Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.3.2 шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін білу; 6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану; 6.3.3.4 дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану; 6.3.1.7 шар мен сфера туралы түсінігінің болуы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
- шеңбер ұзындығының формуласын біледі және қолданады; - дөңгелек ауданының формуласын біледі және қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы
- шеңбер ұзындығының формуласын біледі және қолдана алады; - дөңгелек ауданының формуласын біледі және қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады; - берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді; - пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды; - шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды; - шеңбер ұзындығы мен дөңгелек ауданының формулаларын ауызша тұжырымдамасын жасайды. Бөлім бойынша лексика және терминология - пропорция; - пропорцияның негізгі қасиеті; - пропорцияның шеткі мүшелері; - пропорцияның ортаңғы мүшелері; - пропорцияның белгісіз мүшесі; тура пропорционалдық тәуелділік; кері пропорционалдық тәуелділік; - шеңбердің ұзындығы; - дөңгелектің ауданы; - π саны; - сфера; - сфераның радиусы, сфераның центрі; - шар; - шардың радиусы, шардың центрі. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз; - а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз; - пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек; - пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек; - берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...; - шеңбер ұзындығы ... тура пропорционал болады; - - дөңгелек ауданы ... тура пропорционал болады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өмірмен байланысты есептер | ||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 - 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Үй тапсырмасын тексеру. Ой-қозғау:
| Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||
6 -22 мин | Жұптық жұмыс 1 нұсқа А 1.Пропорцияны тап: 2,8:3,2=2,1:х
А 2. Пропорцияны шеш: =
А 3. Радиусы 8 см – ге тең шеңбер ұзындығын тап.
А 4. Радиусы 4 см дөңгелектің ауданын тап. 50,24см
В 1. Картаның масштабы 1:200000. Жер бетіндегі арақашықтық 10 км болса, картадағы арақашықтықты тап. В 2. Жер участогы 15 км картада 3 см болып белгіленген. Картаның масштабын тап. С 1. 0; 4; 5 және 6 цифрларынан тұратын 5-ке еселік екі таңбалы сандар санын табыңдар? 2 вариант А 1. Пропорцияны тап: 2,4:х=6:1,5
А 2. Пропорцияны шеш: =
А 3. . Радиусы 6 см – ге тең шеңбер ұзындығын тап.
А 4. Радиусы 4 см дөңгелектің ауданын тап.
В 1. Картаның масштабы 1:25000. Картадағы арақашықтық 4 см болса, жер бетіндегі арақашықтықты тап. В 2. Жер участогы 12 км картада 3 см болып белгіленген. Картаның масштабын тап. С 1. 2; 5; 7 және 4 цифрларынан екі таңбалы неше тақ сан құруға болады? Жауаптары:
| Қосымша 1 | |||||||||||||||||||||||||||||
23 – 24 мин | Сергіту сәті. Көзге жаттығу | http://bilimdiler.kz/2013/02/19/sergitu-zhattygu.html | |||||||||||||||||||||||||||||
25 – 37 мин | Жеке жұмыс 1-тапсырма (тәжірибелік тапсырма)
Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма
Дескриптор: Білім алушы
3-тапсырма Суретте берілген фигуралардың периметрін табыңыз. Дескриптор: Білім алушы
| Қосымша 2 | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үйге тапсырма: Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера. №172 есеп Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. 1. Сабақтың мақсаты қандай болды? 2. Мен мақсатқа жеттім бе? 3. Мен не білдім? 4. Мен нені үйрендім? 5. Мен нені түсінбедім? 6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек? | Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011 | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылар сабақта топтық жұмыста бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Жұптық жұмыстарды шығара отырып өз білімдерін шыңдайды. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. | Сергіту сәті көзге жаттығу жұмысы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды