Координаторы түзуде рационал сандарды кескіндеу. Математика, 6 сынып, презентация.


Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-координаталық түзуде оң сандарды кескіндей алады;

-координаталық түзуде теріс сандарды кескіндей алады.

6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

Оқу мақсаты

Тапсырма: Координаталық түзуде берілген нүктелерді салу

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 - 1964)

Аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткеріҚазақ КСР Ғылым

академиясын  ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

www.ZHARAR.com

Тапсырма: Координаталық түзуде берілген нүктелерді салу

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835—1865)

Қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданындвғы Күнтімес қыстауында дүниеге келген. Шын аты — Мұхаммед Қанафия. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз-әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Ол Омбыдағы кадет корпусында оқыды. Онда Шоқан өте жақсы оқып, терең білім алады. Кейін Шоқан Петербургтегі университетте лекция тыңдап; француз, неміс тілдерін меңгерді. 1857 жылы Батыс Қытайға-Қашқарияға баратын Ресей үкіметі үлкен экспедицияны басқару Шоқан Уәлихановқа тапсырылады. Экспедиция нәтижесі бойынша құнды еңбектер жазады. Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 30-жасында Қапал қаласы, Алтынемел асуында, Тезек ауылында қайтыс болған.

www.ZHARAR.com

Тапсырма: Координаталық түзуде берілген нүктелерді салу

(1911-1989) Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдағанО.Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды.

Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков

Назарбай Қыдырұлы Білиев

Қазақстандық белгілі ғалым – математик, математикалық физиканың дифференциалдық теңдеулері мен функционалдық анализ салаларында маман, оның жалпыланған аналитикалық функциялар, математикалық физика теңдеулерінің шеттік есептері, функционалдық кеңістіктердегі ерекше интегралдық теңдеулер теориясына қосқан үлестері өте зор.

Н.Қ.Білиев 1935 жылыдың 15 қыркүйегінде Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Жарқамыс поселкесінде қызметкер жанұясында дүниеге келген. 1952 жылы Жарқамыс орта мектебін бітірдіН.Қ.Білиев 120 аса ғылыми еңбектер жариялады, оның оқушыларының ішінде 18 ғылым кандидаты, өз оқушылары мен мектептері бар 3 ғылым докторы бар.

Есеп №1

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 м биіктіктегі) шығуға болады. Бұл кәсіби  шаңғышылардың ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Талғар асуынан альпинистер шыңдарды бағындырады. Ал әрі қарай одан биік – тек жұлдыздар.

Тауға көтерілген кезде әр 100 метр сайын ауа температурасы -0,30 С –қа өзгереді. Егер тау етегінде ауа температурасы -10 С болса, онда 2 км биіктіктегі ауаның температурасын анықтаңыз.

Есеп №2

Мысық тышқанды көріп М(4) нүктесінен 6 м/с жылдамдықпен қуа жөнелді. Тышқанның тұрған жері Т(-4) нүктесі. Тышқан мысықты көріп 4,5 м/с жылдамдықпен қаша жөнелді. Мысық тышқанды координаталық түзудің қандай нүктесінде (1 бірлік кесінді 1 м-ге сәйкес деп алынған) қуып жетеді?

Жұптық жұмыс: 1 нұсқа

1. Координаталық түзуді салып, түзуде 0;1; 4; -1; 5; 2,5; -5; -6; -1,5 нүктелерін белгілеңіз.

2. Координаталық түзудің

а) нүктесінен 3 бірлік;

b) нүктесінен 4 бірлік;

с) координаталар басынан 2 бірлік қашықтықта орналасқан нүктелерді табыңыз.

Жұптық жұмыс: 2 нұсқа

1. Координаталық түзуде бірлік кесінді ретінде дәптердің 4 торкөзін алып, нүктелерін белгілеңіз.

2. Координаталық түзуді сызып, түзуде нүктесін белгілеңіз.

а) нүктесінен оң бағытта 5 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені анықтаңыз;

b) нүктесінен сол бағытта 4 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені анықтаңыз;

с) нүктесінен 6 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені анықтаңыз.

3. Координаталық түзуде нүктелеріне қандай сандар сәйкес келеді? Ол сандарды өсу ретімен жазыңыз.

Жұптық жұмыс: 2 нұсқа тапсырмаларына арналған дескриптор

Үй жұмысы:

Бүгінгі сабақта берілген ғалымдар еңбегі бойынша қосымша мәлімет интернет желісін пайдаланып қараңыздар.

2. 5 нүктені, координаталық түзуде салынған 5 нүктемен сәйкестендіру тестін жасап келіңіздер. Келесі сабақта бір біріңіздің сәйкестендіру тестілеріңізді орындайсыздар.

Рефлексия

Оқу мақсатына жеттіңіз бе?

Сізге сабақ қызықты болды ма?

Сізге сабақтың қай бөлімі ұнады?

Сізге бүгінгі тақырыпқа қатысты тағы дайындық қажет деп ойлайсыз ба?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу