Мәтін есептерді пропорция көмегімен шешу. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
«Дәрумендер мен денсаулық»
- Сабақтың алдында 5 оқушы А; В; С; D және Е дәрумендерінің пайдасы туралы хабарлама дайындап келуге тапсырма алады.
- Мұғаліммен бірге бірнеше оқушыдан тұратын шығармашылақ топ «Дәрумендер мен денсаулық» тақырыбына буклет дайындайды.
№3 слайд.
Мұғалім. Кейбір аурулар дәрумендердің жетіспеушілігенен пайда болады. 1880 жылы орыс ғалымы Н.И.Лунин адамдардың ауыру себептерін ашты. Ол табиғи азық-түліктердің құрамында тірі ағзаға қажетті ертеде белгісіз болып келген заттардың болатынын анықтады. Осы заттарды дәрумендер деп атады. Ол барлық физиологиялық процесстердге қатысып, өмір сүруге қажетті регулятор қызметін атқаратынын байқады. Дәрумендер адам ағзасында пайда болмайды немесе жеткіліксіз түрде пайда болады.
Дәрумендер өсуге, дамуға және заттар алмасуына қатты әсер ететін фермент ретінде немесе ферменттер құрамына енеді. Ас құрамында қажетті дәруменнің болмауынан авитаминоз ауруы пайда болады. Қалыпты өмір сүру үшін ас құрамында 20 түрлі дәрумендер болуы тиіс. Олардың кейбіреулерімен танысалық.
Практикалық тапсырмалар.
№1 хабарлама.. . С дәрумені. С дәрумені өте маңызды болып саналады. Ол өте көп мөлшерде итмұрынның жемісінде, қара қарақатта, қырыққабатта, көкжелкенде, пиязда және т.б. болады. Көкөністер мен жемістерден басқа С дәрумені шыршаның қылқандарында лимоннан 7 есе артық болады.
С дәруменінің пайдасы.
С дәрумені ағзаны әртүрлі вирустық және бактериялық инфекциялардан қорғайды.
Адам ағзасын улардан тазартады. Темекі түтінінен бастап жыланнаның уына дейін.
Бауырдың жағдайын жақсартады.
Әртүрлі аллергендердің әсерін азайтады.
Жаралардың, күйіктің жазылуын тездетеді.
Адамның ағзасының сыртқы жаман әсерлерге қарсылығын арттырады. Көптеген ауруларды емдегенде қолданылады.
№ 1 тапсырма. 100 г қара қарақаттың құрамында 0,25 г С дәрумені бар. 1 кг қара қарақаттың құрамындағы С дәруменінің қанша грамм болатынын анықта. Егер үлкен адам ағзасына бір тәулікте 0,05 г С дәрумені қажет болса, 1 кг қара қарақат қанша тәуліктік мөлшерлемеге сай келетінін анықта.
Шешімі:.
Қара қарақат............ С дәрумені
100 г ................ 0,25г
1000 г .............................. х г
№2 хабарлама. Қырыққабатты адамдар өте ерте кезден бастап-ақ тамақ ретінде қолданған. Гиппократтың, Аристотелдің және Плиния Үлкеннің айтуы бойынша ертедегі гректер мен римдіктер жаңа эраға дейінгі 6 ғасырларда қырыққабатты өсірген. Қырыққабаттың құрамында С дәрумені өте көп мөлшерде бар.Аш қарынға таңертең немесе түске дейінгі ішкен 1 стақан қырыққабаттың шырыны адамның жұмыс істеуге қабілетін арттырады, тәбетін ашады және ас қорытуын жақсартады, суық тиюге қарсы тұруға көмектеседі. Ол әсіресе қыста және көктемде пайдалы. Ашытылған қырыққабат туралы айталық.
№2 тапсырма. Қырыққабатты тұздаған кезде ол өзінің салмағының 20% жоғалтады. 10 кг тұздалған қырыққабат алу үшін, 12 кг жас қырыққабат жете ме?
Шешуі:
Килограмм........................... Проценттер
Жас қырыққабат х......................... 100%
Тұздалған қырыққабат 10 ................... 80%
Шешуі:.
Жауабы: Жетпейді, Себебі 12,5 кг қажет.
Сообщение №3. Е дәруменіне өсімдік майы, жармалар және көкөністер бай. Көкөніс салаттарын дайындаған кезде тек майонез бен қаймақты ғана қолданбай, өсімдік майын пайдаланған жақсы.
Е дәрумені несімен пайдалы:
- Иммун жүйесін сақтайды және радиоактивті заттардың теріс әсерлерін әлсіретеді.
- Көз ауруы катарактың дамуын тоқтады.
- Жүрек ауруының алдын алады.
- Адам ағзасын жасартады.
- Шаршауды төмендетеді.
- Күйік жаралардың жазылуын тездетеді.
№3 тапсырма. Күнделікті адам ағзасына қажетті С дәруменінің массасының Е дәруменінің массасына қатынасы 4 : 1-ге қатынасындай. Егер С дәруменін тәулігіне 60 мг қабылдау керек болса, онда Е дәруменінің тәуліктік мөлшерлемесі қанша болады?
Бөліктер ................................................. Миллиграмм
С дәрумені 4.............................................. 60
Е дәрумені 1................................................ х
Шешуі:
Жауабы: 15 г.
Мұғалім. Алма, банан, киви, апельсин, көкбүлдірген және йогурттан тұратын жеміс салатының құрамында А, С, В дәрумендері бар.
Мұғалім. А дәрумені сары майда, балық майында, жұмыртқа сарысында, сүтте, сәбізде, қызанақта және т.б. жемістердің құрамында болады.
А дәрумені несімен пайдалы:
- Алакөлеңкедегі көздің көруінің бұзылуынан сақтайды.
- Ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын арттырады.
- Сүйектің өсуі мен бекуіне, терінің сау болуына жағдай жасайды.
- Обыр ауруына қарсы тұрады.
- Аллергияны емдейді.
- Т.б.
№4 хабарлама. В дәрумені сыра ашытқыларында, тазаланбаған жармалардың дәндерінде, жұмыртқаның сарысында. Бауырда және сүт тағамдарында болады.
Е дәрумені несімен пайдалы:
- Орталық жүйке жүйесі мен мидың жұмысын жақсартады.
- Тағамның қорытуын жақсартады.
- Ағзаның өсуіне әсер етеді.
- Бұлшық еттер мен жүректің жұмысын қалыптастырады.
- Ағзаның ортаның жайсыз әсеріне қарсы тұруын арттырады.
- Ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады.
- Көздің шаршауын азайтады.
- Балалардың өсуіне, сол сияқты тәбетті арттырады.
- Бауыр жұмысын жақмартады.
№4 тапсырма. 12 жастағы оқушы үшін бір тәулікте ішетін сұйықтың 12,5%-ін сүт тағамдары құрайды.Егер ол бір тәулікте 2 л сұйық ішетін болса, онда қанша сүт, айран ішу керек?
Шешуі:
Литр.......................................... Проценттер
Сұйық 2........................................... 100%
Сүт тағамдары. Х................................ 12,5%
Шешуі:.
Жауабы: 0,25 л
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?