу

Бірлік кесінді О нүктесінен солға қарай жалғастырыла қажетінше бірнеше рет салынады. Мысалы Р нүктесі -4 санын кескіндейді. Егер осы нүктені координатасымен жазсақ, онда: Р(-4).

Егер координаталық түзу вертикаль орналасса, онда О нүктесінен (санақ басынан) жоғары қарай оң сандар, ал төмен қарай теріс сандар кескінделеді

Жұптық жұмыс

1. Координаталық түзуде -6; -5; 1; 3; 4 бүтін сандарын кескіндеңіздер.

2. Бірлік кесіндісі 5 торкөзден тұратын координаталық түзудің бойында

Кескіндеген сандарыңыздың дұрыстығын бір-біріңіздің дәптерлеріңізге қарап, салыстырыңыздар.

сандарын кескіндеңіздер;

Жұптық жұмыс: Бағалау

Өзіндік жұмыс

Өзіндік жұмыс жауаптары

Үй жұмысы:№310,№ 315

Алдамұратова Т.А., Байшоланов Алматы «Атамұра» 2011 ж.

Рефлексия

Оқу мақсатына жеттіңіз бе?

Сізге сабақ қызықты болды ма?

Сізге сабақтың қай бөлімі ұнады?

Сізге бүгінгі тақырыпқа қатысты тағы дайындық қажет деп ойлайсыз ба?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу