Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану. | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | ||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.4 - координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу. | ||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: •координаталық түзуді салуды үйренеді. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: •берілген лексика мен терминалогияны сабақта қолданады; •координаталық түзуді салуды сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: •оң сан; •теріс сан; •бүтін сан; •қарама-қарсы сандар; •координаталық түзу; •санақ басы; •бірлік кесінді; •оң бағыт; •нүкте координатасы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Координаталық түзу түсінігін қалыптастыру оқушылар 7-сыныпта физика пәнінен өтетін «график осьтерінің координаталарын және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді білу» оқу мақсатын жетік меңгеруе ықпал етеді. | ||||||||||
Бастапқы білім | Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 1-5 мин | Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу және сабаққа қатыстып отырған оқушыларды түгелдеу. Кубизм әдісі бойынша өткен сабақты қайталау. Сыныппен жұмыс: Кубтың әрбір жағында бір сұрақтан жазулы тұрады. Кубты оқушылар лақтырғанда қай сұрақ жоғарғы жағында болса, сол сұраққа оқушылар жауап береді. Куб жағындағы сұрақтар:
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5-15 мин 15-18 мин 18-36 мин | Жаңа сабақты түсіну
1) Түзу сызыңыз, оның бойынан О нүктесін белгілеңіз. 2) Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алыңыз. 3) Түзудің бағытын көрсетіңіз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, мұғалім тақтада 1-суретті көрсетеді. 1 – сурет Мұндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз. 1 минут ойланып, координаталық түзуге өзіміз анықтама беріп көрейік. Бірнеше оқушылардан координаталық түзудің анықтамасы сұралады. Оларға қолдау көрсетіледі. Сосын төмендегі мәтінді оқу ұсынылады. 2-тапсырма. Мәтінді оқу.
Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс: 3- тапсырма.
1)Координаталық түзу дегеніміз не? 2)Санақ басы болатын О нүкесінің координатасы неге тең? (0 саны) 3)Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? ( оң сандар) 4)Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? т.б. Оқушыларға дер кезінде кері байланыс беріледі. Оқушылар тек сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар координаталық түзу жайында ой-түйіндерін айтулары тиіс. Жаңа сабақты бекіту. Топтық жұмыс:
Оқушылар туған күндерін айтып өсу реті бойынша бір қатарға тұрып, 1 – ші, 2 – ші және 3 – ші деп саналып, үш топқа бөлінеді. Топтық жұмыста келесі есептер орындалады. 4-тапсырма
Дескриптор: Білім алушы
1-ші тапсырманы барлық үш топта орындайды. 1 – ші топ: №41, №48. 2 – ші топ: №42, №47(1). 3 – ші топ: №47(2), №52. Топтық жұмысты Ротация әдісімен бағалайды. Бағалау критерийлері:
Топтар бірін-бірі бағалайды. | Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 1. Қосымша 2 Математика: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» 2002 Қосымша 3. Қосымша 4. | |||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. | ||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | |||||||||
Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Топтық жұмыс Ротация әдісі бойынша бағаланады. Мұғалім диалогқа оқушылардың қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады, топ ішінде емін еркін қозғалыста болуына мүмкіндік туғызылады. Топқа бөлу кезінде сегіту жүргізіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?