Масштаб. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Масштаб | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.5 масштаб ұғымын меңгеру; 6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - масштаб ұғымын түсінеді; - екі санның қатынасын жазады; - пропорция ұғымын біледі; - картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы - масштаб ұғымын түсінеді; - екі санның қатынасын жаза алады; - пропорция ұғымын біледі; - картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | - Оқушылар: - берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады; - берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді; - пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды; - шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды; - картамен/жоспармен/сызбамен жұмыс барысында масштабты қолданады; Бөлім бойынша лексика және терминология - пропорция; - пропорцияның негізгі қасиеті; - пропорцияның шеткі мүшелері; - пропорцияның ортаңғы мүшелері; - пропорцияның белгісіз мүшесі; тура пропорционалдық тәуелділік; кері пропорционалдық тәуелділік; - масштаб; - Жер бетіндегі арақашықтық; - картадағы /сызбадағы/ жоспардағы арақашықтық; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз; - а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз; - пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек; - пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек; - берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...; | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Өмірмен байланысты есептер | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0 - 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша тапсырмалар: «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұраққа жауап алу. Оқушылар өз еркімен шығады. Басқа оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді. Ой қозғау: C-1: Екі санның қатынасы дегеніміз не? С-2: Тура пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не? С-3: Кері пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не? | Презентация | |||||
6 – 13 мин | Топпен жұмыс: Тәжірибелік жұмыс.
Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін әр топ постер қорғайды. | http://www.mathematics-repetition.com/tag/reshenie-zadatch-na-masshtab Қосымша 1 | |||||
14 – 23 мин | Жаңа сабақ: Мұғалім: Географиялық карталарда қалалардың арақашықтығы, үйдің планында үйдің өлшемдері қалай кішірейтіліп беріледі. Мысалы, кітап беті тік төртбұрыш пішінді: ұзындығы 2 дм 1 см, ені 1 дм 4 см. Кітап бетін дәптерге кескіндейік. Ол үшін:
Сызбадағы 1 см кітаптың нақты өлшемінің 7 см-іне тең. Мұны масштабы 1:7 немесе болатын кітап бетінің кескіні дейміз. Географиялық карталар белгілі бір масштабпен дайындалады. Анықтама: Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды. Мысалы: гелграфиялық картаның масштабы 1 : 100 000 болса, онда картаның ұзындығы 1 см кесіндіге жер бетінде 100 000 см = 1000 м = 1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше, жер бетіндегі 1 км қашықтық географиялық картада 1 см кесіндімен кескінделеді.
Екі қаланың картадағы арақашықтығы 3,5 см. Жер бетіндегі арақышықтығы 175 км. Картаның масштабын табыңыздар. Шешуі: 175 км = 175 000 м =17 500 000 см 3,5 : 17 500 000 =1 : 5 000 000 Жауабы: Картаның масштабы: 1 : 5 000 000 немесе
1 : 2 500 000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы 6 см. Екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығын табыңыздар. Шешуі: х- екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы. Масштаб анықтамасын пайдаланып, пропорция құрамыз: Жауабы: 150 км Әр түрлі сызбаларда масштаб әртүрлі сандық мәндерге ие болады. Масштаб географиялық карталарда : 1 : 250 000 000 ; 1 :1 000 000 ; үй бөлмелерінде: 1 :200 ; 1: 250 ; бөлме ішіндегі заттар үшін: 1 :50 ; 1: 10 т.с.с. болады. Кішкене жәндіктердің , ұсақ бөлшектердің өлшемдері сызбада үлкейтіледі. Мұндай жағдайда қатынастың алдыңғы мүшесі оның соңғы мүшесінен үлкен болады. Мысалы: 5:1; 10 :1 ; 100:1 – үлкейту масштабтары. | http://school-assistant.ru/?predmet=matematika&theme=mashtab | |||||
24 – 25 мин | Сергіту сәті. «Көңілді күн» | ||||||
26 – 37 мин | Жалпы сыныппен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар: А деңгейі №123 Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 км, оның картадағы ұзындығы 17 мм. Картаның масштабын табыңыздар. №121 Мектептегі математика кабинетінің 1:400 масштабымен кескінделген планын сызыңыздар. В деңгейі № 131 Сырдария өзені Нарыннан басталып, Арал теңізіне құяды . Сырдария өзенінің ұзындығы 2220 км, оның 1:7 500 000 масштабымен сызылған картадағы ұзындығын табыңыздар. Жауабы: 29,6 см №132 Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүрді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы
Жауабы: 1) 1: 800 000 2) 1 : 1 400 000 С деңшейі №137 Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73 500 м2 . Осы алаңды масштабы 1 :7 000 сызбада кескіндегенде , ұзындығы 5 см тік төртбұрыш шықты. Алаңның жер бетіндегі ені неше метр? Жауабы: 210 м №140. Картада А және В қалаларының арасы 2,8 см, ал В және С қалаларының арасы одан 7 см артық. Егер А және В қалаларының жер бетіндегі арақашықтығы 180 км болса, В және С қалаларының арақашықтығы неше км? Жауабы: 630 км | Қосымша 2 Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. | |||||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үйге тапсырма: Масштаб № №120, №128, №139 Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут) «Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).
| Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылар сабақта жалпы сыныппен графикалық диктантты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Өз беттік жұмыстарды шығара отырып өз білімдерін шыңдайды. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. | Сергіту сәті |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?