Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

 Сабақтың

 мақсаттары

Оқушылар:

  • Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеуді үйренеді;

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

-координаталық түзуде оң сандарды кескіндей алады;

-коордианталық түзуде теріс сандарды кескіндей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- рационал сандар қасиеттері түсінігіне негізделген сандар туралы талқылау жүргізеді;

-рационал сандардың әр түрлі формада жазылуын түсінеді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

рационал сандар;

координаталық түзу;

бірлік кесінді;

санақ басы;

оң бағыт;

теріс бағыт;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- рационал сан ... түрінде жазылуы/ұсынылуы мүмкін;

-координаталық түзуде.... санын белгілеу үшін, бірлік кесінді...

-координаталық түзудің санақ басының оң (сол) жағына...

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық: Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу.

Академиялық адалдық: Жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау.

Патриоттық және жаһандық азаматтық: Оқушыларға Қазақстан ғалымдары және дүниежүзіне әйгілі жері «Шымбұлақ» туралы мағлұматтар беру арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Өз елінің патриоты бола отыра жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Пән

География және физика пәнімен байланыс

Кезең

Ауа райының температурасын

өлшейтін құрал термометр

Ауа райы температурасы туралы есеп қарастырылады.

Жылдамдыққа қатысты есеп қарастылады.

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға Қазақстандық ғалымдар туралы интернет желісінен қосымша мәліметтер қарауға тапсырма берген кезде АКТ қолдану дағдылары дамиды.

Бастапқы білім

Координаталық түзу, рационал сандар түсінігі, қарама қарсы сандар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

  • Оқушылармен амандасу;
  • Оқушылардың көңіл күйлерін, сабаққа дайындығын анықтау;
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаттарды айқындау
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Оқушыларды жұпқа бөлу;

Слайд №1-2

Сабақтың ортасы

7 минут

2 минут

3 минут

3 минут

2 минут

6 минут

2 минут

6 минут

3 минут

Т

Оқушылар топтық жұмыс барысында әр топ оқушылары флипчарт қағазында берілге нүктелерді кескіндейді. Әр тапсырма үшін бөлек координаталық түзу сызулары қажет. Координаталық түзуде берілген нүктелерді салу арқылы Қазақстандық ғалымдардың аттарын оқиды.

Бағалау:

«Ротация» әдісімен бағалайды. Әр топ басқа топтардың жұмысындағы, кескіндеген нүктелердің дұрыстығын және ғалым аттарын дұрыс оқу арқылы бір бірлерін бағалайды. Кері байланыс береді.

Мұғалім жұмыс барысын бақылайды. Оқушылардың рационал сандарды координаталық түзуде кескіндеуді дұрыс орындап жатыр ма, көмек қажетсінген оқушыларға түсіндіреді.

Тапсырма орындалып болған соң тақтада аталған ғалымдардың өмірбаяны мен еңбектері туралы қысқаша мағлұмат береді.

Ұ

Мұғалім фронтальды түрде оқушыларға екі практикалық маңызы бар есепті, шығартып оны оқушылармен талқылайды.

Есепті талқылау барысында Қазақстан жерінде орналасқан «Шымбұлақ» шаңғы курорты туралы қысқаша мағлұмат береді.

Бағалау: Оқушылар өздерінің жазған жауаптарын А4 қағазға жазып, барлығы бір мезгілде көтеріп, мұғалімге көрсетеді.

Мұғалім оқушылар жауабына сай кері байланыс береді.

Бағалау: Оқушылар өздерінің жазған жауаптарын А4 қағазға жазып, барлығы бір мезгілде көтеріп, мұғалімге көрсетеді.

Мұғалім оқушылар жауабына сай кері байланыс береді.

Ж

Оқушыларға жұппен орындауға тапсырма беру. Әр жұпқа екі түрлі тапсырма беріледі, тапсырмалар саны мен күрделілігі бойынша айырмашылықтары бар. Бұл тапсырмаларды саралап беруге болады. Бұл тапсырманы орындау барысында «Темп бойынша саралау» түрі қолданылады.

Бағалау

Оқушылар жұппен орындап болған соң дайын жауаптар мен дескрипторлар бойынша бағалайды.

Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап, оларға кері байланыс береді.

Бөлім: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

дескрипторлар

+\-

1

Координаталық түзуде оң бағытты, санақ басын, бірлік кесіндіні анықтайды.

Санақ басының оң жағынан бастап 1;2,5; 4 ; 5 сандарына сәйкес нүктелерді белгілейді

Санақ басының сол жағынан бастап -6;-5; -1,5; -1 сандарына сәйкес нүктелерді белгілейді

2

нүктесінен 3 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені салады

нүктесінен 4 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені салады

Координаталар басынан 2 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені салады.

Қосымша №2

Флипчарт қағаздары, маркер

Слайд №3-10

http://matematik.kz/mat/56-zhautykov-orynbek-ahmetbekly-turaly.html

Слайд №11

http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/37/

Слайд №12

Қосымша №3

А4 парақтар, маркерлер

Слайд №13-15

Қосымша №3 Қосымша №4

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақты қорытындылау барысында мұғалім оқушылардың бүгінгі оқу мақсаттарына жеткен немесе жетпегендіктерін сұрайды. Жалпы әр оқушының өзінің бақылауы нәтижесінде жетістігі туралы кері байланыс береді.

Рефлекcия

  • Оқу мақсатына жеттіңіз бе?
  • Сізге сабақ қызықты болды ма?
  • Сізге сабақтың қай бөлімі ұнады?
  • Сізге бүгінгі тақырыпқа қатысты тағы дайындық қажет деп ойлайсыз ба?

Үй тапсырмасы: 1. Бүгінгі сабақта берілген ғалымдар еңбегі бойынша қосымша мәлімет интернет желісін пайдаланып қараңыздар.

5 нүктені, координаталық түзуде салынған 5 нүктемен сәйкестендіру тестін жасап келіңіздер. Келесі сабақта бір біріңіздің сәйкестендіру тестілеріңізді орындайсыздар.

Слайд №16-17

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс барысында оқушыларды бір біріне ресурс ретінде пайдалану. Жұптық жұмыс барысында «Темп бойынша саралау» түрі қолданылады.

Оқушыларды бағалаудың өзара бағалау түрі қолданылады. Мұғалім тарапынан бақылау нәтижесі бойынша ( білімді нақтылайтын, қате жерлерді дұрыстайтын кезеңдерінде) сындарлы кері байланыс беру арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың жасайтын жұмыс түрлері оқушылардың әр түрлі қимыл қозғалыс жасауларына бағытталған, партада түзу отыруына, жарықтың сол жақтан түсуіне мән беру. Көзілдірік киетін оқушыларды тақтаға жақын отырғызу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Шартты белгілер:

Ұ= ұжымдық жұмыс;

Т = топтық жұмыс

Ж = жұптық жұмыс

Ө = өздік жұмыс

Қосымша №1

  • Координаталық түзуде бірлік кесінді ретінде дәптердің 4 торкөзін алып нүктелерді кескіндегеннен соң атақты геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик атын оқисыз.
  • Координаталық түзуде, нүктелерді кескіндеген соң, 19 ғасырдың атақты саяхатшы-географ, шығыстанушы, тарихшы ғалым атын оқисыз.
  • Координаталық түзуде нүктелерді кескендеген соң Қазақстан математик ғалымның атын оқисыз.
  • Координаталық түзуде нүктелерді кескіндеген соң Қазақстандық математик ғалым тегін оқи аласыз.

Қосымша №2

Есеп №1: Тауға көтерілген кезде әр 100 метр сайын ауа температурасы -0,70 С –қа өзгереді.Егер тау етегінде ауа температурасы 10 С болса, онда 5 км биіктіктегі ауаның температурасын анықтаңыз.

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына (теңіз деңгейінен 3163 м биіктіктегі) шығуға болады. Бұл кәсіби  шаңғышылардың ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Талғар асуынан альпинистер шыңдарды бағындырады. Ал әрі қарай одан биік – тек жұлдыздар.

Есеп №2: Мысық тышқанды көріп М(4) нүктесінен 6 м/с жылдамдықпен қуа жөнелді. Тышқанның тұрған жері Т(-4) нүктесі. Тышқан мысықты көріп 4,5 м/с жылдамдықпен қаша жөнелді. Мысық тышқанды координаталық түзудің қандай нүктесінде (1 бірлік кесінді 1 м-ге сәйкес деп алынған) қуып жетеді?

Қосымша №3

  • Координаталық түзуді салып, түзуде 0;1; 4; -1; 5; 2,5; -5; -6; -1,5 нүктелерін белгілеңіз.
  • Координаталық түзудің

а)нүктесінен 3 бірлік;

b) нүктесінен 4 бірлік;

с) координаталар басынан 2 бірлік қашықтықта орналасқан нүктелерді табыңыз.

Бөлім: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

дескрипторлар

+\-

1

Координаталық түзуде оң бағытты, санақ басын, бірлік кесіндіні анықтайды.

Санақ басының оң жағынан бастап 1;2,5; 4 ; 5 сандарына сәйкес нүктелерді белгілейді

Санақ басының сол жағынан бастап -6;-5; -1,5; -1 сандарына сәйкес нүктелерді белгілейді

2

нүктесінен 3 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені салады

нүктесінен 4 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені салады

Координаталар басынан 2 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені салады.

Қосымша №4

  • Координаталық түзуде бірлік кесінді ретінде дәптердің 4 торкөзін алып, нүктелерін белгілеңіз.
  • Координаталық түзуді сызып, түзуде нүктесін белгілеңіз.

а) нүктесінен оң бағытта 5 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені анықтаңыз;

b) нүктесінен сол бағытта 4 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені анықтаңыз;

с) нүктесінен 6 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені анықтаңыз.

3. Координаталық түзуде нүктелеріне қандай сандар сәйкес келеді? Ол сандарды өсу ретімен жазыңыз.

Бөлім: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

дескрипторлар

+\-

1

Координаталық түзуде оң бағытты, санақ басын, бірлік кесіндіні анықтайды.

Санақ басының оң жағынан бастап P, S, F нүктелерін белгілейді

Санақ басының сол жағынан бастап N, T, M,D нүктелеін белгілейді

2

нүктесінен оң бағытта 5 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені салады

нүктесінен сол бағытта 4 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені салады

нүктесінен 6 бірлік қашықтықта орналасқан нүктені салады.

3

Координаталық түзуде нүктесіне сәйкес келетін санды жазады.

Координаталық түзуде нүктесіне сәйкес келетін санды жазады.

Координаталық түзуде нүктесіне сәйкес келетін санды жазады.

Координаталық түзуде нүктесіне сәйкес келетін санды жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу