Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1. (Ауызша)
Сұрақ:
- Оң және теріс сандарға қандай анықтама беруге болады?
- Оң және теріс сандарды координаталық түзуде қалай белгілейміз?
- 0 саны оң сан ба, әлде теріс сандарға тиісті ме?
Назар аударыңыз. Берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.
•ұзын – қысқа;
•толық – арық; (қалың – жұқа)
•күшті – әлсіз
Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз?
Қандай сөздер антоним деп аталады?
Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер.
Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертегілерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады.
Ал математикада қарама – қарсы сөздер (терминдер) кездеседі ме?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды