Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.
Оқыту мақсаты: 6.1.1.7 - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.
Бағалау критерийі:
Оқушы:
- қарама-қарсы сандарды біледі
- берілген санға қарама-қарсы санды табады
- координаталық түзуді сызады
- координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілей алады
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
АНЫҚТАМА: а санына қарама-қарсы сан ( - 1) · а.
«+» таңбасымен жазылған сандар оң сандар деп аталады. «–» таңбасымен жазылған сандар теріс сандар деп аталады. 0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.
Мысалы: 1) өрнегі түрінде жазылады. 2) өрнегі түрінде жазылады.
Мысалы,
Мысалы, өрнегін түрінде жазуға болады.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
- Топқа бөлу.
Оқушыларға екі таңбалы сандар таратылады, осы сандардың цифрларына байланысты заңдылықты анықтап, топтасу ұсынылады. Заңдылық: соңғы цифрлары бірдей оқушылар бірге жұптасады. Мысалы: 45; 35; 55; 95; 65; 15 немесе 19; 59; 49; 29; 39; 69 т.б
Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының топта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді топтық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
1-тапсырма.
Оқушыларды қазақ тілі пәнінен өткен антоним, мағынасы бір-біріне қарама-қарсы (ұзын – қысқа; толық – арық; (қалың – жұқа); күшті – әлсіз) сөздерін қолдану арқылы оң және теріс сандар, қарама-қарсы сандар ұғымын түсінуге жетелеу.
Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.
•ұзын – қысқа;
•толық – арық; (қалың – жұқа)
•күшті – әлсіз
Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз?
Қандай сөздер антоним деп аталады?
Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер.
Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертегілерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады.
Ал математикада қарама – қарсы сөздер (терминдер) кездеседі ме?
Бұл тапсырмада оқушылар қазақ тілінен алған білімдерін қолданып, математикада кедесетін қарама-қарсы терминдерді өздері табулары маңызды.
Математикада қарама-қарсы сөздер: қосу және азайту, бөлу және көбейту, оң сандар және теріс сандар.
2-тапсырма. Арақашықтықты табыңыз:
- О нүктесінен К дейін;
- О нүктесінен Р дейін;
- О нүктесінен М дейін.
Қай нүктелер санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан?
Жауабы:
- О нүктесінен М-нүктесіне дейінгі қашықтық 6см.
- РК,КО,АВ нүктелері санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан.
Тақырыпты зерделеу міндеті мен мақсатын оқушылардың түсінуі үшін, тапсырманы сынып ауқымында талқылау.
3- тапсырма.
Топтық жұмыс:
№316 есеп
а | 12 |
|
|
| -31 |
| 15 |
|
|
-а |
| 0,9 |
| -4 |
| -9 |
| 6 |
|
Кестені толтыру арқылы келесі сұрақтарға жауап береді:
- Оң санға қарама – қарсы сан?
- Теріс санға қарама – қарсы сан?
- Нөлге қарама – қарсы сан?
Жауабы:
а | 12 | -0,9 |
| -4 | -31 | 9 | 15 | 6 |
|
-а | -12 | 0,9 |
| 4 | 31 | -9 | -15 | -6 |
|
Топтар өз жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді.
4-тапсырма.
№322 есеп
- n = -3; 2) – n = 1,9; 3) – n = -5
Жауабы: 1) n = - 3 2) n = - 1,9 3) n = 5
№325
Координаталық түзуде А(-5); В(-3); С(2); D(4) нүктелері берілген. Координаталары осы нүктелердің координаталарына қарама – қарсы сан болатын Е, F, K және L нүктелерін белгілеңдер.
Жауабы: E(5); F(3); K(-2); L(-4)
№327
- – (*5) = - 5
- *(-3,9) = 3,9
- –(*5/8) = 5/8
- *(+0,2) = - 0,2
- – (*0,3) = 0,3
- *( - 0,5) = - 0,5
Жауабы:
- – (+5) = - 5
- - (-3,9) = 3,9
- - (-5/8) = 5/8
- - (+0,2) = - 0,2
- – (- 0,3) = 0,3
- + ( - 0,5) = - 0,5
Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.
4-тапсырма.
1 нұсқа
1) Координаталық түзуде М(6) және К(-5) нүктелерін белгілеңіз. Берілген нүктелерге қарама – қарсы нүктелерді табыңыз.
А) -6 және 5
Б) -6 және -5
В) 6 және 5
2) Берілген нүктелерге қарама қарсы нүктелерді белгілеңіз: -31; 15; -1,3; 5 1/4
А) 31; 15; -1,3; 5 1/4
Б) 31; -15; 1,3; -5 1/4
В) 31; 15; 1,3; -5 ¼
- -3,5 және 15,6 сандарының арасында координаталық түзуде қандай бүтін сандар орналасқан?
А) -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15.
Б) -3; -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15.
В) -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14.
- Теңдеуді шешіңіз: -х=8,5; -х=-4,4
А) х=-8,5; -х=4,4
Б)х=8,5; -х=-4,4
В) х=-8,5; х=-4,4
2 нұсқа
1) Координаталық түзуде М(-5) және К(4) нүктелерін белгілеңіз. Берілген нүктелерге қарама – қарсы нүктелерді табыңыз.
А) 5 және 4
Б) -5 және -4
В) 5 және -4
2) Берілген нүктелерге қарама қарсы нүктелерді белгілеңіз:
1,7; -51; -13; 6 1/3
А) -1,7; 51; 13; -6 1/3
Б) 1,7; -51; 13; 6 1/3
В) 1,7; 51; 13; 6 1/3
- -6,5 және 7,6 сандарының арасында координаталық түзуде қандай бүтін сандар орналасқан?
А) -6;-5;-4;-3;-2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7
Б)-5;-4;-3;-2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7
В) -6;-5;-4;-3;-2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6
- Теңдеуді шешіңіз: -х=-13,5; -х=14
А) х=-13,5; х=-14
Б) х=13,5; х=-14
В) х=13,5; х=14
3 нұсқа
1) Координаталық түзуде М(3) және К(-4) нүктелерін белгілеңіз. Берілген нүктелерге қарама – қарсы нүктелерді табыңыз.
А) -3 және 4
Б) -3 және -4
В) 3 және 4
2) Берілген нүктелерге қарама қарсы нүктелерді белгілеңіз: -6; -23,1; 98; 9 1/5
А) 6; 23,1; -98; -9 1/5
Б) -6; 23,1;- 98; 9 1/5
В) 6; -23,1; 98; 9 1/5
- -5,9 және 11,1 сандарының арасында координаталық түзуде қандай бүтін сандар орналасқан?
А) -5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9;10;11.
Б)-5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9;10.
В) -4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9;10;11.
- Теңдеуді шешіңіз: -х=9,5; -х=-19,3
А) х=9,5; х=19,3
Б) х=-9,5; х=-19,3
В) х=-9,5; х=19,3
4 нұсқа
1) Координаталық түзуде М(-5) және К(6) нүктелерін белгілеңіз. Берілген нүктелерге қарама – қарсы нүктелерді табыңыз.
А) 5 және -6
Б) 5 және 6
В) -5 және -6
2) Берілген нүктелерге қарама қарсы нүктелерді белгілеңіз: -3; -11,1; 65; 10 1/5
А) 3; -11,1; -65; -10 1/5
Б) 3; 11,1; -65; -10 1/5
В) 3; 11,1; -65; -10 1/5
- -6,7 және 9,2 сандарының арасында координаталық түзуде қандай бүтін сандар орналасқан?
А) -6;-5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8.
Б) -6;-5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9.
В) -5;-4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5;6;7;8;9.
- Теңдеуді шешіңіз: -х=3,1; -х=-5
А) х=3,1; х=5
Б) х=3,1; х=-5
В) х=-3,1; х=5
Тест тапсырмасының жауаптары:
1- нұсқа: 2- нұсқа: 3- нұсқа: 4- нұсқа:
1) А 1) В 1) А 1)А
2) Б 2) А 2) А 2) Б
3) Б 3) А 3) А 3) Б
4) А 4) Б 4) В 4) В
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
Математика-6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/butin-sandar/lesson/butin-sandar
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?