Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, презентация.
Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу.
Қарама – қарсы сандар.
Оқу мақсаттары:
6.1.1.4координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;6.1.1.7қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;Сабақ мақсаттары:
- қарама-қарсы сандарды білу;- координаталық түзу анықтамасын білу; - координаталық түзуді салады, координаталық түзуде санақ басын және бірлік кесіндіні анықтай алу;- координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндеп білу.Проблемалық оқыту
Тиін ағаш бұтасындағы ұясынан шығып жоғары, төмен жүгіре берді. Егер тиін ұясынан 3 м қашықтықта болса, қай жерде болады?Бұл сұраққа қанша жауап беруге болады?Тиіннің орнын анықтау үшін не білуіміз керек?Ұяға дейінгі қашықтықты анықтасақ жеткілікті ме?Оқыту практикалық жұмысы 1.
- Горизонталь түзу жүргізіңіз;- О нүктесін белгілеңіз – бұл нүктені санақ басы деп атаймыз;- Бірлік кесінді алыңыз, оны санақ басының оң жағына, сол жағына бір-бірімен жалғастырыла, қажетінше бірнеше рет салыңыз;- Әр нүктеге сәйкес келетін санды жазыңыз;- Координаталық түзуде А(-3) және В(3) нүктелерін белгілеңіз;- Теріс санға қарама – қарсы сан оң сан болады.
Мысалы: -2 және 2; -0,6 және 0,6; ...- Оң санға қарама – қарсы сан теріс сан болады.Мысалы: 2 және -2; 0,6 және -0,6; ...Жеке тапсырма
№1. №2.а) А; В; С нүктелерінің координаталарын табыңыз;в) координаталары осы нүктелердің координаталарына қарама – қарсы сан болатын E; F; K нүктелерін белгілеңіз.Жұптық жұмыс
№1. Саяхатшылар жорыққа шығып, К, М, Р пункттерінде болды. Бұл пункттер лагерьден қандай қашықтықта? №2. а санын координиталық түзуде нүктемен кескіндеңіз:а) а = -6; +3; -5; -8; +10;-2; +7.в) а = 2; -1; 4; -7; 8; -10; -9; +9.№3. Үшбұрышты жалауша тұрған нүктенің координатасы -2, төртбұрышты жалауша тұрған нүктенің координатасы +2. Санақ басын, бірлік кесіндіні белгілей отырып, В, С, D нүктелерінің координаталарын жазыңыз.Көзге жаттығу жүргізу
Зерттеу (шығармашылық) тапсырма
7, 8, 3 және 5 цифрларынан 7 - ге аяқталып, 3 – ке бөлінетіндей әр түрлі төрт сан құрастырыңыз. Өз қалауыңмен бірлік кесіндіні таңдап алып, кез келген екі санды координаталық түзуде кескіндеңізСабақты қорытындылау:
1) Координаталық түзу дегеніміз не? 2) Санақ басы болатын О нүкесінің координатасы неге тең?3) Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? 4) Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар?Рефлексия
Мен бүгінгі сабақта не білдім:Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?