Масштаб. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары 13

Ұзақ мерзімді

жоспар бөлімі:

Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Масштаб

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу

мақсаттары

6.1.1.5 Масштаб ұғымы туралы түсінік;

Сабақ

мақсаттары

Масштаб ұғымымен танысады;

Масштаб табу формуласын түсінеді;

Кішірейту және үлкейту масштабын түсінеді;

Масштаб ұғымының қолданылуын біледі;

Нақты өлшем арқылы картадағы өлшемді;

Картадағы өлшем арқылы нақты олшемді табады.

Бағалау

критерийлері

Білу және түсіну.

Масштаб ұғымымен танысады;

Масштаб табу формуласын түсінеді;

Кішірейту және үлкейту масштабын түсінеді.

Білімін қолдану.

Масштаб ұғымының қолданылуын біледі;

Нақты өлшем арқылы картадағы өлшемді;

Картадағы өлшем арқылы нақты олшемді табады.

Тілдік

мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Масштаб, карта

Нақты /картадағы өлшем,

Үлкейту,кішірейту,

Арақашықтық

Пәндік лексика және терминология:

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері :

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек.

Оқушыларға геометрия есептерін шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қою білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек.

Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Өтілетін материалдар математикалық модельдеу, география және тағы басқа ғылым салаларының мазмұнына сәйкес келеді.

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10064

Бастапқы білім

Екі санның қатынасы. Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

3 минут

Миға шабуыл:

1.Кез-келген үлкен өлшемдерді қағаз бетіне қалай түсіруге болды?

2. Өте кішкентай өлшемдерді қалай қағаз бетіне түсіреміз?

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10064

Сабақтыңортасы

32 минут

Теориялық бөлім: 10 минут

Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды.

Картадағы масштаб:

Егер біз үлкен нысанды жобалағымыз келсе, оның өлшемдерін кішірейтіп сызып жобалаймыз. Егер біз өте кіші нысанды бейнелегіміз келсе, онда оның барлық бөліктерін көру үшін өлшемдерін үлкейтіп көреміз. Сызбаның масштабы бізге нысанның қанша кішірейгендігін немесе қанша үлкейгендігін білуге көмектеседі. Картада міндетті түрде масштаб көрсетіледі. Сондықтан да біз картадағы қашықтықтың нақты қаншаға тең екенін айта аламыз.

Карта – масштабталған сызбаның түрі. Ол тура негізгі өлшемдерімен бейнелеу үшін бір-бірінен алыс орналасқан нысандар арасындағы қашықтықты көрсетеді.

Картадағы масштаб картадағы өлшемнің негізгі өлшемнен қанша есе кішірейтілгенін көрсетеді. 

Мысалы, географиялық картаның масшабы  1 : 50 000 000 болса, онда картадағы ұзындығы 1 см кесіндіге Жер бетінде 50 000 000 см = 500 000 м = 500 км қашықтық сәйкес келеді.

Бұл негізгі өлшемнің 50 000 000 есе кішірейтілгенін білдіреді.

Масштабты көрсету тәсілдері

Сандық масштаб:  1 : 1000. 

Графикалық масштаб:

Атаулы масштаб: 1 см = 10 м. 

Сандық масштаб 1 : 1000 және атаулы масштаб1 см = 10 м, бұл картадағы 1 см Жер бетінде 10 метрге тең екенін білдіреді.

Пратикалық /жұптық жұмыс: 7 минут

Мақсаты: оқушыларды бірін-бірі тыңдауға,уақытты үнемдеу. Жұптар бірін-бірі бағалайды.

1-жаттығу

Масштабы 1 : 2 000 000 болатын картадан Дәурен өз үйінен әжесінің үйіне дейінгі қашықтықты есептеді. Ол қашықтық 12 см-ге тең болды. Дәуреннің өз үйінен әжесінің үйіне дейінгі нақты қашықтықты табыңыз.

Нақты арақашықтық  _________км-ге тең.

2-жаттығу

Маржан 1 : 50 масштабымен бақшасының сызбасын сызды. Нақты бақшаның ұзындығы 1 метрге тең. Маржанның сызбасында бақтың ұзындығы қанша сантиметр болады? 

Бақтың сызбадағы ұзындығы___________ см-ге тең.

3-жаттығу

Сызбада нақты биіктігі 10 м болатын ағаш бейнеленген. Сызба масштабын табыңыз.

Экрандағы дайын жауаппен тексереды

Оқулықпен/жеке жұмыс: 5 минут

Мақсаты: Тақырыпты бекіту, алған білімін қолдана алу.

Өзін-өзі тексеру, бағалау стикер жапсырып беру.

176

1:50 масштабы мен 50:1 масштабының айырмашылығы неде?

177

Мына масштабтардың қайсысында сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен, қайсыснда кіші: 1:20;100:1; 1:10000; 75:1?

178

Ұзындығы: 1)40см; 2)50см; 3) 1дм; 4)10м болатын кесіндінің сызбадағы ұзындығы 1см. Сызба масштабын табыңдар.

Дифференсациялық тапсырма:10минут

Мақсаты: оқушының тақырыпты түсіну деңгейін анықтау. Бағалау сабақ соңында дәптерлерін жинап, жазбаша пікір қалдыру.

А-тобы

  • Сәуле мен Асан екеуі екі қалада тұрады. Қалалардың бір-бірінен қашықтықтығы 50 км. Егер карта масштабы 1 : 400 000 болса, қалалардың арақашықтығы картада неше сантиметр болады?
  • Масштабы 1 : 20 000 болатын картада Айнұрдың мектебі мен үйінің арақашықтығы 15 см-ге тең. Нақты қашықтық неге тең?  

В-тобы

188 Футбол қақпасының ені 7,3 м, биіктігі 2,4м. 1:100 масштабымен футбол қақпсының сызбасын сыз.

189 Масштабы 1:8 сызбадағы сақина диаметрінің ұзындығы 9мм. Осы сақинаның масштабы 1:6 сызбадағы диаметрі қандай болады.

А. 13мм; В 14мм; С 10мм; D 12мм.

С-тобы

  • Болат барлық бөлмелердің масштабталған сызбасын дайындады. Сұрақтарға жауап беріңіз. 

Бөлменің нақты өлшемі 320 см × 280 см, ал сызбадағы өлшемі  16 см × 14 см. Сызбаның масштабы қандай? 

  • Масштабы 1:10 000 картада тік төртбұрышты жер алқабының ұзындығы 12,5 см, ені 8см. Осы жер алқабының ауданын табыңдар

ТА.Алдамұратова,

ТС.Байшоланов

6сынып,математика

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

1.Масштаб дегеніміз не?

2.Масштаб қайда не үшін, пайдаланылады?

3.Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?

Рефлексия

Үйге тапсырма /қайталау, дифференсациялық тапсырмалардың қалғанын аяқтау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылар математикалық мәтінмен жұмыс жасайды. Өзара бірлескен оқу жүзеге асырылады.

Сабақ өз күшіне сенімсіз оқушыларды күшті оқушылармен жұпта жұмыс істеп, көбірек білетін түрде ұйымдастырылған.

Өздігінен жұмыс істеген кезде Сіз жекелеген оқушыларға сұрақтар беру арқылы көмектесе аласыз

Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау

Ауызша және жазбаша жұмыстар

Мәтінмен, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау үшін және қателердің бар-жоқтығын түсіну үшін мұқият қарастырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу