Масштаб. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары 15

Ұзақ мерзімді

жоспар бөлімі:

Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Масштаб

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу

мақсаттары

6.5.1.3

картамен, сызбамен, планмен жұмыс барысында масштабты қолдану;

Сабақ

мақсаттары

-масштаб ұғымын біледі;

-картамен,сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдана алады.

-өлшеу жұмыстан жүгізе алады.

Бағалау

критерийлері

Білу және түсіну.

Масштаб ұғымын есептер шығаруда қолдана алады.

Білімін қолдану.

Масштабты қолданып картадағы өлшемдерді, сызба жұмыстарын жүзеге асыра алады.

Тілдік

мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Масштаб, карта,сызба

Нақты /картадағы өлшем,

Үлкейту,кішірейту,

Арақашықтық

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек.

Оқушыларға геометрия есептерін шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қою білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек.

Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Өтілетін материалдар математикалық модельдеу, география және тағы басқа ғылым салаларының мазмұнына сәйкес келеді.

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10064

Бастапқы білім

Масштаб ұғымы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

8 минут

1.Cәйкестендіру:

Тапсырма: Картада Англия мен Франция арасындағы Ла-Манш бұғазы көрсетілген. Сызғыш пен масштабты қолдана отырып, Көрсетілген қалалар арасындағы арақашықтықты табыңыз.

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10064

Сабақтың ортасы

Минут

27минут

2. Жұптық жұмыс. 10минут

1-Тапсырма

Сызбдағы(нобайдағы) ұшақтың AB, CD, EF ұзындықтарын табу үшін сызғышты қолданыңыз. Содан соң кестені толтырыңыз. Ұшақтың өлшемдерін ондық үлеске дейін жуықтаңыз.

2-Тапсырма

Берілген масштаб пен өлшемдерді қолдана отырып, мына төркөзге төсектің сызбасын сызыңыз.

Жатын төсектің ұзын жағы сол жақ қабырғаға параллель және қабырғадан 0,25 м қашықтықта орналасқан. Төсектің ені 1,5 метр, ал ұзындығы 2 метр.

3.Көз жаттығуы/2минут 8-СЛАЙД

4.Өздік жұмысы/Жабық тест/15минут

1.Лаура Ғабитке масштабы 1 см : 0,2 км болатын, өлшемі 72 см × 54 см-лік, пішіні тік төртбұрышты карта жасап берді. Лаураның өзінің карта үлгісінің өлшемі 245 см × 18 см болатын тік төртбұрыш.

Лаура картасының масштабын табыңыз:

А)1 см : 0,6 км

В)1 см : 1 км

С)1 см : 2 км

Д)1 км : 6 см

2. Ғабиттің картасында А және В нүктелерінің арасы 6 см. Сол нүктелердің арасы Лаураның картасында қаншаға тең?

А)1 см

В) 2 см

С)3 см

Д)18 см

3. А және В нүктелерінің арасындағы нақты арақашықтық 12 км. Олардың арақашықтығы Лаураның картасында қаншаға тең болады?

А)20 см

В)60 см

С)120 см

Д)240 см

4.Егер машинаның нақты ұзындығы 3,75 м болса, онда сызғышты қолдана отырып, машинаның 1см нобайдағы ұзындығын табыңыз.

А)0,75 см

В)1,33 см

С)5 см

Д)37,5 см

Т.А.Алдамұратова,

Т.С.Байшоланов

6сынып,математика

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

1.Масштаб ұғымы басқа қай пәндерде қолданылады деп ойлайсыздар ?

2.Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағұлматтар алдыңыздар?

Рефлексия

Үйге тапсырма /қайталау,

Берілген масштаб пен өлшемдерді қолдана отырып, мына төркөзге гардероб сызбасын сызыңыз.

Гардероб қабырғаның оң жағына қарама-қарсы орналасқан және қабырғаға параллель. Гардеробтың ұзындығы 1,75 метр, ені 0,75 метр.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылар математикалық мәтінмен жұмыс жасайды. Өзара бірлескен оқу жүзеге асырылады.

Сабақ өз күшіне сенімсіз оқушыларды күшті оқушылармен жұпта жұмыс істеп, көбірек білетін түрде ұйымдастырылған.

Өздігінен жұмыс істеген кезде Сіз жекелеген оқушыларға сұрақтар беру арқылы көмектесе аласыз

Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау

Ауызша және жазбаша жұмыстар

Мәтінмен, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау үшін және қателердің бар-жоқтығын түсіну үшін мұқият қарастырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу