Рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу;

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • Рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн диаграммасы арқылы кескіндей алады;

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-Рационал сандардың ішкі жиындары натурал, бүтін сандарды біледі;

-Эйлер-Венн диаграммасында рационал сандардың ішкі жиындарын белгілей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

-рационал сандардың әр түрлі формада жазылуын түсінеді;

-Эйлер –Венн дөңгелектері арқылы рационал сан жиынының ішкі жиындарын сипаттай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Эйлер-Венн дөңгелектері;

натурал сандар;

Бүтін сандар;

рационал сандар;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- рационал сан ... түрінде жазылуы/ұсынылуы мүмкін;

-Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы.... бейнелеу.

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық: Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу.

Академиялық адалдық: Жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау.

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

биология пәнімен байланыс

Оқушылар үй жануарлары мен қызыл кітапқа

енген аң құстарды жиындарға біріктіру үшін

ортақ қасиеттерін анықтайды

 АКТ қолдану дағдылары

bilimland.kz сайтын қолдану

Бастапқы білім

Координаталық түзу, рационал сандар түсінігі, қарама қарсы сандар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

  • Оқушылармен амандасу;
  • Оқушылардың көңіл күйлерін, сабаққа дайындағын анықтау;
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаттарды айқындау
  • Оқушыларға өздері ұнататын үй жануарлары, құстары, өсімдіктер, қызыл кітапқа енген аң құстар суреттерін таратып беріп, топқа бірігуді ұсыну.
  • «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша олардың топқа бірігуіне не себеп болғанын сұрау арқылы жаңа тақырып пен оқу мақсатын айқындау. Бағалау критерийлерін талдау.

Презентация

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

3 минут

8 минут

5 минут

Т

Оқушылар топпен бірге жиын және жиындар арасындағы байланысты көрсететін Эйлер-Венн дөңгелектері туралы білімдерін, АКТ арқылы BILIM LAND оқыту ресурсын пайдаланып, қайталайды.

Қаралған материал бойынша оқушыларға сұрақтар қойып талдау:

  • Ешқандай элементі жоқ жиын қалай аталады;
  • Жиынға тиісті, тиісті емес элемент қалай белгіленеді;
  • Жиынның ішкі жиыны дегеніміз не? «А жиыны В –ның ішкі жиыны»- деген сөйлемді Эйлер-Венн диаграммасы арқылы көрсетіңіз;
  • Жиындардың бірігуіне мысал келтіріңіз;
  • Жиындардың қиылысуына мысал келтіріңіз;

Т

Топтық жұмыс тапсырмасы:

А) Әр топ өздеріңіздің қалауларыңызбен натурал сандар, бүтін сандар, рационал сандар жиындарын қарастырыңыз.

B) Топтық жұмыс нәтижесін таныстырылым арқылы көрсетіңіз.

С) Таныстырылымда жиынды сипаттаңыз; жиынға тиісті және тиісті емес элементтерді көрсетіңіз; Эйлер- Венн дөңгелектері арқылы ішкі жиындарды бейнелеңіз. Жиындарда алынған қарым-қатынастарды символдар арқылы жазуды да пайдаланыңыз (NZ, 5 N, 3,5 Q және т.б).

Топтық жұмыс нәтижесі, таныстырылымды бағалау дескрипторларын ұсыну:

Бағалау дескрипторлары:

Жиындарды сипаттайды;

Жиындар элементтерін жаза алады;

Жиынның ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы көрсетеді.

Бағалау:

Мұғалім топтық жұмыс барысын бақылап қажет кезінде көмек беріп отырады.

Оқушылар таныстырылымын тыңдап болған соң оқушылады дескрипторлар бойынша бағалап, кері байланыс береді.

Келесі сабақ кезеңінде мұғалім оқушыларға жұптық жұмыс түрін немесе өз бетімен жұмыс түрін ұсына алады. Оқушылар өздерінің қалауымен жұмыс түрін таңдайды. Бұл жұмыс түрінде «оқу ортасы бойынша» саралау жүргізіледі. Сонымен қатар өзіндік жұмыс тапсырмасы жұптық жұмыс тапсырма түріне қарағанда күрделілеу.

Ж

Мұғалім оқушыларға жұптық жұмыс тапсырмаларын таратып береді.

№1 жиындарының Эйлер-Венн диаграммасында жиынының элементтерін белгілеңіз.

№2 жиынының элементтерінен ішкі жиындар құрастырыңыз.

Бағалау

Мұғалім оқушылар жұмысын бақылайды; Оқушылар өздерін дайын жауаптар және дескрипторлар бойынша бағалайды.

Ө

№1

а)-теріс рационал сандар;

b)-натурал сандар;

c) -бүтін сандар;

d) -бүтін теріс сандар

е) А-рационал сандар. және жиындарының Эйлер-Венн диаграммасын құрастырыңыз.

№2,. -жиындарын Эйлер-Венн диаграммасында көрсетіңіз.

Бағалау:

Әр оқушы тапсырманы орындап болған соң өзін тексереді, дұрыс жауаппен салыстырып, дескриптор бойынша бағалайды.

https://bilimland.kz/kk/content/structure/851-math#lesson=11599

Презентация

Флипчарт немесе А3 қағаздары мен маркерлер

Презентация

Қосымша №2

Презентация

Қосымша №3

Презентация

Сабақтың соңы

4 мин

Сабақты қорытындылау барысында мұғалім оқушылардың бүгінгі оқу мақсаттарына жеткен нмесе жетпегендіктерін сұрайды. Жалпы әр оқушының өзінің бақылауы нәтижесінде жетістігі туралы кері байланыс береді.

Рефлекcия

  • Оқу мақсатына жеттіңіз бе?
  • Сізге сабақ қызықты болды ма?
  • Сізге сабақтың қай бөлімі ұнады?
  • Сізге бүгінгі тақырыпқа қатысты тағы дайындық қажет деп ойлайсыз ба?

Үй тапсырмасы: дидактикалық материал

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау жұптық жұмыс кезінде оқушыларды бір біріне ресурс ретінде пайдалану арқылы жүзеге асады.

Саралау әр бір оқушыдан күтілетін нәтиже бойынша жүргізіледі.

Оқушылар білімді бекіту кезеңінде өздерінің қалауымен жұмыс түрін таңдайды. Бұл жұмыс түрінде «оқу ортасы бойынша» саралау жүргізіледі.

Оқушылардың оқуын ілгерлету барысында жүргізілетін бағалау түрлері: өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бақылауы. Бұл бағалау түрлері нәтижесі бойынша мұғалім оқуышларға кері байланыс беріп отырады.

Оқушылардың жасайтын жұмыс түрлері оқушылардың әр түрлі қимыл қозғалыс жасауларына бағытталған, партада түзу отыруына, жарықтың сол жақтан түсуіне мән беру. Көзілдірік киетін оқушыларды тақтаға жақын отырғызу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Шартты белгілер:

Ұ= ұжымдық жұмыс;

Т = топтық жұмыс

Ж = жұптық жұмыс

Ө = өздік жұмыс

Қосымша №1

Қосымша №2 (жұптық жұмыс)

№1 жиындарының Эйлер-Венн диаграммасында жиынының элементтерін белгілеңіз.

№2 жиынының элементтерінен ішкі жиындар құрастырыңыз.

Бөлім: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу;

дескрипторлар

+\-

1

Берілген Эйлер- Венн дөңгелегінде натурал сандар жиыны элементі ретінде 4 санын жазады

Берілген Эйлер- Венн дөңгелегінде бүтін сандар жиыны элементі ретінде -6; 0 сандарын жазады

Берілген Эйлер- Венн дөңгелегінде рационал сандар жиыны элементі ретінде санын жазады

2

Натурал сандар жиынының элементтерін теріп жазады

Натурал сандар жиынынан тиісті емес бүтін сандар жиынының элементтерін теріп жазады

Бүтін сандар жиынына тиісті емес рационал сандар жиынының элементтерін соңғы дөңгелекке теріп жазады

Қосымша №3 (өзіндік жұмыс)

№1

а)-теріс рационал сандар;

b)-натурал сандар;

c) -бүтін сандар;

d) -бүтін теріс сандар

е) А-рационал сандар. және жиындарының Эйлер-Венн диаграммасын құрастырыңыз.

№2,. -жиындарын Эйлер-Венн диаграммасында көрсетіңіз.

Бөлім: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу;

дескрипторлар

+\-

1

Эйлер- Венн дөңгелегінде натурал сандар жиынын көрсетеді

Эйлер- Венн дөңгелегінде бүтін сандар мен теріс бүтін сандар жиынын көрсетеді

Эйлер- Венн дөңгелегінде теріс рационал сандар жиыны мен рационал сандар жиынын көрсетеді.

2

Екі жиынның қиылысуының элементтерін көрсетеді

А\B жиын элементтерін көрсетеді

B\A жиын элементтерін көрсетеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу