Мәтін есептерді пропорция көмегімен шешу. Математика, 6 сынып, презентация.


Тақырыбы:

Мәтінді есептерді пропорцияның

көмегімен шығару

Оқу мақсаттары:

6.1.2.6

шамаларды берілген қатынаста бөлу;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- пропорция ұғымын біледі;

- пайыз ұғымын біледі;

- cанның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шеше алады.

Ой қозғау .

1. Жай бөлшек пен бөлу амалының арасындағы байланысты мысалмен көрсет.

2. Жай бөлшекке мысал келтіріп, оған кері санды тауып, қалай орындағаныңды түсіндіріп бер.

3. АВ кесіндісінің ұзындығы 5см. , СД кесіндісінің ұзындығы 2см. АВ кесіндісінің СД кесіндісіне бөліндісін тап.

Өлшем бірлігін миллиметрге айналдырғандағы бөліндісін жаз.

Бұл екі бөлінді нені білдіреді?

АВ кесіндісі СД кесіндісінен қанша есе үлкен болды?

4. Мына проценттерді бөлшекпен жаз:

6% = ____ ; 12% = ____ ; 25% = ____ ; 75%= ____ ;

1-есеп. Шебер 18 сақина дайындаған уақытта, оның шәкірті 12 сақина дайындайды. Олар бірлесіп жұмыс істеп, 180 сақина дайындады. Шебер неше сақина, шәкірті неше сақина дайындады?

Шешуі:

18 : 12 немесе 3:2 қатынасындай.

3 + 2 = 5

180 : 5 = 36

36 ∙ 3 = 108 ,

36 ∙ 2 = 72

Жауабы: 108 сақина , 72 сақина.

2-есеп: 350 г тұзды су ерітіндісі дайындалды. Ондағы тұздың массасының судың массасына қатынасы 2: 5 қатынасындай. Ерітінді құрамында неше грамм тұз бар? Неше грамм су бар?

Шешуі:

1) 2 + 5 = 7

2) 350 : 7= 50 (г)

3) 50 ∙ 2 =100 (г) , 50 5 =250 (г)

Жауабы: 100 г ; 250 г.

- Шыққан нәтижені қатынас мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке көбейту керек.

Сонымен берілген қатынаста бөлу үшін:

- Берілген қатынас мүшелерінің қосындысын табу керек.

- Санды табылған қосындыға бөлу керек.

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат қағайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып, ұшып қонайық.

 

Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз.

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.

 

Қане, балалар, тұрайық,

Мойнымызды әрлі-берлі бұрайық.

Қомдап алып, қанатыңды ұша ғой,

Қайта оралып, анашыңды құша ғой.

Жеке жұмыс

№1. Оқушы 2 : 1 қатынасындай жол және тор көз дәптер сатып алды. Егер ол 24 дәптер сатып алса, неше жол дәптер сатып алды? Неше тор дәптер сатып алды?

2. Әкесі мен баласы 18 кг алма жинады. Әкесі баласынан 2 есе көп жинады. Әрқайсысы неше килограмм алмадан жинады?

3. Шие тосабындағы шиенің массасының қанттың массасына қатынасы 2:3 қатынасындай. Массасы 3,5кг шие тосабында неше килограмм шие бар? Неше килограмм қант бар?

4. Оқушы 240 беттік кітаптың бірінші күні 5 бөлігін, екінші күні 4 бөлігін, ал үшінші күні қалған 3 бөлігін оқып бітірді. Оқушы әр күнде кітаптың неше бетін оқыды?

№5. Тракторшылар 54 га егістік алқабын үш күнде 2:3:4 қатынасындай өлшемде орып бітірді. Әр күні қанша га жерді орғанын есептеңіздер.

Үйге тапсырма:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Шамаларды берілген қатынаста бөлу. №31; №35.

1. Сабақтың мақсаты қандай болды?

2. Мен мақсатқа жеттім бе?

3. Мен не білдім?

4. Мен нені үйрендім?

5. Мен нені түсінбедім?

6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу